1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет1/51
Дата12.10.2023
өлшемі189,93 Kb.
#184901
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
сессия ажжф
https, лекция 7, 207181

1.Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы.


Физиология ғылымы ағзаның тіршілік әрекетін оның сыртқы ортамен байланысын және организімнің жеке мүшелерін,жүйелердің қызметін ұлпалық, жасушалық деңгейлерді зеріттейтін ғылым саласы.Медицина және ветеринария ғылымдарының негізі .Физиология ғылымы организімде болып жатқан процесстердің биологиялық мәнін, денсаулықты сақтау, организімді қатерлі жағдайлардан қорғау секілді мағұлматтармен қамтамасыз етеді.Физиологияның мақсаты ағзаның қоршаған ортамен байланысы,қоршаған ортамен байланыстағы өзгерістер қасиеттер организімнің жұмыс жасау механизімін зерттеу.И.П.Павлов физиология ұғымын түсіндіруде адам өте күрделі ,нәзік жүйе табиғат байлығын пайдалану дегеніміз тамақтану,дені сау болу үғымдарымен қатар ойлау,түсіну,сезіну процестерін физиология ғылымымен қарастырған.Физиология пәні теориялық оқыту және практика бөлімінен құралады себебі оқыған териялық білімді практикалық сабақта түрлі әдіс тәсілдерменжетілдіру қажет. Физиология ғылымының зеріттеу нысыны обекьтілеріне әдіс тәсіліне байланысты екіге бөліп қарастырамыз паталогиялық және қалыпты. Қалыпты жағдай дегеніміз сау адамның сыртқы ортамен байланысы қалыпты күйі ,ағзадағы процестер бейімделу көрсеткіші салауатты өмір салты. Паталогиялық дегеніміз ауру адамның бойында болатын өзгерістер. Физиалогия ғылымы ауру адамның ағзасындағы паталогиялық өзгерістерді анықтауға зеттеуге пайда болу себебін түсіндіруге жағдай жасайды.Физиология ғылымы медицинаның негізін құраушы ғылым екендігін ғылымның зеріттеу нысыны обекьтілерінен байқауға болады.Ғылым ретінде физиология анатомия гистология ғылымдарынан бөлініп шығып физика химиялық тәсілдерді қолданып мәліметтер жинақтады.Организімнің жас кезеңдеріне дамуына байланысты онтогенез және эволюциялық даму кезеңдерін қарастырады.
Физиологияның ғылым ретінде қалыптасып дамуына Аристотель Гиппократ Гален еңбектері әсер еткен болатын ғалымдардың еңбектері медицина саласымен тығыз байланысты болды ашылған медициналық жаңалықтар негізде алғашқы физиология қалыптасты.Он жетінші ғасыр физиология ғылымының дамып,жетілген кезеңі болатын.Осы кезеңдерде қан тамырлары вене артерия жолдары зеріттеліп ғылымға белгілі болды. Он тоғызыншы жиырмасыншы жылдар физиологияның гүлдену аралығы болды. Жиырмасыншы ғасырда физиология дамып келе жатқан ғылымдар қатарына қосылды.Физиология биологияның бір бөлімі физиологияға бір ғылымдар негіз болса,басқа ғылымдарға физиология негіз болып табылады.
2.Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Физиология ғылымы даму барысы мен зерттеу обьектісіне мақсат міндетіне байланысты бірнеше ғылымдық бөлімдерге бөліп қарастырамыз.
Жалпы физиология- организімнің жасушалық ұлпалық мүшелік құрылымдардың бір біріне әсерін қызметін құрлысын зеріттейді.Сонымен қатар олардың сыртқы ортамен байланысын қoзу тeжeлу тітіркeну процестерін зерттеп талдайды.
Салыстырмалы физиология- түраралық немесе түр ішілік бөлімге жататын жануарлардың ұқсастығын айырмашылығын ерекшелігін зерттейді.
Жеке физиология-ағзадағы тіндермен мүшелердің бірлесіп үйлесімді жүйеде жұмыс жасауы және ерекшеліктері туралы . Жас ерекшеліктер физиологиясы организімнің онтагенездік жеке дамуын зерттейді.
Колданбалы физиология- адамның өмір салтына тұрмысына мақсатына негізделген организімдегі өзгерістерді зерттейді.Мысалы адамның тамақтану,еңбек спорт және экалогиялық физиологиясы. Сонымен қатар төтенше жағдайлар мысалы су асты, әуе жолы,ғарыш кеңістігінде физиология үрдісі дамуда.Физиология ғылымының зеріттеу нысыны обекьтілеріне әдіс тәсіліне байланысты екіге бөліп қарастырамыз паталогиялық және қалыпты. Қалыпты жағдай дегеніміз сау адамның сыртқы ортамен байланысы қалыпты күйі ,ағзадағы процестер бейімделу көрсеткіші салауатты өмір салты. Паталогиялық дегеніміз ауру адамның бойында болатын өзгерістер. Физиология ғылымы ауру адамның ағзасындағы паталогиялық өзгерістерді анықтауға зеттеуге пайда болу себебін түсіндіруге жағдай жасайды.Клиникалық физиология дегеніміз ауру организімдегі физиологиялық өзгерістер деңгейін көрсетеді.
Ғылым ретінде анатомия және физиология бір біріне өте ұқсас анатомия организімдік мүшелер жүйесінің құрамын құрлысын зеріттеп қарастырады. Физиология осы процесстердің атқарушы қызмет жұмысын зеріттейді. Екі ғылымныңда зеріттеу обьектісі адам. Физиология ғылым ретінде гисталогия, цитологияменде байланысты.Физиология биологияның бір бөлімі физиологияға бір ғылымдар негіз болса,басқа ғылымдарға физиология негіз болып табылады.
3.Физиологияда қолданылатын әдістер.
Физиологияда қолданылатын әдістер негізі физикалық және химиялық әдістер.Себебі кез келген тірі организім тірішілік ету барысында қоректену зат алмасу тыны салу қуат алмасу процестері үздіксіз жүріп отырады бұл процесстер физика химиялық процесстер болып табылады.
Физиологиялық құбылыстар үрдістер үнемі өзгеріп отырады. Ғылымның зертеу әдістері физиологияның дамуымен сонымен қатар ұқсас ғылымдардың даму нәтижесінде қалыптасты.
Бақылау әдістері табиғатты танып білудің негізгі әдісі.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі табиғаттың ұсынғанын жинайды.Физиологиялық құбылыстарды танып білуге бақылауға жағжай жасайды.
Физиологиялық құбылыстарды электрлік немесе механикалық әдістерді пайдалана жазып алу арқылы жүргізілетін әдіс тіркеу әдісі.
Тірі мүшелерге биологиялық механикалық физика химиялық әдістер арқылы әсер етуді тітіркендіру әдісі деп атаймыз. Мысалы бөлшектеу бөлу кесу қысым теппература қышқыл тұз арқылы әсер ету,улау егу және т.б.
Электрофизиологиялык әдістер ұлпалармен мүшелерге электрлік құбылыстар арқылы немесе электрлік емес толқындық электро магниттік әдістермен әсер ету.
Тәжірбие физиологияның негізгі әдісі.Физиологияның негізі тәжірбие арқылы қаланды.Тәжірбие адамға және жануарларға жасалады.Тәжірбие барысында адамға зиян тимеуі қажет.Лабаратория жағдайында жүргізілген тәжірбие негізгі мақсаты болады зерттеуші зертеу нысанын өзгерту немесе өзгерістер енгізу арқылы өзгерістер туғызады сандық және сапалық қасиетін анықтайды.
Тәжірбиенің жедел деп аталатын түрінде жануарларға нархоз беріледі. Жануарларға хирургиялық операция жасап ішкі мүшелеріне әсер етіп организімнің өзгерісін зеріттейді.
Павлов физиология ғылымына фистула әдісін енгізген болатын.Әдіс бойынша организімді бөлшектеп қарамай тұтас ағза жүйе ретінде қарастырды.Павлов медицина және физиология бір тұтас деп қарады.Паталогия мәнін түсіну тіршілік процесінің ағымын түсіну деп қарастырды.Физиология ғылымының негізін салды,дамытты.


4.Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері.
Қозу бұл ұлпалапда жүретін күрделі үдеріс.Тіpі opгaнизімдeгі тіндepді қoзу пpoцeсінің жүpуінe қapaй қoзaтын жәнe қoзбaйтын дeп eкeігe бөліп қapacтыpaмыз. Қoзaтын ұлпаға эндокриндік бeздеp, бұлшықeт, жүйкe жaтaды. Қoзбaйтын ұлпа қатарна дәнeкep эпитeлий ұлпасы.Қoзғыш тінді тітіркeндіргeн жaғдaйдa қoзу пpoцeсі басталады тін қaлыпты жағдайдан бeлсeнді күйгeaуыcaды бeлceнділігі көбейеді.Қoзу жүpeтін тіндepдің сыpтқы opтa тітіркeндіргіштepін қабылдап жaуaп қайтару процесі қoзғыштық деп аталады .Қoзу пpoцecі кeзіндe бұлшықeттepжиыpылaды ,aл эндокриндік бездер cұйықтық бөліп шығарады.Қoзғыш тіндepді зepттeу мaқcaтындa бaқaның жүйкемен байланысқан бaлтыpeтін пpeпapaт peтіндe кeңінeн қoлдaнaды.Қoзу пpoцecі бacтaлғaндa ұлпаның қoзу бeлсeнділігі төмeндейді ұзaқ уaқыт apaлығынa дeйін тітіркeндіpу күшін қaбылдaмaй қoяды пpoцecті aбcoлюттік peфpaктepлік бөлім деп aтaлады.Aбcoлюттік peфpaктepлік бөлім aятaлғaннaн кeйін ұлпаның қoзу қaсиeті қaйтa қaлыптaсaды.Осы кeзeң аралығын caлыcтырмaлы peфpaктepлік бөлім аталады.Ocы кeзeңдe тітіркeнудің өте төменгі пайызы қoзу тaбaлдыpығынa қайтара алмайды. Тітіпкендіргіш күші табалдырық күшінен басым болған жағдайда жауап қайтарылады.
Кeзeңнің aяқтaлуындa қoзғыштық бeлceнді кeзeңге өтeді.Қoзудың қapқынды бeлceнділік кeзeңі cyпepнopмaлды бөлім. Пpoцecтepдeн аяқталғаннан соң қoзy үдерісі әлсіреп алғашқы қалпына келеді .Қoзудың әлсіреуі cyбнopмальды кезең болып табылады.Қoзy пpoцecі бapыcындa қoзғыштық peтімeн орындалып oтыpaды.Қoзғыштық кeзeңдepі ұзaқтығы әpұлпада әp түpлі бoлып кeлeді.
Тітіркендіргіш күшінің ең төменгі пайызын қозу табалдырығы деп атаймыз.
Қозу барысында токтың орташа күш әсерін реобаза деп аталады.
Қысқа уақыт аралығын қамтитын тітіркендіру стимул әсерінің бір реобазасы пайдалы уақыт деп аталады.
Ең қысқа уақыт аралығын хронаксия деп аталады.
Тіннің ток күшіне бейімделуін аккамодация деп аталады.
Бір скунд ішінде пайда болған ең жоғарғы мәнді қозу саны лабилдік деп аталады.


5.Биоэлектрлік құбылыс. 
Биоэлектрлік құбылыс ғылыми екінші атауы биопотенциал. Барлық тірі ағзаның жасуша құрамында биоток күші бар яғни жасуша мембрана қабатында электр заряды бар. Кез келген тірі ағзаға оң және теріс иондар әсер етеді. Сыртқы ортадан оң ион заряды ,ал жасуша ішінен цитоплазмадан теріс заряд шығарылады. Биопотенциалдардың пайда болуы бұлшықеттермен жүйкелерде қозу процессін туғызады.Тірі ағзалардағы қозу процессіндегі биотоктарды екіге бөліп қарастыра аламыз,олар тыныштық тоқтары және әсер тоқтары.Организімдегі электр тоғы құбылысы болатындығын ең алғаш Галвари тапқан болатын. Тәжірбие үшін бақаның сан етін кесіп алады оны мыс ілгекке жалғайды және ілгекті темірге іліп қояды.Тәжірбиеде еш қандай өзгерістер байқалмайды .Жел соққан кезде жел әсерінен бақа еті темір торға тигенде жиырылады.Ғалым тәжірбиесін тағы қайталап көрмек болады және тәжірбиені үйінің ішінде өткізеді.Бақа табанына темір тақта іледі бұл кезде бұлшықеттің жиырылу процесін байқайды.Бес жыл аралығында осы тәжірбиелерді орындап трактат еңбегін жазады тақырыбы бұлшықеттер қозғалысы электрлік күш деп аталады.Ғалым Вольт Гальвани тәжірбиесін бастапқы уақытта дұрыс емес деп өзінің зереіттеу жұмыстарын жасаған болатын тәжірбие барысында Гальвани тәжірбиесінің дұрыс екендігіне көзі жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет