1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет6/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
Маманданған аспаздық цехтар – ірі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны құрамында ұйымдастырылатын цехтар. Олар аспаздық дүкендері мен басқа өткізу каналдары бойынша өткізуге арналған ет, балық және т.б. аспаздық өнімдерді дайындауға тағайындалған. Шикізатты өңдеу желілері және жартылай фабрикаттарды өндіру желілері қолданылады, ауыр тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылады.

Борттық тамақтану цехы. Цех аэропортта самолетке жинақтау, қысқа мерзім сақтау және өткізуге арналған тағамдарды дайындау үшін ұйымдастырылады.

Мектеп аспаздық фабрикасы – мектеп асханалары мен буфеттеріне аспаздық өнімдер өндіру мен жабдықтауға арналған алдын-ала даярлау кәсіпорны.

Қоғамдық тамақтандыру комбинаты – бірыңғай тағам даярлау технологиясы бар алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары, аспаздық дүкені мен әртүрлі қосалқы қызметтерінен (зауытта) тұратын өндірістік-шаруашылық кешен. Жоғары механикаландырылған жабдықтары бола отырып, тамақтану комбинаты басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына жартылай фабрикаттарды өндіру және жабдықтауды қамтамасыз етеді. Тамақтану комбинатының бірыңғай өндірістік бағдарламасы, бірыңғай әкімшілік басқаруы, ортақ қойма шаруашылығы бар. Тамақтану комбинаты әдетте өндірістік кәсіпорын территориясында оның контингентіне қызмет көрсетуүшін құрылады, сонымен қатар жанындағы тұрған аймақтар халқына, жақын орналасқан ұжым қызметкерлеріне қызмет көрсетуі мүмкін. Тамақтану комбинаты сонымен қатар жалпы студенттер саны 5 мыңнан астам ірі жоғары оқу орнында құрылуы мүмкін. Сонымен қатар мектеп тамақтандыру комбинаттары болады.

Толық даярлау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны алдын-ала даярлау кәсіпорнынан немесе тамақ өнеркәсібінен алынатын әртүрлі дайындық дәрежелі жартылай фабрикаттардан аспаздық өнімдерді өндіреді.

Толық даярлау кәсіпорнына қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының келесі типтері жатады: мейрамханалар, барлар, кафе, асханалар, дәмханалар.

Аспаздық өнімдерді өндіру әдісіне байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары шикізатта, жартылай фабрикаттарда, шикізаттармен жартылай фабрикаттарда жұмыс істеуі мүмкін.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өткізілетін өнім ассортименті кең (асханада, мейрамханада) және шектеулі (дәмханада, кафеде, маманданған кәсіпорындарда) болуы мүмкін.

Қызмет көрсету сипаты мен ұсынылатын қызметтерге байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тағам қабылдауды демалысты ұйымдастырып (мейрамхана, барлар, кафелер), не болмаса салыстырмалы жылдам қызмет көрсетіп (асхана, дәмхана, буфет) қамтамасыз етуі мүмкін.

Тұтынушылық сұраныс жиілігі бойынша кәсіпорындар тамақтануда күнделікті қажеттілікті (асхана, дәмхана, буфет), маманданған өнімге немесе жоғары сапалы өнімге периодты сұранысты, ұлттық өнімге сирек сұранысты қанағаттандыру (ұлттық аспаздықпен мейрамхана, кафе) мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет