1. Дəріс тақырыбы



бет3/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өсімдік дүниесін қорғау. Бізді қоршап тұрған табиғат географиялық орта тірі жəне өлі табиғат элементтерін қамтиды. Тірі табиғат элементтеріне: адам баласы, жануалар, өсімдіктер, ал өлі табиғатқа: ауа, су, жарық, жылу жəне т.б. жатады. Табиғаттың бұл аталған элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Өлі табиғат тірі табиғаттың тіршілік ететін ортасы. Мысалы, жердің қатты қабатының (литосфера) үгілуінен өсімдіктің негізгі өсу орны (субстраты) болып табылатын топырақ жамылғысы түзіледі. Бұдан өсімдік су жəне еріген минералдық тіршілікке қолайлысы тропосфера қабаты. Өсімдіктер аудан О2; қабылдап, онымен тыныс алса, СО2 органикалық қосылыстар түзудің шикі заты ретінде бойына сіңірді. Өсімдіктер тіршілік əрекетінің

барысында өзін қоршап тұрған ортаға əсер етеді. Оның бастысы- өсімдіктердің басым көпші-лік бөлігі органикалық емес заттардан органикалық заттар түзуі. Органикалық заттар түзу барысында өсімдіктер ауадан қабылдап, ауа құрамын тазартады, ал О2 бөліп шығарып, ауадағы оттегінің қорын толтырып отырады. Сол сияқты өсімдіктердің жер бетіндегі жəне жер астындағы бөліктерінің жылма-жыл түсіп, жер қыртысында жинақталып, шіруінен топырақ жамылғысы қалыптасып, оның құнарлығы артады.
Табиғаттың тірі элементтері орналасқан кабаты биосфера деп аталады. Жер бетіндегі тірі организмдердің тіршілік əрекеттері осы қабатта өтеді.
Биосфераны қорғаудың басты мақсаттарының бірі, оны ғылыми- техникалық прогрестің зиянды əсерінен сақтау. Қазіргі кезде техникалық прогрестің əсері тимеген бірде-бір жер жоқ, өсімдіктер жамылғысының көптеген түрлері қайта қалпына келмейтіндей өзгерді.
Табиғаттың тиімді пайдаланудың негізі-биологиялық тепе-теңдікті сақтау, оның заңдылығын бұзбау.
Табиғатты қорғауда күрделі жəне негізгі мəселенің бірі-планетаның өсім- діктер жамылғысын, сирек жəне жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін қорғау. Табиғатты қорғау мақсатында жүзеге асырылған шараларға: қорықтар, мемлекеттік заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорықтағы аймақтар (жер) жəне табиғи ұлттық саябақтарды ұйымдастыру жатады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 қорық, 62 заказниктер бар, оның 42-сі зоологиялық, 18-і ботаникалық, бір ботаника-геологиялық, бір геологиялық Табиғат ескерткіші -24. Сол сияқты қорықтағы зона мен ұлттық парктер бар.
Қорықтар мен заказниктердің болуы барлық сирек кездесетін өсімдіктерді қорғай алмайды. Өйткені, бұл өсімдіктер шашыраңқы орналасқан. Сондықтан барлығымыздың міндетіміз-тек сирек кездесетін өсімдіктерді ғана емес, жиі өсіп, кең таралған, бірақ əсемдігі, əр түрлі ауруларға шипалығы үшін т.б. мақсаттарға кең түрде қолданылатын өсімдіктерді көпшіліктің жаппай жинауынан шектеу. Осы тұрғыдан алғанда жастарға экологиялық білім мен тəрбие берудің мəні зор.
Əрбір азамат жалпы халықтық табиғат қорғауды өз мүддесі, азаматтық борышы деп санауы керек.
Өсімдіктерді бір жүйеге келтіру мақсатында, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, туыстық қатынастарын, эволюциялық даму жолдарын зерттеуде палеоботаниканың (грекше палайос-көне) маңызы зор. Палеоботаника көне геологиялық заңдарда тіршілік етіп, біздерге тасқа айналған жəне тау жыныстарындағы таңбалар түрінде ғана жеткен өсімдік түрлерін зерттейді.
Фитоценология өсімдіктер бірлестігін-фотоценоздарды (грекше фитон- өсімдік; кайнос - жалпы) зерттейді.
Өсімдіктер географиясы өсімдік түрлері мен фитоценоздардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді.
Экология (грекше ойкос-үй) - өсімдіктердің орта жағдайларымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Генетика-тірі организмдердің, тұқым қуалаушылығы жəне өзгергіштігі туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет