1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


А.Дж.Тойнбидің мәдениет тұжырымы



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1
соч 6кл, соч 6кл
А.Дж.Тойнбидің мәдениет тұжырымы. Өткен ХХ ғасырдың көрнекті ойшылдарының бірі – А.Дж.Тойнби 21 мәдениет типін атап көрсетіп, оның 13-не талдау жасайды. Мәдениеттердің тіршілік ету уақыты 6 мың жыл. Олар бірінің орнын бірі баспайды, қайта қатар өмір сүреді. Тарихта прогресс, даму да сабақтастық та жоқ. Мәдениеттер оқшау өмір сүргенмен, олардың бір-біріне әсер етуі мүмкін. Мәдениеттердің даму сатылары тек ежелгі, тарих сахнасынан кеткен мәдениеттерге ғана тән. А.Тойнбидің пікірінше Шпенглер кескіні тек өмір сүруін тоқтатқан өркениеттерге ғана қолданылады. Қазіргі өркениеттердің құрып кетуі мүмкін, бірақ олардың жойылып кетуі тарихи қажеттілік емес және бұл процесті алдын ала көріп білу мүмкін емес. Тойнби логикасына сай тарихтың негізінде құдайылық заңдары жатыр, тарих осы заңдылықтар негізінде бір сатыдан екінші сатыға өтіп отырады. Өркениеттердің қалыптасуы да осы заңдарға байланысты, яғни өркениеттердің пайда болуын Тойнби құдайылық құдіреттің әсерімен түсіндіреді.
Әрбір мәдениеттің айқындаушы факторы – дін. Міне, осы дін өркениеттер айырмашылығының негізінде жатыр. Дін арқылы жеке адамдар құдаймен байланысқа түседі. Сөйтіп, олар алдарына қойған тарихи мақсатты іске асырады. Бірақ адамдардың тарихтағы рөлі әр түрлі. Олардың бір бөлігі өмірлік күштен жұрдай, оларға тек еліктеу инстинкті ғана тән, осыған байланысты олар тарихи жасампаздыққа емес. Ал адамдардың басқаларында осындай өмірлік күш бар (Л.Гумилев тілімен айтсақ пассионарлық тән). Сондықтан олар тарихи жасампаздыққа басшылық жасайды. Егер қоғамдағы жеке адамдардың бойындағы еліктеу инстинкті тым жоғары болса қоғам дамуы тежеледі, қоғам біртіндеп құлдырап, соңында ыдырайды. Егер қоғамда бойында өмірлік күші бар адамдар саны жеткілікті болса қоғам одан әрі дамып гүлдене береді. Себебі, элита қоғамдық дамудың белсенді субъектісіне айналады.
Бірақ ұлы адамдар да құдайға тәуелді. Бұқара халықты енжар күйден, қозғалысқа келтіруге қажет күшті олар құдайдан алады. Сөйтіп творчестволық азшылық тарихи процесті қамтамассыз етеді. Алайда, адамдар қол жеткен жетістіктеріне даңдайсымауы, өздерін құдайдан тәуелсізбіз деп санамауы керек. Олардың құдайдан тәуелсіздігі жалған көрініс. Құдайсыз олар ештеңе де тындыра алмас еді.
Бақи және бұл дүниелік идеалдар бір-бірімен қайшылықта болады. Екеуі де адамдар санасын билеп алуға тырысады. Міне, сондықтан бұл дүниелік өмірдің гүлдену кездерінде адамдар құдайға құлақ аспайды, одан алшақтап кетеді. Бірақ жерде жұмақ орнату әрекеті жүзеге аспай қалғанда, адамның құдайға тәуелсіздігі иллюзиясы да күйрейді. Міне, сондықтан ұлы күйзелістер кезінде адам өзінің құдай алдында тұрғанын сезінеді, ал оның тұрақты болмысы адамның көз алдынан кетпейді.
Сөйтіп, А.Дж.Тойнби тарихи даму заңдылықтарын, мәдениеттер мен өркениеттердің пайда болуын тылсым күштердің ықпалы арқылы түсіндіруге талпынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет