1. Әдебиет пен өнер. А. Байтұрсынұлы өнер түрлері туралы. Өнер түрлерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,7 Kb.
#81138
1   2   3
Байланысты:
Абдушакиров Азиз 401-топ

эстетика өнер түрлерінің тууын қоғамдық дамумен сабақтас қарайды. Бұл тұрғыдан архитектура (сәулет өнері) техникамен, қоғамның экономикалық қарым-қатынастарымен өте тығыз байланысып жатыр.Архитектура кеңістікке қатысты өнер, ол табиғатпен, таумен, аспанмен, жермен, халықтық, ұлттық ерекшеліктермен тамырлас өнер, онда замана әсері, тарих ізі сайрап тұрады. Қазақ топырағындағы ең әйгілі, көк күмбезінен жаратылғандай ғажап ғимарат бар емес пе? Сонда ақын Қожа Ахмет Яссауи сүйегі жатыр.Бұл түркі тілдес әдебиеттер тарихында терең із қалдырған ақын, философ қазіргі Сайрам қаласы төңірегінде 1103 жылы туған. Әкесі көзі қарақты, сөз қадірін түсінген, білікті адам болыпты.Жастайынан жетім қалып, тақсырет шеккен Ахмет еңсесі басылып, жүнжіп кетпей, қағылез, өткір, алғыр боп өседі. Оның балалық, бозбалалық шағы Ясы шаһарында өткен. Кейін даңқы шартарапқа жайылған шақта осы қала атын өз есімімен қосарлап айтқан. Бұл –ертеректе кең тараған дәстүр. Көп оқып, мол білім алған табиғатынан сұңғыла Ахмет көп шәкірт ішінен суырылып шығып, өзі көш бастайды. Мұсылман дінінің ықпалымен белең алған софылық ағымды жырлайды.Ахмет Яссауидың атышулы шығармасы - “Диуани-Хикмет” (“Даналық жайлы кітап”). Ол ХІХ ғасырда Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет басылып шыққан. 1901 жылы Қазанда қазақтар үшін арнайы жарияланды. Ырғағы буын санына негізделген өлшеммен жазылған бұл туындыда Ахмет Яссауи бала күнінен қартайғанға дейінгі өмірін түгел баян етіп, тірлікте көрген азап, шеккен қайғы, татқан рақатты айтады. Жұмыр басты пенделерді шенеп мінеп, пәнидің жалғандығын, бұл өмірдің өткіншілігін көрсетіп, аскетизмді, о дүние мәңгілігін жырлайды.“Диуани Хикметтен” қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы фактілер табуға болады.Жарық дүниені тәрк етіп өмірінің соңын жер астындағы қылуетте өткізген Ахмет Яссауи 1166 жылы көз жұмған. ХІҮ ғасырдың аяғында қылышынан қан тамған қаһарлы Ақсақ Темір өз даңқын асыру ниетімен мәшһүр ақын сүйегін Түркістан қаласына әкеп қойып, басына архитектуралық ғажап сұлу күмбезді мазар орнатты. Бұл ғимрат көп замандар қастерленіп, қазақ халқының әйгілі қайраткерлері, батырлары, шешендері, ақындары жерленетін мавзолей болып келді.Скульптурада (мүсін өнерінде) бедер, көлем, пішін, мүсін -негізгі элементтер. Лессинг көрсеткендей, мұндағы өзекті нәрсе адамның рухани байлығын дене сұлулығы арқылы бейнелеу, адам характерін, әлеуметтік ойды көлем арқылы, пішін арқылы таныту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет