1. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері 5



бет9/11
Дата15.02.2022
өлшемі491,63 Kb.
#131816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Әдістеме атауы: ойлаудың рефлексивтілігін бағалау.
Жабдықталуы: зерттеу хаттамалары, сөздері ауыстырылып берілген анаграмалар жазылған тест материалы, уақыт өлшеуіш.
Жүргізу жолы: жұмыс оқушымен жеке дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмыс істей ниетінің болу-болмауы жайлы мәлімет алу маңызды болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы жұмысы келесі нұсқау арқылы түсіндіріледі: “Сіздерге анаграмалар шешу қажет болады, яғни әріптері орын ауысқан сөздер қатары. Әрбір анаграманы сөз шығатындай тез, әрі дұрыс табу керек. Әрбір анаграмманы шешу уақыты тіркеліп отырылады”.
Жұмыс аяқталған соң, зертетуші сыналушыдан анагрмманы қалай шешкенлігін, әріптердің орналасу кезектестігін байқаған-байқамағандығын сұрап, анық жауабын хаттамаға тіркейді.
Нәтижені өңдеу.
Нәтижені өңдеу барысында міндетті түрде ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін және есепті шешу уақытының көрсеткішін, анаграмманы шешу қиындығының рангтық көрсеткіштерін алу керек.
Ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін алу уүшін, әрбір дұрыс шешілген сөзге 1 ұпай және сыналушы егер де анаграмма әріптерінің орналасу кезектестігін тапқан жағдайда 1 ұпай қосылады.
Ойлаудың рефлексивтілігі байқалу дегейінің көрсеткіші сыналушылардың жинаған ұпайларының оның шешілу санына бөлінуі арқылы анықталады.
Уақыт көрсеткіші анаграмманы шешуге кеткен орташа арифметикалық уақытты білдіреді.
Ранг көрсеткіші шешілген анаграмманың ең қиын нөміріне сәйкес келеді.
Сыналушы М.А., 1 к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,3-ті, яғни төменгі даму деңгейін құрайды.
Ал, дамытушы эксперименттен кейін, бұл көрсеткіш 0,6-ны көрсетіп, орташа даму деңгейіне жоғарылады [8].
Сыналушы И.К., 2 к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,4-ті, яғни орташа даму деңгейін ал, дамытушы эксперименттен кейін ол көрсеткіш 0,8-ге артып, жоғары даму деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді. (Қосымша - Ә4).
Әдістеме атауы: “Он сөзді жаттау”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет