1. Дəріс тақырыбы



бет11/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Жапырақтың жүйкеленуі. Жапырақ тақтасындағы сосуд-талшық шоқтарының орналасу тəртібін жүйкелену дейді. Жүйкеленудің мынадай түрлері белгілі (4-сурет).

Қарапайым жүйкелену-бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін тек бір ғана жүйке (өткізгіш шоқ) өтеді; жүйкеленудің мұндай түрі жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерге (мүк тəрізділерге, плуан тəрізділерге) жəне кейбір жабық тұқымдыларға (элодея) тəн.
Дихотомиялық жүйкелену-бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тəрізді болып тармақталады; жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гинкгоға тəн (жалаңаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақ жапырақтылардың бірі).
Торлы жүйкелену-бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нəтижесінде олардан қалың тор түзіледі.
Жүйкеленудің бұл түрі табиғатта аса кең таралған; торлы жүйкеленудің
қауырсынды жəне саусақ салалы түрлері болады.

4-сурет. Жапырақтың жүйкелену түрлері: 1-паралель; 2-доға, 3-салалы, 4-қауырсын.




Доғалы жəне параллель жүйкелену-бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді; кей жағдайда олар тек параллель (астық тұқымдасында, қияқөлеңдер тұқымдасында) ал екінші жағдайда-доға тəрізді болып келеді (ландыш, бақа жапырақ).

  1. Жапырақтың алуан түрлігі. Жапырақты жай жəне күрделі деп екіге бөледі. Егер бір сағаққа бір ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды жай жапырақтарға жатқызады. Олар күзде түсіп қалып отырады, ал шөптесін өсімдіктерде көп жағдайда сол өсімдіктердің сабағымен өліп отырады.

Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы (екі немесе одан да көп) орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады. Күрделі жапырақ бірден түспейді, оның жеке-жеке бөліктері біртіндеп түседі. Алдымен əдетте жапырақшалары, содан соң сағағы түседі.
Жай жапырақтар шөптесін өсімдіктердің барлығына дерлік, ал ағаштар мен бұталардың басым көпшілігіне тəн. Жапырақтарды, олардың көптеген белгілерін ескере отырып жіктейді. Тақтасы тұтас болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына (түріне) қарай жұмыртқа тəрізді, дөңгелек, ланцет тəрізді, элипс тəрізді, сопақша, таспа тəрізді жəне т.б. 5-сурет.
Тақтасының жоғарғы ұшының формасына қарай-доғал, үшкір, үшкірлеу, ұшы ғана үшкір, ойыстау; тақтасының түп жағының формасына қарай- жүрек тəрізді, жұмыр, сына тəрізді, садақ тəрізді, сүңгі тəрізді (копье); тақтасының шеттерінің формасына қарай-шеттері тегіс, ара тəрізді, екі қатар ара тəрізді, тіс тəрізді, дөңес, ойыс болып келеді 6-сурет.

5-сурет. Жапырақтың төбесі мен негізінің пішіні: а-жапырақ төбесі: 1-доғал; 2-үшкір; 3-үшкірленген; 4-үшкір төбелі; Б-жапырақтың негізі: 5-сына тəрізді; 6- доғаланған;
7-жүрек тəрізді; 8-жебе тəрізді; 9-садақ тəрізді.

6-сурет. Жапырақ тақтасының жиегі: 1-бүтін жапырақ; 2-тісті жапырақ; 3-ара тісті жапырақ; 4-дөңес жиекті; 5-ойық жиекті жапырақ.


Күрделі жапырақтар, жапырақшаларының сағаққа орналасуына қарай жіктеледі; күрделі саусақ салалы жапырақшалары сағақтың басында бірдей деңгейде кейде радиальды бағытта шашыраңқы орналасады. Күрделі қауырсынды-жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі жағынан бірдей орналасады жəне оның жоғарғы ұшы, бір жапырақшамен (жұпсыз қауырсындалған) немесе екі жапырақшамен аяқталуы мүмкін (жұбымен қауырсындалған); үш құлақ жапырақ-мұндай жапырақтың сағағында тек үштен ғана жапырақша орналасады. Күрделі қауырсынды жапырақтың түрі кейде біршама күрделі болады-екі рет жəне бірнеше рет күрделі қауырсындалған болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет