1-дәріс: Мәдениет морфологиясы



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1
соч 6кл, соч 6кл
Мәдениет типологиясы
Жер бетінде 200-ден аса мемлекеттердің бар екені және бұл мемлекеттерде жүздеген халықтар мен этникалық топтардың өкілдері тұратыны мәлім. Бұл халықтардың тілі мен салт-дәстүрлерінде қаншама ұқсастық бар болса, соншама айырмашылық та бар. Сондықтан әлемде бір-бірін дәлме-дәл қайталайтын мәдениеттерді кездестіру мүмкін емес. Осыған орай мынандай заңды сұрақ туады. Осынша көп мәдениеттерді байланыстыратын, топтастыруға мүмкіндік беретін бір негіздер бар ма? Бар болса, ол қандай негіздер? Міне осы сұрақтар мәдениет типологиясының зерттеу объектілері болып табылады.
Типология деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама модель көмегімен талдау, сұрыптау, жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология ғылымда әртүрлі құбылыстардың типтік ерекшеліктерін ашу мақсатында қолданылады (мысалы, құқықтану, саясаттану ғылымдарында мемлекет пен басқару типін анықтау үшін, жаратылыстануда элементтер мен минералдарды, өсімдіктер мен жан-жануарларды сұрыптау мақсатында және т.б.).
Мәдениеттануда мәдениеттерді төмендегідей топтастыруға болады: 1.Дүниетанымдық негізде: Шығыстық және Батыстық мәдениеттер.
2.Діни наным-сенім негізінде: Үнді-буддалық, христиандық, исламдық мәдениеттер.
3.Шаруашылық-мәдени тип негізінде: Отырықшы және көшпелі мәдениеттер.
4. Дәстүрге қатынасына байланысты: Инновациялық және дәстүрлі мәдениеттер.
5.Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың күрделенуіне, техника мен технологияның жетілуіне байланысты: Аграрлық, индустриялық, ақпараттық қоғам мәдениеттері.
6. Хронологиялық негізде: Алғашқы қауымдық құрылыс, антикалық дәуір, орта ғасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман мәдениеттері. Мәдениеттерді сұрыптаудың басқа да көптеген негіздері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет