1. Дəріс тақырыбы



бет9/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Жапырақтың морфологиялық құрылысы. Жапырақтың мөлшері қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері жағынан əртүрлі жапырақтар кездеседі. Біздің флорада бірқатар түрлердің жапырақтары ұзындығы 1-1,5 мм-ден аспайтын, өте ұсақ болып келеді. Тропикалық жəне субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің жапырақтарының ұзындығы 20-22м. дейін жетеді (пальмалар). Жоғарғы сатыдағы өсімдік өркендерінің немесе сабағының бойында ауданы мен құрылысы əр қилы келетін жапырақ түрлері кездеседі, оларды жапырақ категориясы деп атайды. Жапырақ категорияларының орналасқан деңгейі морфологиялық түзілісі, физикалық консистенциялары жəне физиологиялық мəні əр түрлі болады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы жəне жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы əдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Бұл осы түрге тəн жапырақтар жəне осыған дейінгі формациясының жапырақтарының

айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дəндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады. Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар жəне т.б. олардың барлығы, əдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған немесе түссіз болып келеді. Жапырақтың негізгі бөлімдері, қандай өсімдік жапырақтарын алсақ та өсімдіктің бой конусына орналасқан алғашқы меристема жасушаларынан экзогендік жолмен пайда болады. Өркеннің бой конусында эмбрионалдық жасушалардың 3 түрлі қабатының ең сыртындағысы-дерматоген немесе туника. Осы дерматогеннің бет жағынан біртіндеп төмпешіктер пайда болады жəне мұнан бастапқы жапырақ шығады. Бастапқы жапырақтың төбесі жəне түбі болады. Мұның түбі кейбір өсімдіктерде жөнді жетілмейді (қондырмалы жапырақтарда), кейбіреуінде қосалқы жапырақ (бөбешік жапырақ), жапырақ қынабы жəне жапырақ сағағының төменгі жағындағы жалпақтанған жері-қобысы пайда болады. Бастапқы жапырақтың төбе бөлімінен жапырақ тақтасы мен сағағы шығады. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне сай жалпы жапырақ құрылысы да əр түрлі болады. Көп өсімдіктің жапырағында тақтасымен бірге оның сағағы да болады, ондай жапырақтар сағақты жапырақтар деп (талда, қайыңда, теректе т.б.); ал сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ немесе қондырмалы жапырақ (бидай, жүгері, алоэ) деп атайды 1-сурет. Кейбір өсімдік жапырағының сағағы түгел немесе оның тек төменгі жағы жалпақтана келіп қобыланып бітеді, оны қобылы жапырақ дейді (балдырған, аскөк). Кейбір өсімдік жапырағының тақтасы негізгі сабақтың буын аралығын қаусыра орап жатады (арпа, бидай, жүгері), жапырақтың мұндай түрін қынапты жапырақ дейді. Кейбір өсімдікте көптеген қынапты жапы- рақтар бірінің сыртын бірі орап жатады да, олардың барлығы бірігіп, өсімдіктің сабағы тəрізді болып көрінеді. Мұндай қынап түтіктерінен пайда болған сабақты жалған сабақ дейді (ақ уқорғасын, лала гүл, банан т. б).

1-сурет. Жапырақ бөліктері: 1-жапырақ тақтасы; 2-сағағы; 3-бөбе жапырақтар; 4-жапырақ қынабы.
Көптеген өсімдіктің нағыз жапырағының түбінен қосалқы жапырақтары өсіп шығады. Олардың кейбіреулері жақсы жетіледі де фотосинтез, транспирация жəне тыныс алу процесстеріне икемделіп кетеді (бұршақ, ноғат т.б.); қосалқы жапырақтар көп өсімдікте түрін өзгертіп, үш бұрышты тақта тəрізденіп (мақтада), үлпек, қабыршақ жəне тікенек сияқты болып (ақ қарағанда) кездеседі. Кейбір өсімдік жапырақтарында тілше болады. Ол көбінесе астық тұқымдас өсімдіктердің көпшілігіне тəн.
Тілше-жапырақ тақтасы мен қынаптың аралығынан өсіп шығады. Жапырақ тақтасынан кейінгі негізгі бөлімнің бірі-сағақ. Жапырақ тақтасы өсімдік сабағымен сағақ арқылы жалғасады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет