1. Оқытушы туралы мәліметтер


-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы



бет62/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзегеасыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2002.02.18. №293, 2006.01.31. №125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2009.07.17. №189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

1 кесте – Ішкі карантинге жататын ағзалар тізімі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет