1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1
соч 6кл, соч 6кл
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Мәдениет дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына , яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін, сөздің шығу тегіне тоқталу керек.
Мәдениет сөзінің мағынасы шаһарлану, қалалық өмірге бейімделу деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде «шаһар» қала деген сөз. «Мәдина» сөзінен шыққан «мәдениет», батыстықтардың тілінде «цивилизация» деп аталады. «Мәдениет» сөзі ІХ ғасырдан бастап қолданылады. Османлы жазушылары бұдан алдын адамзаттың материалдық және рухани дамыған ғасырларын таныту үшін, мәдениет деген мағынадағы «өркендеу», «гүлдену», «жетістік» деген сөздерді қолданғаны белгілі.
Латын тілінде мәдениет дегеніміз cultura – өндеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) – адамдардың өмірі мен қызметін ұымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
Мәдениет ұғымын ежелгі заманғы шығармаларда кездестіруге болады. Ежелгі қала – Полисте мәдениет ұғымы – есі кірмеген баланы естияр азамат, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса, орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте-бірте философиялық мағынаға ие бола бастады.
Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т.с.с.), әр түрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар, қалалық, ауылдық). Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған. Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы – адам. Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігінің қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды. Ежелгі грек мәдениеті мәдени дәстүрлердің бейнесіне айналған аңыздарды сыйлады, сонымен қатар Батыс Еуропа елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуының негізін қалады. Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлестерін қосты. Цицерон шығармаларынан мәдениеттің алдына қойылған міндеті – республикалық құрылысты нығайту болғанын көруге болады.
Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін «Тастағы інжіл» десе болады. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін-өзі құрушы деп есептей бастады. Мәдениет – тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да. «Білім - күш» - дейді Ф.Бэкон. «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін» деп жариялайды Р.Декарт.
Сайып келгенде, күнделікті өмірде «мәдениет» деген сөзді әрбір адамның ауызынан естуге болады. Мәдениет құбылыстарын көптеген ғылымдар – философия, көркем-өнер, эстетика, мораль, дін, т.б. ғылымдар зерттейді. 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін бұл ұғымның 157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді.
«Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастардың қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, фиософия және т.б.) жасауға тырысты және өткен заманнан мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.
Адам өзінің дамуында ұзақ, соқтықпалы, соқпалы жолдан өтті. Адамзат тарихының мыңдаған жылдарға созылған ұзақ кезеңі алғашқы қауымдық құрылысқа келеді. Дүниені көркемдік тұрғыдан танып-білу, ақырында, саналы адамның қалыптасуында септігін тигізді. Дүниемен танысу стихиялы түрде жүрді, әрбір ұғымның артында тірі әрекет, бейне тұрды. Осы кезеңде көркем-өнер ескерткіштері пайда болды. Жер шарының әр жерлерінен, оның ішінде Қазақстанда адамдар мен жануарлардың (мамонт, бизон, бұғы, т.б.) суреттері табылды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кейінгі кезеңдері – мезолит пен неолитте алғашқы металл құралдар қолданыла бастады. Аңшылық, балықшылықпен қатар, адам егіншілік және малшылықпен айналыса бастады.
Алғашқы қауымдық құрылыстың көркем-өнері дүниежүзілік көркем-өнердің одан әрі дамуына негіз болды.
Ежелгі Мысырдың, Шумердің, Иранның, Үндістанның, Қытайдың мәдениеті алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің заңды жалғасы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет