1. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері 5



бет1/11
Дата15.02.2022
өлшемі491,63 Kb.
#131816
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3


1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5


1.1. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың сипаттамасы 5


1.2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар 10


2. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 16

2.1. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығы 16


2.2. Тәжірибелік.эксперимент жұмысының нәтижесі 22


ҚОРЫТЫНДЫ 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33



КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет