1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


П.А.Сорокиннің мәдениет тұжырымы



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1
соч 6кл, соч 6кл
П.А.Сорокиннің мәдениет тұжырымы. П.А.Сорокин ХХғ. әлеуметтануында өзіндік қолтаңбасын қалдырған орыс ғалымы. Ол мәдениет типтеріне құндылықтар тұрғысынан талдау жасайды. Сорокиннің айтуынша, құндылықтар мәдениеттің негізін құрайды. Қай мәдениет болмасын ол тек әртүрлі құбылыстардың қарапайым жиынтығы ғана емес, ол тұтастық немесе индивидуальдылық, оның барлық құрамдас бөлшектері негізгі принциппен қамтылып, басты бір құндылықты білдіреді. Осындай тұтас мәдениеттің өнерімен білімінің басты жақтары, оның философиясы мен діні, этикасы мен құқығы, оның басты әлеуметтік, экономикалық, саяси ұйым формалары, көп жағдайда оның салт-дәстүрлері, өмір салты, менталитеті – міне осылардың бәрі мәдениеттің негізгі принципі мен басты құндылығын өз бетінше айқындайды. Құндылық – мәдениеттің негізі. Интегралды мәдениеттің барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өзара тәуелді болып келеді, сондықтан оның кез-келген бір бөлігінің өзгеруі қалғандарының да өзгеруіне әкеп соғады. П.А.Сорокиннің мәдениеттің идеационалдық, сезімдік, идеалистік типтерін атап көрсетеді. Мысалы: Орта ғасырлық Батыс Еуропа мәдениетін алып қарайық. Оның басты құндылығы – құдай. Негізгі принципі – бұл дүние жалған дүние, нағыз болмыс тек құдайылық әлемге ғана тән.
Орта ғасырлық сәулет пен мүсін өнері тасқа басылған құран болып табылады. Әдебиетте де діни және христиандық сенім сарыны басым болып келеді. Живопись пен музыка да діни сипатта. Философия да дін мен теология тәрізді басты принцип пен басты құндылықтың – Құдай ұғымының маңына топтасқан. Ғылым христиан дінінің қызметшісіне айналған. Этика мен құқық христиан моралін қайталайды. Саясатта та негізінен теократиялық сипатта және діни-құдайылық принциптерге негізделеген. Экономика саласында да шіркеу ірі жер иеленуші болып табылады. Үстемдік етуші салт-дәстүрлер, өмір салты, ойлау тәсілі осының бәрі өздерінің құдаймен бірлігін көрсетеді. Сезім әлемі, қоршаған орта адам жанының уақытша тұрағы, адам құдай әлеміне енуге және соған тұрарлық болуға ұмтылады. Құдай адам сезімінен де, адам ақылынан да тыс тұрады. Міне осындай принциптерге негізделген мәдени жүйені идеоционалдық деп атайды.
Орта ғасырлық мәдениеттің құлдырауы міне, осы идеоционалдық жүйенің ыдырауымен тығыз байланысты. Бұл құлдырау ХІҮ ғ. сезімдік мәдениеттің алғашқы көріністері пайда болған кезде басталады. Сезімдік (материалистік) мәдени жүйенің басты принципі объективті шындықтың мәні сезімдік дегеннен бастау алады. Соған сәйкес тек қана біздің көргеніміз, естігеніміз, сезім органдары арқылы түйсікпен қабылдағанымыз ғана шындық. Сезімдік шындықтан басқа шындық жоқ. Міне осы принцип, құлдырауға айналған идеоциональдық мәдениет принципімен қақтығысады. Бұл принциптердің қосылуы, органикалық тұтастыққа айналуы ХҮІ ғ. жаңа мәдениеттің пайда болуына әкеп соқты. Оның негізгі алғы шарты, объективті шындық бір жағынан сезімнен тыс, бір жағынан сезімдік. Ол сезімнен тыс және рациональдылықтан тыс аспектілерді, сонымен қатар рациональды және сенсорлық аспектілерді қамтиды. Осы алғышартты іске асыратын мәдени жүйе идеалистік деп аталады. Батыс Еуропалық қайта өркендеу, б.э.д. ІҮ-ҮІ ғғ. классикалық грек мәдениеті негізінен идеалистік сипатта болады. Бұл мәдени жүйе шындықтың тек ізгі – әсем жақтарына ғана назар аударып, оны әсірелеп суреттейді. Ол табиғаттан да, адам бойынан да үйлесімділік пен сұлулықты іздейді. Бұл тенденция, әсіресе, өнерде өзінің толық көрінісін табады. Адамның ізгі бейнесі, өмірге деген құштарлығы – Еуропалық қайта өркендеу өнерінің басты сарындарының бірі.
Бірақ бұл процесс мұнымен тоқтап қалған жоқ. Идеационалдық мәдениет одан әрі құлдырай берді. Ал объективті шындық нақты және оның мәні сенсорлы, немесе сезімдік дегенді ұстаған мәдениет келесі ғасырларда да одан әрі дами берді. Ал ХҮІІ ғ. бастап бұл принцип және оған негізделген мәдени жүйе басымдылыққа ие болады. Оны сезімдік мәдениет (мәдени жүйе) деп атайды. Оның барлық құрамдас бөліктері осы мәдени жүйенің басты құндылығы мен принципінің төңірегіне топтасады. Сезімдік өнердің мақсаты – нәзік сезімдік ләззат беру, көңіл көтеру, шаршаған жүйкені тыңайту. Ол діннен де, моральдан да азат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет