1. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері 5



бет5/11
Дата15.02.2022
өлшемі491,63 Kb.
#131816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Әдістемелік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті. Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.
1-ші субтест. Газетті қолдану. (вербалды сала).
Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды. Жиі кездесетін жауатар мынандай болды: «шапка, ұшақ жасау, газетті жамылу, астыға төсеу, оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар: «палатка етіп, ойынға қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».
Өте көп ұпайлар санын Марат (35), Гүлнәр (33) жинады.
2-ші субтест. Қорытынды.
Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді. 0-ден 5 жауапқа дейін берді. 75 жауап берілді.
Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін түсініп, әңгімелесетін болады. Бір-біріне қонаққа барып, көмектесетін болады».
Ал ерекше деп танылған жауаптар: «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады, ғылымды алға жылжытатын болады, теледидар құрайды, адамдармен бірге оқып - өмір сүретін болады».
3-ші субтест. Бейнелеу. (бейнелік сала).
Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады. Көптеген балалар адам, клоуы, үй суреттерін салды.
Ал ерекше суреттер еркін тақырыпта болды. Олар: түнгі теңіз, шаршаған өзге планеталық адам, бассейндегі қайық, жемістері бар тәрелке.
4-ші субтест. Жасырылған форма.
Мұнда балаларға заттар жасырылып сипатталады. Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады. Жиі берілген жауаптар: шелек, адам, күн, тышқан.
Ерекше сирек жауаптар: тиын (ақша), көйлек, стақандағы шыбын, молекула, су перісі, шанышқы [28].
Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау табиғатын зерттеуге, әрі педагог-психологтар өз қызметтерінде қолдануға, ерекше дарынды, талантты адамдарды іріктеуде кеңінен пайдалануға болады.
Екі аса ерекше дарынды балалардың интеллект құрылымын зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі қолданылды. Бұл тест кәдімгі топтық интеллектуалды тест болып табылады. Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.
Әдістеме атауы: Р. Амтхауердің интеллект құрылымын зерттеу тестісі.
Әдістеме мақсаты: оқушылардың жалпы ақыл-ой деңгейін анықтауға мүмкнідік береді және жекелеген субтестілерді орындаудағы нәтижелілік - оқушылардың интеллектісінің жекелеген құрылымын бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сынауға алынған балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктрі жайлы толық білу үшін, психогеометриялық тест қолдануды ұйғардық.
Психогеометриялық тест.
Әдістеме мақсаты: бес фигураны қалау бойынша жеке психологиялық мінездеме беру.
Әдістеменің жабдықталуы: 5 фигура (квадрат, шеңбер, ирек сызық) бейнелері салынған үлестірмелі бланк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет