1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология


Гомогенді химиялық процестер.Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы



бет9/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)
9 бжб 4 тоқсан, Педтех 9-10-11-12
13.Гомогенді химиялық процестер.Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Химиялық технологияда химиялық-технологиялық үдерістің маңызды сатысы химиялық өзгерістерді оқыту ерекше орын алады. Өнеркəсіптік үдерістерде жүретін химиялық реакциялар əртүрлі. Оларды əртүрлі белгілері бойынша жіктейді. Реагенттердің фазалық күйі бойынша гомогенді жəне гетерогенді реакциялар болып бөлінеді. Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды. Гомогенді реакциялардың параметрлері бірдей мәнді болады немесе үздіксіз өзгереді. Олардың жылдамдығы бір заттың уақыт бірлігіне сай концентрация өзгерісімен анықталады және әрекеттесуші масса заңына бағынады.  Гомогенді реакцияның мысалы ретінде азот оксидінің термиялық ыдырауы қарастырылады: 2N2O5= 4NO2 + O2.
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды факторларға
әрекеттесуші заттар табиғаты, олардың концентрациясы, температура, жүйеге
катализатордың (өршіткінің) қатысуы жатады

14.Гетерогенді химиялық процестер.Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер(Г-С),сұйық-қатты(С-Қ) жүйесіндегі процестер,газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер.
Гетерогенді деп екі немесе одан да көп фазалары бар жүйелерді айтады.
C(қ) + O2(г) → CO2 - гетерогенді реакция.Мысалы,екі фазалы жүйелер: газ – сұйық (Г – С), газ – қатты дене (Г – Қ), сұйықтық – сұйықтық (араласпайтын) (С – С), сұйықтық – қатты дене (С – Қ) және қатты дене – қатты дене (Қ –Қ). Гетерогенді химиялық үрдістерде тепе-теңдік, гомогенді үрдістердегі сияқты, дайын өнімнің шығымын айқындайды. Гетерогендік тепе-теңдікке температура, қысым, әрекеттесуші құрамдастар концентрациясы және с.с. әсер етеді. Гетерогенді үрдістер екі немесе одан да көп әрекеттесуші фазалар қатысуымен сипатталынатын болғандықтан, олар фазалар жанасу беті арқылы заттың тасымалдануымен өтеді.
Өндірістік тәжірибеде кең таралған Г-С гетерогенді жүйесі Генри заңымен өрнектеледі, ол таралу заңының жеке жағдайын көрсетеді: Р = . С с ,
мұнда Рг – газ фазадағы сіңірілетін компонентінің тепе-теңдік парциалды қысымы; – Генри тұрақтысы, қысым өлшемді;С с – сұйық фазадагы сіңірілетін компонентінің молярлық үлесі.Қайсы бір фазада өтетін бастапқы реагенттер және химия реакцияның өнімдеріарасындағы тепе-теңдік, гомогенді үрдістер үшін сияқты, тепе-теңдік тұрақтысы Кр, Кснемесе КN арқылы анықталады. Практикада жиі тепе-теңдікке жақындаған сайын үдемелеп төмендейді.
Газ-қатты (Г-Қ) жүйе үшін процестер және реакторлар
Химия өнеркәсібінде Г-Қ жүйесінде каталитикалық емес үрдістер кең қолданылады.
Оларға қатты сорбенттерде газдардың абсорбциясы мен десорбциясы, қатты заттарды
буландыру және буларын конденсациялау, қатты отынның пиролизі, қатты материалды
әртүрлі күйдіру түрлері жатады.
Г-Қ жүйелері үшін қатты материалдарды күйдіру және адсорбция үрдістері ең сипаты жақын. Күйдіру – қатты және газ тәрізді өнімдерін алу мақсатымен, сонымен бірге қатты материалдарға механикалық беріктілік беру үшін (силикаттар технологиясы) дәнді қатты материалдарды жоғары температуралық өңдеу. Күйдіруде әр түрлі физика- химиялық үрдістер – пиролиз, булану, диссоциация, кальциленендіру және т.б. – қатты фазадағы химиялық реакциялармен ұштасуымен, газ тәрізді және қатты реагенттермен, газды фазада жүруі мүмкін. Күйдіру үрдісінде сұйық фаза түзілумен қатты заттардың жартылай балқуы жүреді, ол басқа фазалармен әрекеттеседі. Күйдірудегі негізгі түрленудің бірі – қатты заттардың термиялық диссоциациясы.
Адсорбция– қатты сорбенттер бетімен газдарды сіңіру процесі. Газдар адсорбциясын ұшқыш еріткіштерді ұстап қалу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет