1. Оқытушы туралы мәліметтер


-ДӘРІС Тақырыбы: Астық тұқымдас, астық және бұршақ дақылдардың негізгі аурулары. Күресу шараларын ұйымдастыру



бет16/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

5-ДӘРІС
Тақырыбы: Астық тұқымдас, астық және бұршақ дақылдардың негізгі аурулары. Күресу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдас, астық және бұршақ дақылдардың негізгі аурулары. , олармен күрес шараларымен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Астық тұқымдас дақылдарға залал келтіретін аурулар, олармен күресу шаралары
2. Астық және бұршақ дақылдарына залал келтіретін аурулар, олармен күресу шаралары
Тақырыптың мазмұны.

Тозаңды қаракүйе. Қоздырғышы –Ustilago tritici (Pers.) Yensen. Залалданған бидай масақтары жапырақ қынаптарынан жаңадан шығып келе жатқан кезде байқалады. Орталық өзекшесінен басқа барлық мүшелері толығымен ауру қоздырғышының телиоспораларынан тұратын қаракүйе тозаңына айналады. Олардың пішіні дөңгелектеу, немесе сопақтау, реңі қоңырқай келеді, сыртқы қабықшасы жылтыр,мөлшері 7-9х5-7 мкм,үстінде сүйел тәріздескішірек өскіндер байқалады. Олар сау өсімдіктер гүлдеген кезеңде тозаңдап, ауа ағынымен егіске таралады. Телиоспоралар гүлдің аналығына келіп қонып, тамшы ылғал немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, өніп 4 жасушалы промицелий түзеді. Қарама-қарсы жынысты жасушалар бір-біріне қосылғаннан пайда болған саңырауқұлақтың қос ядролы жіпшесі жыныс түтікшесі арқылы ұрыққа еніп, онда келесі маусымға дейін тыныштық қалпында сақталады. Тозаңды қаракүйемен залалданған және сау дәнді сырттай ажырату мүмкін емес. Гистологиялық және люменесценттік әдістерді пайдалан отырып, дән ұрығында мицелий бар-жоғын анықтауға болады. Бидайдың тозаңды қаракүйеге шалдығуы масақтану кезеңіндегі ауа-райына, сорттардың гүлдеу ерекшеліктері мен ауруға беріктігіне тікелей байланысты. Телиоспоралардың өнуіне 20-25 0С аралығындағы температура қолайлы. Тамшы ылғал немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65-70% және одан жоғары болса,олар өніп, болашақ ұрықты залалдайды. Осыған байланысты бұл ауру бидайдың масақтану-гүлдеу кезеңінде жаңбыр жиірек жауатын солтүстік және шығыс аймақтара жиірек, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет