1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология


Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау



бет6/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)
9 бжб 4 тоқсан, Педтех 9-10-11-12
10.Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады.
Ары қарай өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципі түрде «қалдықсыз технология» атауына ие болған жаңа тәсілді қажет етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненциалдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өңдеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек.
Шикізатты рециркуляциялау, яғни қатардан шыққан немесе моральді ескірген өнімдерді екінші қайтара өңдеу. Табысты рециркуляция металдарға балқытылған скраптың түрінде, электронды аппаратураның ломынан бағалы материалдарды электрохимиялық жолмен алынады. Шикізатты рециркуляциялау РПИ бойынша да табиғи ресурстардың сарқылу жылдамдығын біршама азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, рециркуляциясыз темір қорларының сарқылуы 250 жылды құрасы, 50% рециркуляция деңгейінде ол 580 жылға өседі, ал 80% рециркуляция деңгейінде енді 1330 жылға өседі.
11.Шикізатты өңдеудің каталитикалық процесстері.Каталитикалық крекинг және риформинг.
Каталитикалық риформинг-мұнайды тікелей айдау әдісімен өндеген бензин және лигрин өнімдерін қайта өңдеу үдерісі.Мақсаты бензиннің октан санын жоғарылату және мұнай химиялық синтездің бағалы шикізаты ароматты көмірсутектерді өндіру.
Катализатор табиғатына байланысты екі түрге бөлінеді:гидроформинг(метал оксидтери негизиндеги катализатор катысындагы удерис) және платформинг(курамында платина бар катализаторкатысындагы удерсис).
Каталитикалық риформинг процесі - жоғары температура мен қысымда, арнайы катализаторлардың қолданылуымен сутектік ортада өтеді. Процестің негізгі мақсаты төмен октандық бензиндік фракциялардан автомобильдік, авиациялық бензиннің жоғары октандық компоненттерін алу.Сонымен қатар аса тар бензиндік фракциялар риформингі нәтижесінде органикалық синтез үшін маңызды ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол және ксилолдар) алу болып саналады. Процестің барысында алынатын негізгі өнімдер: құрамында 30-дан 60%-ға дейін ароматты көмірсутектер қалғаны циклоалкандар мен қалыпты және изоқұрылымды алкандардан тұратын фракциялар. Осы алынған фракция құрамынан арендерді бөліп алу үшін арнайы қондырғыда экстракциялайды. Экстракция нәтижесінде алынатын өнімдер: бензол, толуол, ксилол, этилбензол және жоғары ароматты көмірсутектер мен 95%-ы парафинді көмірсутектерден тұратын ароматсыздандырылған (деароматтау) бензин (рафинат).Каталитикалық риформинг шикізаты ретінде қайнау температурасы 60°С және одан жоғары, ал соңғы қайнау температурасы 180°С-ден жоғары емес бензин фракциялары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет