1-модуль. Мектепте оқыту жүйесінің XXI ғасырда білім беруге бағдарлануы



бет6/10
Дата26.08.2020
өлшемі1,14 Mb.
#77028
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1-модуль ЖҒС

Шығармашылық ойлау сапасы


Бір дөңгелекті таңдап алып, оны толық аяқтап салып шығыңыз

Өзін-өзі бағалау: Өзіңіздің қаншалықты айрықша және креативті ойлайтыныңызды бағалаңыз

5-тапсырма: Кестемен танысып шығыңыз. Сіз өз тәжірибеңізде осындай тапсырмаларды қолданасыз ба?


КРЕАТИВТІЛІК ДЕҢГЕЙІ

АНЫҚТАМАСЫ

ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МЫСАЛЫ

 

Еліктеу, ұқсату

Түпнұсқаға ұқсас көшірмесін жасау. Бұл – шығармашылық міндеттерді орындауда бастапқы түрткі болатын негізгі дағды.

Әдеби шығармадан алынған үзіндіні жаттап, топтың алдында дауыстап оқып беру.

Өзгерту

Белгілі бір шығарманың, туындының бір немесе бірнеше аспектілерін өзгертіп, басқа бөліктерін дәл көшіру арқылы жаңа дүние жасау.

Әдеби шығарма үзіндісінен алынған бір сөйлемнің грамматикалық құрылымын өзгертпей, мазмұны мен сөздік құрамын өзгертіп қайта жазып шығу.

Біріктіру

Бір немесе бірнеше шығарманы біріктіріп, бір жаңа шығарма, туынды жасап шығару.

Сыныпта зерттеп-зерделенген қарапайым тетіктерді пайдаланып, «ақылды машина» жасап шығару.

Түбегейлі өзгерту, жаңғырту

Бұрыннан бар шығарманы, туындыны басқа нысанда немесе пішімде іске асыру үшін бейімдеп өзгерту.

Сыныптағы сабақта өтілген тарихи оқиғаларды уақыт осіне орналастырып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар мен оқиғаларды жеке тарауларға бөліп қарастыру.

Түпнұсқа дүние жасап шығару

Бұрынғы шығармаларды қайталамайтын, ұқсас болса да, аса елеулі ұқсастығы жоқ жаңа шығарма немесе туынды жасап шығару.

Қысқа әңгіме жазу.

1. Өзіңіздің жақында өткізген сабағыңыздағы тапсырмаларды талдаңыз. Ұсынылған тапсырмалар қаншалықты қызықты және өмірмен байланысты?



2. Сіз бұл тапсырмаларға қандай өзгерістер енгіздіңіз?



3. Курста оқу барысында пайдалану үшін жазып қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет