1. Әдебиет пен өнер. А. Байтұрсынұлы өнер түрлері туралы. Өнер түрлерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,7 Kb.
#81138
  1   2   3
Байланысты:
Абдушакиров Азиз 401-топ


1. Әдебиет пен өнер. А. Байтұрсынұлы өнер түрлері туралы. Өнер түрлерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары.

Әдебиет ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б.з.б. ІІІ-І ғасырлар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ұлттық әдебиетке тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып берді. Біріншіден, қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры Түрік қағандығы тұсынан басталатыны белгілі болды. Екіншіден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтады. Үшіншіден, жазба жәдігерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежірелік сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дәрежеге жеткенін көрсетті.


ХХ-ХІІ ғасырларда мәдениет, ғылым, әдебиет, сәулет өнері өркендеді. Оның ішінде сөз өнеріне деген құрмет ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің дамуына ықпал жасады, филол. білімдер жүйесімен айналысу тек көркем әдебиет өкілдері ғана емес, барша зиялы қауымға тән құбылыс болды. Шешендік өнерді меңгеру, нақышты сөйлей білу, өлең шығару қабілетіне ие болу – білімді деп саналатын адамдардың міндетті түрде игеруге тиісті қасиеттеріне айналды.
Қазақ хандығының мәдениеті, өнері, әдебиеті бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркі тайпаларының ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасының дәстүрлі жалғасы ретінде, көркемдік дамудың тарихи сабақтастығы принципіне сай дами бастады. Қазақтың халық ауыз әдебиеті ұлттық сипат алып, жанрлық түрлері көбейді, әсіресе жаугершілік заманның эстет. талап-тілегіне сай эпостық жырлар молая түсті. Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңінен қанат жайды.
1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей әдебиеті секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгі ұлттық әдебиет туындыларын бүгінгі заман дәстүрімен шебер ұштастырды. Олардың көрнекті өкілдерінің бірі – жазушы, ақын Ким Дюн (1900 – 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған “Әлия” атты поэмасы (1969 ж. корей тілінде), корей патриоттарының күресін бейнелеуге арналған “Жүз елу мың вонның ісі” романы жарық көрді. 1937 жылдан бері респ. корей театрында корей драматургтерінің жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М.Әуезовтің “Қарагөз” және “Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тілінде қойылды. Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары “Корей өлеңдері” (1958), “Дала қызғалдағы” (1973), “Сырдария әуендері” (1975), “Күнбағыстар” (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты.
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1)ақылға, 2)қиялға, 3)көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
Көркем әдебиет,
 Музыка,
 Мүсін,
 Кескіндеме,
 Театр,
 Кино,
 Би.
 Сәулет өнері, т.б. түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет