1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#61442
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
50 Esse Zharatylystanu

35.Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ 

сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге 

сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз. 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Ұлттық әдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – 



әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер тұтастығы.Қазақ музыка өнерінде 

аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан сері,Жаяу 

Мұса,Үкілі Ыбырай,Әсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның «Ақ сиса» өлеңі 

бүкіл қазаққа мәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те 

аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ 

туындайды. 

Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің ақын-

тұқымын әңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден 

Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол 

ауылдың жуаны Шорман әулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде пышақ айналмай 

қояды.Мұса Байжанұлы Шорман әулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін 

шығарды. 

«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа, 

Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі 

жыл болғандығын көркем дәлелдейді. Оның ерекшелігі – өлеңді бар қазаққа түсінікті 

қара сөзбен, тура мағынада жазады. 

«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса, 

Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең жолдарында басты ой 

жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы әлеуметтік теңсіздік айқын 

бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге әлімжеттік жасайтыны 

жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда жызалғын. Сондықтан,қазақ 

халқының әлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны. 

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын нақты 

жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман әулетіне бағытталған тоқтау 

сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын әріппен өшпейтін таңба қалдырған ақыл-

сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те 

атап кеткен.Осындай әнші ағамызға не жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз 

керек. 

 

 



 

 

 



 

36.Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген? 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Балуан Шолақтың аты аталғанда еске түсетін бір есім бар.Ол – Ғалия. 



Ақынның ғашығына арнап шығарған әніне қатысты жиырмаға жуық сөз мәтіні бар. 

Сол мәтіндерден Балуан Шолақтың сүйіспеншілік лебі анық байқалады.  

Сал-серілердің әнмен бірге айтылатын өлеңдері, көбінесе лирикалық сипатта 

болып келетіні сияқты Балуан Шолақтың «Ғалиясы» да махаббат сырын шертуге 

арналған.Ақынның бір ғана Ғалияға осыншама өлең арнауы ғашықтық сезімінің 

шексізсіздігін көрсетеді.Әйтсе де, ақынның қаламының шабытының шарықтауы 

болған Ғалия, расымене де қандай еді?  

«Ғалия» әнін тыңдап отырғанда, өткір мінезді сұлу қыздың «нұр сипаты» көз 

алдыңа келеді. «Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан» деп қыздың бейнесін эпитеттік 

метафорамен сипаттайды. Өлеңнің қайырмасында келіп, қайталанып тұратын 

«Ғалия – ау, бетіңнен, Әппақ қардай етіңнен» деген жолдардан сұлу қыздың нұр 

дидарын үздік теңеумен бейнелегені көрінеді. Осындай көркемсөз айшықтарын ақын 

өзінің арман – мұратын, іңкәр сезімін беру үшін шебер пайдалана білген деп 

ойлаймын. Ғашығының қол жетпес ерекше жан екенін өлеңдегі «айым да сен, күнім 

де сен» деген метафорамен жеткізсе, қыздың күлімдеп қараған көзқарасына « оң 

қабағы тартып» қуанатынын айтып, Ғалияны тоқсан құбылтып бейнелейді. 

Сонымен қатар, халықтың тұрмыс ерекшелігіне тән көркем бейнелер де ақын 

өлеңдерінен орын алған. «Менің көңілім, Ғалия, дауаласын, Ауған түйе секілді 

бейімдесең» деген жолдар – қазақ ақынының аузынан ғана шығатын бейнелі теңеу.  

Өлеңде сұлу қыздың өзіне ғана тән ерке қылығын «бір күн ауру, бір күн сау» деген 

сөздермен көрсете келе, ғашық жігітті сарсаңға салып қойған тәкәппар мінезін де 

бейнелейді. Ақын сүйгенінің бұл мінезіне ашуланбайды. «Бүйте берсең, жүйкемді 

құрытарсың» дей тұра, «қай қылығын қалқаның ұмытарсың» деп сол еркелігіне 

сүйсінгендігін байқатады. Алып жүректің Ғалияға арналған іңкәрлік сезімі ән – 

өлеңнің өн бойынан есіліп тұрады.  

Қорыта келгенде, сүйгенін әнге қосу – сал-серілер мен әнші –ақындардың бір 

қыры десек, ақын Ғалия бейнесін көркем тіркестермен бейнелейді. Тағдыр екеуінің 

махаббатын баянды етпегенмен, кейінгі ұрпаққа өлмес мұра ретінде сырлы да сазды 

ән қалды. Бұндай әндер қазақ барда мәңгілік жасайды деген сенімдемін. 

 

 



 

 

 



 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

37.Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын 



талдап жазыңыз. 

Сал- серілік өнерді халқына өлмес мұра етіп қалдырған әнші-ақындар –  тобы 

қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.Олар ақындық пен әншілікті, сазгерлікті қатар 

алып жүрген, сегіз қырлы , бір сырлы өнер майталмандары болды.Олардың 

назарынан ел арасындағы, заман ағымындағы бірде-бір мәселе тыс қалған 

емес.Мұның мәнісі неде? 

Бұл сұраққа жауап алу үшін , алдыменен, сал-серілердің көтерген мәселесі мен 

қозғаған тақырыптарына талдау жасап көрейік.Әнші-сазгер ақындар ел ішіндегі 

келеңсіз жағдайларды қаламына тиек етті.Олардың өздері де сол әлеуметтік 

ортаның әділетсіздігінің құрбаны болған.Сондықтан да, өз өлеңдерінде осы 

мәселелерді шыншылдықпен жазған деп ойлаймын. 

Біріншіден, сал- серілерге көрегендік қасиет тән сияқты.Себебі, айналадағы 

әлеуметтік теңсіздікті жіті бақылап, түйген ойларын батыл айтып отырғанын 

көреміз.Әсіресе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан, Әсеттің өлеңдерінде анық 

көрінеді.Жалғыз атынан айрылған Мұсаның жаяу атануы, Ақан серінің айықпас 

трагедиялық халі, Әсеттің туған жерден жат өлкеге кетуі, Біржанның  озбыр 

болыстың қиянатын көруі  көрінісі емес пе?Десе де, әнші-ақындар жырының  

күрескерлік мәні жойылмады деп ойлаймын.Сегіз серінің: «Қолыма ұстап жүрмін 

ерлік туын, Көзімнен туған өлке бір-бір ұшып, Сағындым көп Есілдің мөлдір суын» 

деген өлеңінде өмірлік мақсаттың бағдары айқын көрінеді.Сонымен қатар, туған 

елден артық ештеңе жоғын да аңғартады. Себебі, сал-серілердің көбі қуғын-сүргінге 

ұшырап, жат елде жүрген. 

Екіншіден, сал-серілер адамның еркін өмір сүруі мен бас бостандығын 

жырлайды.Сұлулық пен махаббатты дүниенің сән-салтанаты деп көрсетеді. 

Жақсылық пен жамандықты салыстыра суреттеу де, әнші-ақындардың қозғаған 

тақырыптарының өзегі болған.Ақан серінің жеті қыздың сипаты мен жігіттің он 

үш түрлі қасиетін жеке беруі «Адамның біліміне ақыл серік» деген идеясын 

ашатындай. 

Сонымен қатар, аңшылық, мергеншілік жайлы да жыр еткен.Менің ойымша, 

қазақ халқының саятшылық өнерін жыр етіп қана қоймай, мықтап сақтап қалған да 

–  осы ақындар тобы. 

Қорыта келгенде, әнші-сазгер ақындардың көтерген мәселелері әр алуан.Олар өз 

заманының айнасы іспеттес болған.Сондықтан да, өршіл, азаматтық сарындағы 

жырларын жазып қалдырды.Сал-серілер поэзиясы – бүгінгі күннің еншісіндегі асыл 

мұрамыз! 

 

 



БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



38.Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты 

кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз. 

         Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары өте көп болғаны соншалық, кітап ретінде 

жарық көрді. Ақын мысалды басқа елден аударады немесе өзі өмірлік оқиғаларға 

негіздеп жазады. Ең бастысы өмірлік мәні бар дүниелерді жануарға негіздеп, мысал 

түрінде қалдырған. 

       Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын 

іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін 

пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия 

үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін 

стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға 

ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық 

мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан 

қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына 

ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп 

жіберді. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең 

оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. 

Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, 

“Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” 

мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар 

психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын 

алған. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, еркіндік ьасым, 

қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар 

айтылады. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар "Маса" 

кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан 

кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, 

бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – 

басты сарын болып табылады. 

         Қорыта келе, мысал арқылы Ахмет Байтұрсынов халыққа ой салғандай болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



39.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне 

қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз. 

Бұдан екі жүз жыл бұрын «Азулыға бар заман, азусызға тар заман» деп, 

әлеуметтік әділетсіздіктің пердесін сыпырған асау ақын – Шортанбай. XIX ғасырда 

белең алған патша отаршылдығының ойранын, дінсізденген, құлдыққа көндіге 

бастаған есіл жұрттың мұң-қайғысын жырлап өткен «Зар заман ақыны» сол кездегі 

жастарды да аяусыз сынайды. Ендеше, заманы алыс Шортанбай сөздерінің XXI 

ғасырдағы ұл мен қыз тәрбиесіне қаншалықты қатысы бар? 

Шортанбай «Зар заман» өлеңінде өз заманының жастарына кінә арта отырып, 

болашақта Ақырзаман келеді деп болжаған. Әйтпесе, ақын былай деп толғамас еді: 

«...Заманақыр кезінде 

Ұл туады атаменен егесіп, 

Қыз туады анамен теңдесіп, 

Баласы кетіп тыюдан». 

Біздің заманымыздағы қазақ баласының бәріне ата-ана тарапынан тыйым бар 

деп айта алмаймын. Өйткені, өз өміріне қалай болса солай қарап, от басқан, соңында 

тастанды балалар санын көбейтіп жатқан бойжеткендер баршылық. Оның 

жиіркенішті бір мысалы, әжетханадан, қоқыс жәшіктерден табылған - кінәсіз 

сәбилер. Қайда, не істеп жүргенін ата-анасына айтпайтын, сырласпайтын ұлдар да 

көп. Соның салдарынан, жасөспірімдер арасындағы қылмыс та аз емес. Қазір ұлдарға 

ата-ана, достардан гөрі «виртуалды өмір» ұнайды. Егер осы бір жағымсыз, адамға 

жат қылықтар көбейе берсе, болашағымызға қауіп төнбей ме?! «Атамен егескен ұл 

қадірсіз, анамен теңдескен қыз қадірсіз» дер едім. 

Шортанбай ақынның ойларын данышпан Абай «Заманақыр жастары» өлеңінде 

жеріне жеткізе, ойын сабақтастырған. Өкінішке орай, ар мен иманын саудаға 

салып, еңбексіз, жанын қинамай-ақ баюды ойлайтын жастар да бізде кездеседі. Бір 

таң қалатыным, екі ұлы ақын да «Ақырзаман жастарынан» қатты қауіптенген. 

Менің ойымша, Заманақыр болмайды! Неге десеңіз, біздің жастарымыздың бойында 

рухани құлдыраудан гөрі даму басым. Елімізде Шортанбай мен Абайды, Әуезов пен 

Мұқағалидың шығармаларын оқиды. Көпшілік жастар ата-ана, ұстаз, үлкендердің 

айтқанына ден қояды. Қытайда өнер көрсетіп, миллиардтаған әлем көрермендерінің 

ықыласына бөленген Димаш Құдайбергеновтың тұлғасы – соның дәлелі. Оның шет 

елде жүріп қазақ тілінде сөйлеуінің өзі жастарға да, үлкендерге де тамаша үлгі боп 

отыр. 

Қорыта келгенде, «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біздің жастарға да 

Шортанбайдың айтқаны сияқты өткір сын қажет. Сонда ғана ар-намысымызға 

тиетін қасиетсіз қылықтардан жастар да арылады деп ойлаймын. 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

40.Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз. 

         Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы 

тұлға. Оның поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, бар 

ынта мен ықыласы ауа түседі. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ой мен 

идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-

жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл 

ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал 

еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін 

қадаған көпшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол 

кездегі әлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Іс-әрекетте ішкі рухани дүние – «иман 

жүзің сай болу керек» дегенді айтады. 

       Осыған орай, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 

...Бес нәрседен қашық бол,  

Бес нәрсеге асық бол,  

Адам болам десеңіз.  

Тілеуің, өмірің алдыңда,  

Оған қайғы жесеңіз.  

Өсек, өтірік, мақтаншақ,  

Еріншек, бекер мал шашпақ –  

Бес дұшпаның, білсеңіз.  

Талап, еңбек, терең ой,  

Қанағат, рақым, ойлап қой –  

Бес асыл іс, көнсеңіз,.. –  

деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге 

шақырады. 

        Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне, 

олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен 

қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар, 

өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мәселен: 

Адамның бір қызығы – бала деген, 

Баланы оқытуды жек көрмедім, - 

деген. 

       «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде: 

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, 

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. 

Арамдықтан жамандық көрмей өалмас 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, -  



деп, жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа 

әуестенудің түбі баянсыз екенін ескертіп, амандықтан жирендіруге тырысады. 

Сондықтан «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос 

жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады: 

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, 

Малың болса сыйламай тұра алмас ел. 

Қаруыңның барында қайрат қылмай, 

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел, -  

дей отырып, қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы 

табыс табудың жолын нұсқайды. 

       Жастық шақта әртүрлі өнер үйренуге талпынудың керектігі, бұл орайда күншіл 

болмай, тату болуды, ынтымақ-бірлікті сақтай біліп, уақытты бос өткізбеудің 

жолы «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі: 

Керек іс бозбалаға – талаптылық,  

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. 

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, 

Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық. 

        Қорытындылай келе, Абай шығармалары ұлттық сөз өнеріміздің көркемдік үлгісі 

ретінде орнықты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 

 

 

41.Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын 

ойлайтын батыр екенін дәлелдеп жазыңыз. 

  Кеңес дәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен 

тығыз байланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға 

жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дәуірдің 

өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дәуірде де таныта білген жүйрік ақын. 

Жамбылдың эпикалық жырау ретінде халыққа танытқан шығармаларының бірі – 

«Өтеген батыр». Дастанның басты кейіпкері Өтеген қандай батыр? 

Жырдағы Өтеген – халық ішінен шыққан қаһарман. Ол үнемі халықпен, өзінің 

жауынгер серіктермен ақылдасып отырады. Бұл тұста ақын: 

Жинап алып нөкерін, 

Жарқылдады ол қырандай. 

Батыр барлық халықпен 

Ақылдасты ұрандай, - 

деп жырлайды. Өтеген батыр өз халқының қамын ойлап жер кезеді. Ел-жұртына 

жйлы қоныс іздейді. Шығысқа да, батысқа да барады. Қасындағы жауынгерлермен 

талай азап, қиыншылық көреді. Сонда да шыдас береді. Серіктерін төзімділікке 

шақырады. Халық мүддесі үшін мақсат-мұратқа жететініне сендіреді. Сөйтіп 

оларды жеңіске үндейді.  

Қара қазан, сар бала 

Қамы үшін қамдана, 

Қонысқа жер іздейді. 

Мен табамын, табамын, 

Бұлақ аққан жерлерді. 

Көгі көктем, гүл жарып,  

Құрақ атқан жерлерді. 

Төрт түлікке ыңғайлы, 

Толқын көлі, тоғайлы, 

Көгінен набат, жерден нұр 

Құлап жатқан жерлерді. 

Жұт болғызбай, құт қонғызған, 

Қой үстінде бозторғай 

Жұмыртқалап, бақ қонған, 

Сүйікті қазақ халқына 

Ұнап жатқан жерлерді... 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

          Сонымен бірге дастан ел аузында аңы түрінде айтылып жүрген мифтік 



элементтерге де бай. Өтеген батыр қазақ даласының батыс жағын аралай жүріп 

Ақтөбе өңіріне жеткенде, алдынан айдаһар, абжылан, жезтырнақтар шығады. 

Ондай тағы дүлей күштермен арпалысып, оның бәрін де жеңіп, өзінің жігіттерін 

аман сақтап қалады. Мұның бәрі Өтегеннің батырлығын, ақыл-айласының басым 

екенін бейнелеу үшін алынған суреттеме тәсілдер. 

         Қорытындылай келе, Жамбыл Алланың өзіне дарытқан өнеріне, өлеңіне, 

жырына сенеді, уытты сөзіне арқа сүйеді, сол арқылы айбат шегеді, айбар 

көрсетеді. Ол өзінің орынды жырларында: «Сөзім – жалын, домбырам – найза» деп 

термелейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет