1-модуль. Мектепте оқыту жүйесінің XXI ғасырда білім беруге бағдарлануы



бет10/10
Дата26.08.2020
өлшемі1,14 Mb.
#77028
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1-модуль ЖҒС

Оқыту Технологиялары


Гонконг

«Оқуды үйрету» білім беру реформасы қолданбалы білім беруге және басқа да оқыту тәжірибелеріне, оның ішінде жұмыс барысында үйрету мен қызмет көрсетуге арналған.

2000

Жапония

«Өмірдің мәні» білім беру реформасы жаттанды түрде есте сақтауға қарағанда эксперимент жүргізу, проблемаларды айқындау тәсілдерінің маңыздылығына баса назар аударады.

2006

ҚХР

Оқушылардың топтағы қарым-қатынас және бірлесе жұмыс істеу, проблемалы міндеттерді айқындау және шешу, білім алуды үйрену қабілеттеріне баса назар аударылады.

2010

Финляндия

«Азаматтық дағдыларға» басты назар аударылады:

1) ойлау, проблемаларды шешу және креативті ойлау дағды-біліктері;

2) жұмыс істеу және өзара әрекеттестік дағдылары;

3) қолөнер және мәнерлі бейнелеу дағдылары;

4) ынталылық, бастамашылдық;

5) саналылық және жеке жауапкершілік.



2010

Сингапур

ХХІ ғасыр оқушыларына қажет қабілеттер мен көрсеткіштердің жаңа жиынтығы белгіленді. Бағдарламаның мақсаты – оқушыларды ғаламдық мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға бағдарлау.

2010

АҚШ

Жалпыға бірдей мемлекеттік стандарттарға қатысты бастама стандарттарды «анағұрлым қатаң мазмұнмен» толтыру, барлық оқушылардың ХХІ ғасырға дайын болуы үшін, олардың алған білімін «жоғары деңгейлі білік-дағдылар арқылы» қолдануын қамтамасыз ету мақсатында оларды қайта белгілейді.

2010

10-тапсырма: 1.7-ресурс материалдарымен танысыңыз.


Оқыту әдістерін қолданысқа енгізіп қана қою жеткіліксіз, ұзақ дайындықтың немесе арнайы құрал-жабдықтардың қажеттігі бұл әдістердің қолданылуын шектеуі мүмкін. Білім берудегі көптеген революциялық әдістер, мысалы, Дьюи тәсілі немесе Монтессори әдісі педагогтерді шабыттандырғанымен, баяу қолданысқа енгізіледі.

Керісінше, оқыту мазмұнынан алшақтау арзанқол технологиялар білім беру процесіне тез және тиімді еніп, жалпы көпшілікке кеңінен таралуы мүмкін. Осы себептерге байланысты білім беру жүйесі бұған дейін тікелей білім беру қолжетімді болмаған жағдайда білімді жеткізу құралы ретінде баспа оқулықтарын қолдана бастаған. Сондықтан ең алдымен жаппай қолданушыға бағытталған технологияларды және солардың негізінде жасалған шешімдерді талқылау қажет.

Оқыту мен оқуға қандай өзгеріс енгізу қажет?

11-тапсырма: Өз пәніңізді оқытуда қолданылатын тиімді оқыту технологияларын ұсыныңыз. 1.8-ресурс

Рефлексия

    • Сізге қандай бағыт бойынша кәсіби даму қажет?
    • Вебинарға арналған сұрақтар әзірлеңіз.

Оқудың бірінші күніне шолу:

3 минуттық эссе

Оқуды қорытындылау

Вебинар

«Оқыту мен оқудағы

икемді дағдылар»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет