1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері


,2 Жұмыссыздық және оның түрлері



бет7/13
Дата05.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#161322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дип.-Жұмыссыздық-және-жұмысбастылық
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
1,2 Жұмыссыздық және оның түрлері
Шеттелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып , оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қаады. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан түрлері болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық , құрылымдық , техналогиялық және т. б .
Жасырын жұмыссыздық - Өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады . Шын мәнінде , олардыңжұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады .
Фрикциондық жұмыссыздық –еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .
Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салалағында ,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады .
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде ,
сондай – ақ жынысының , жасының , ұлтының , мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін .
Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстру нәтижесінде болады , ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе мамандықта игеруді қажет етеді .
АҚШ Конгресінің , экономикалық статистика комиссиясының жұргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70 – ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен . Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздық нысандарын 2 үлкен негізгі топқа бөледі . Біріншісіне - жиынтық сұранымының жетіспеуіне байланысты болатын , соның ішінде ең алдымен цикілдік жұмыссыздықты жатқызады . Екіншісіне - жиынтық сұранымын өзгеруіне байланыссыз болатын – жұмыссыздықты ( фрикциондық , құралымдық ,технологиялық және басқа нысадары ) жатқызады .
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және функционалдық жұмыссыздық болып табылады . Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады .1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті . Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде – ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды . Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды , 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді .
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми – техникалық прогрес . Ғылыми – техникалық прогрес , жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен
шаруашылық салаларын тудырады , ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді . Жалпы , ғылыми – техникалық ревалюция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру , негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады . Оның ұлғаюы , тұрғындардың әртүрлі қызмет тұрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады . Мысалы , 80 – шы жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80 -90 % , ал Батыс Европада 100 % құрады .
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшелық . Батыс елдерінде жұмыссыз болу – тек қана жұмысты жоғалту ғана емес , сонымен бірге адам өзінің ар – намысын , абырой – беделін жоғалту деп те есептеледі .
Шетелдердегі бағалау бойынша , жұмысты жоғалту , өзінің қасірет – жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен . Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз , жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті , олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды . Осының бәрі еңбек тәттібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді .
Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі . Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін ( адамның еңбек ету қабілеті ) тауар түрінде сату – сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі . Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді , осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады , жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал , аяусыз түрде іріктеу тән . Олар жалқауларды , әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды . Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді , оның жоғары жылжымалылығына , қозғалысына , ширақтығына себепші болады , іскерлік пен белсенділікке ынталандырады . Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұстаным заңы әрекет етеді , ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді . Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі . Өзінің жұмыс күшін , яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады . еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады . Бір сөзбен айтқанда , еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді . Қазіргі біздің экономикамызда жұмыс күшінің тауартабиғатыжөніндегі ғылыми дау
негізінен аяқталды деуге болады . Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады , ал оны өндіріс құрал жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен – сату – сатып алу арқылы жүзеге асады .
Егер де жұмыс күші тауар болса , онда оның құны туралы сұрақ туады . Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай ? Жұмыс күшінің құны , оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады . Әзірше , дүние жүзінің көтеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі , оның жұмыс күші төмен бағаланады . Мысалы , Швейцарияда дір сағаттық еңбек – 30 , Германияда – 28 , Австрияда – 22 , Францияда – 15 доллар тұрады . Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш , қазіргі таңда Қазақстанда , орта шамамен 0,10 доллар ( инфляцияның деңгейін ескеру керек ) құрады .
Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама берудің алдында жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек . Олар : уақытша , құрылымдық және цикілдік .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет