1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар


Вагон-мейрамхана төмендегідей қызметтер түрін ұсынады



бет9/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
Вагон-мейрамхана төмендегідей қызметтер түрін ұсынады:

• вагон-мейрамхананың тамақтану қызметі әртүрлі шикізат түрінен тағамдар мен өнімдердің әртүрлі ассортиментін, соның ішінде күрделі даярланатын, фирмалық және тапсырыстық тағамдардың барлық негізгі тобын (бір тәулікке дейін жүретін пойыздарда - бірінші тағамдардан басқа), сатып алынған тауарлар мен арақ - шарап өнімдерін даярлау, өткізу, тұтынуды ұйымдастыру бойынша қызметтер болып табылады;

• аспаздық өнімдерді өткізу, тұтынуды ұйымдастыру және жолаушыларға қызмет көрсету қызметтері аспаздық өнімдер мен сатып алынған тауарларды сатудан; тұтынушы тапсырысы бойынша купеге аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді, сонымен қатар кешенді рационды жеткізуден тұрады;

• бос уақытты ұйымдастыру қызметі музыкалық қызмет көрсету мен видеобағдарламалардан тұрады;

басқа да қызметтер сувенирлер, значоктар, сәйкес өндірістік тауарлар сатудан; жолаушылар вагон- мейрамханада немесе вагон - кафеде сатып алған аспаздық өнімдерді буып-түюден; жолаушыларға қызмет көрсетуден кейін қалған аспаздық өнімдерді буып-түюден тұрады.

Вагон-кафе –жол ұзақтығы әдетте 16 сағатқа дейін бағыттарда жолаушыларға тамақтануды ұйымдастыруға арналған арнайы вагон, ассортименті вагон- мейрамханаға қарағанда шектеулі, негізінен күрделі емес даярланатын аспаздық өнімдер ассортименті және сатып алынған тауарлар мен сусындардың кең ассортименті ұсынылатын жолаушы пойызы вагонның бір бөлігінде жабдықталған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны. Кафе жолаушы вагонының жартысын алады, 20 орындық залы, өндірістік бөлмесі, жуу бөлімі, қойма бөлмесі бар. Залда суытылатын және суытылмайтын шкафтары қозғалмалы жәшіктері бар тарату тұрағы орнатылған.

Онда кофе қайнатқыш және кассалық машина орнатылады. Кафе ас мәзірінде үштен аз емес салқын тағамдар мен тісбасарлар, екінші тағамдар, екі түрлі ыстық сусындар, сонымен қатар өндірістік кондитерлік өнімдердің кең ассортименті (бес түрден аз емес), жемістер болады. Шарап картасына алкогольді және салқындатқыш сусындар, темекі өнімдері кіреді. Вагон- кафеде өзіне-өзі қызмет көрсету немесе буфетшімен (вагон-кафе меңгерушісімен) қызмет көрсету қолданылады.

Бар - бар тұрағы бар аралас сусындар, алкагольді және алкагольсіз сусындар, коктеильдер, тісбасарлар, десерттер, ұннан даярланатын кодитерлік және нан-тоқаш өнімдерін, сатып аланған тауарларды өткізетін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет