1. Дəріс тақырыбы



бет15/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Жыныссыз жолмен көбеюі. Жыныссыз көбею споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар ( грекше spore-тұқым) құрылық өсімдіктеріне тəн, өз бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан олар желмен таралады. Зооспоралар (грекше «zoon»-жануар, zoospore-қозғалатын спора) суда, ылғалға қаныққан топырақта өсетін өсімдіктерге тəн. Зооспоралардың қатты қабықшасы болмайды жəне талшықтарының көмегімен қозғалады. Олар жыныссыз көбею мүшесі болып табылады жəне спорангилардың немесе зооспорангилардың ішінде жетіледі. Споралар арқылы төменгі сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі (балдырлар, саңырауқұлақтар), жоғары сатыдағы мүк тəрізділер мен шаңжапырақ тəрізділер көбейеді. Бұл кейінгілерін тұқым арқылы көбейетіндерден (жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылар) ажырату үшін жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер деп атайды. Өсімдіктерде споралардың пайда болуын споралану дейді.

Споралар-митоз немесе мейоз жолымен пайда болатын арнаулы
жасушалар. Митоз жолымен пайда болған спораларды митоспоралар, мейоз жолымен пайда болғандарын мейоспоралар деп атайды. Митоспоралар балдырларға ғана тəн, ал мейоспораларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер жатады. Спора жəне зооспоралар бір жасушадан, сирек жағдайда екі жасушадан тұрады, пішіндері: шар, эллипс немесе цилиндр тəріздес. Көпшілік жағдайда гаплоидты, кейбір өсімдіктерде ғана диплоидты немесе дикарионды. Споралар цитоплазмасы қоректік заттарға, əсіресе май мен дəрумендерге бай.
Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Пайда болу орнына қарай, эндоспоралар жəне экзоспоралар деп бөлінеді. Эндоспоралар арнаулы орындарда (мүшелерде, ал экзоспоралар өсімдік денесінің бетінде) жетіледі. Эндоспораларға сəйкес зооспоралар пайда болатын жасушалар немесе мүшелер спорангий жəне зооспорангий деп аталады. Спораның түрі көп. Шығу тегіне жəне атқаратын қызметіне карай оларды екі топқа бөледі: жыныссыз көбеюге арналған споралар жəне жыныстық жолмен көбеюге арналған споралар.
Жыныссыз көбеюге арналған споралар (зооспоралар) митотикалық бөліністерден соң пайда болады жəне тікелей жаңа түрлер беруге қабілетті келеді. Пісіп жетілген спора аналық организмді тастап шығады да өсімдіктердің көбеюін жəне таралуын қамтамасыз етеді. Мұндай споралармен көбею төменгі сатыдағы өсімдіктерге тəн (балдырларға, санырауқұлақтарға жəне т.б.).
Жыныстық жолмен көбеюге арналған споралар аналық түрді бере алмайды. Олар гаплоидты (п), өйткені мейоздың негізінде пайда болады. Мұндай споралар саңырауқұлақтардың кейбір топтарында жəне жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спорадан алдымен өскінше (проталии, протонема) пайда болады, онда гаметалар жетіледі. Гаметалар қосылғаннан кейін хромосомдардың диплоидты саны қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет