1. Дəріс тақырыбы



бет12/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жапырақ пішіндері қандай болып келеді?

  2. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

  3. Жапырақтың орналасуы қандай түрлері бар?

  4. Жапырақ жүйкесі жəне мозайкасы дегеніміз не?

  5. Жапырақ тақтасының санына қарай жапырақтар қандай түрлерге бөлінеді?

  6. Өсімдік жапырақтары қайдан өсіп шығады?

  7. Жапырақтың негізгі бөлімдеріне не жатады?

  8. Жапырақтың жүйкеленуі деген не?

  9. Күрделі жапырақ дегеніміз не?

  10. Жапырақ категориясы жəне жапырақ формациясы дегеніміз не?


  1. Дəріс тақырыбы:Өсімдіктердің көбеюі. Вегетативті, жыныссыз, жынысты көбею.

Мақсаты: Көбеюдің түрлерімен танысу. Телу жəне қалемшелері арқылы көбейту жолдарын көрсету.
Түйінді сөздер: таллом, хламидоспор, гамета, спора, зооспора, спорангий, зооспорангий, особь, капуляция, зигота, изогамия, гетерогамия, сперматозоид, гаметангия, антеридий, архегоний, спорофилл, гаметофит, спорофит.


Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:


    1. Вегетативті жолмен көбею

    2. Қолдан вегетативті көбейту

    3. Қалемшелері арқылы көбейту

    4. Телу арқылы көбейту

    5. Жыныссыз жолмен көбеюі

    6. Өмірлік циклінде ядролық фазалардың алмасуы




  1. Вегетативті жолмен көбею. Барлық тірі организмдер сияқты өсімдіктерге де қоректену, тыныстау, қимыл, тітіркену, өсу, даму жəне көбею сияқты қасиеттер тəн. Бұл қасиеттер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Осының ішінде көбею өзінің биологиялық мəні тұрғысынан басқа қасиеттерден ерекше. Өйткені көбею кезінде негізінен аналық особьке ұқсас жаңа организмдер пайда болады.

Көбею–тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.
Көбеюдің бір-бірінен белгілі бір айырмашылығы бар үш түрі белгілі: жынысты көбею, жыныссыз көбею жəне вегетативтік көбею.
Вегетативтік көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз. Вегетативтік көбею алуан түрлі жəне өсімдіктердің барлық топтарында кең таралған. Бір жасушалы балдырлар мен бактерияларда вегетативтік көбею жасушаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Колониальды ё0ауымбалдырларда, олардың жасушаларының вегетативтік көбеюінен жас
колониялар пайда болады.
Көп жасушалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері (носток, анабена) гетероцисталары арқылы көп жасушалы гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндай қарапайым тəсілі тек төменгі сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де (сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тəн.
Саңырауқұлақтарда вегетативтік көбеюдің қарапайым жолы-мицелийдің жеке бөліктерге бөлінуі, бүршіктенуі (ашытқы) арқылы жүрсе, арнаулы мамаданған түрі конидийлер, оидийлер жəне хламидоспоралар арқылы жүзеге асады. Оидийлер жəне хламидоспоралардың пайда болуы көбеюдің вегетативтік жолынан жыныссыз жолына өтпелі түрі ретінде қарастырамыз.
Қыналар, денесінің арнаулы бөліктері-соредийлері, кейде сирек изидийлері, ал бауыр мүктері өнімтал бүршіктері арқылы көбейеді. Өсімдіктердің оның регенерациялық қабілетіне негізделген. Регенерация (латын.«регенерацио»-жандану, қалпына келу)-өсімдік денесінде жетіспейтін мүшелердің немесе тұтас өсімдіктің, өсімдік денесінің жеке бөліктерінен, тіпті жеке вегетативті жасушасынан қайта қалпына келуі.
Вегетативтік көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи жəне адамның қатысуымен жүзеге асатын-жасанды деп екіге бөледі. Бұл екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Өйткені табиғи вегетативтік көбею өсімдіктердің регенерациялық қасиетіне, ал екіншісі түрлі əдістерді қолдану арқылы қолдан вегетативтік көбейтуге негізделген. Жоғарғы сатыдағы, сабақты-жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр сабақтары, мұртшалары, түйнектері, столондары, жуашықтары, өнімтал бүршіктері арқылы табиғи вегетативтік жолмен көбейеді. Ауыл шаруашылығы практикасында көкөніс, жеміс-жидек жəне сəндік ретінде өсірілетін өсімдіктерді қолдан көбейтудің əр түрлі тəсілдері жетілдірілген. Ол үшін өсімдіктердің мынадай бөліктерін пайдаланады: түйнектерін (картоп, батат, георгиндер); тамырсабақтарын (құртқашаш-ирис, флокс); мұртшаларын (бүлдірген); баданаларын (пияз, қызғалдақ); тамырдың атпасын (таңқурай, шие).
Көптеген мəдени жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелерімен, сұлатпа иілген бұтақтарымен, бірге телу арқылы да көбейеді 1-кесте.

Кесте 1. Қолдан (жасанды) көбейту







Көбеюдің түрлері

Сипаттама

1

Бөлу:
-түп (жасмин, сирень);
-көзше (картоп);
-тамырсабақ (ирис);
-тамырбүршіктері (георгин);
-тамыр (желкек, таңқурай)

Вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті регенерацияланатын дарақты бөліп алу. Вегетативтік мүшелердің əрбір бөлігінде міндетті түрде шығу бүршіктері болуы керек, соның есебінде біртұтас өсімдік пайда болады

2

Сұлатпа өркен арқылы (қарақат,
қойбүлдірген, бүр-ген)

Қалемше бойындағы бүршігі бар өркенді
топыраққа көлбеу иіп көмеді, сосын оны







аналық өсімдіктен механикалық түрде бөліп
тастайды.

3

Қалемшелеу:-сабақты

бөлме

Сабақты қалемшесі бар, арнайы топырақта




өсімдіктері жəне

бұтақтар

немесе суы бар ыдыста жас тамыршалары




(раушан, сирень)




шыққанша ұстайды.




-жапырақты (бегония)




Бүршігі бар жанама тамырларды аналық




-тамырлы (хрен,

таңқурай,

өсімдіктен бөледі.




алхоры)











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет