1. Оқытушы туралы мәліметтер


кесте –Тұқымдарды өңдеу үшін және өсімдіктің өсу даму барысында



бет60/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

1 кесте –Тұқымдарды өңдеу үшін және өсімдіктің өсу даму барысында
дәрілеу үшін қолданылатын препараттар

Көрсеткіштер

Әсер етуші заттың аталуы
















Дақыл
















Сатылатын атаулары
















Әсер ету механизімі
















Өңдеу мерзімі
















Ауру
















Қолдану әдісі
















Күту мерзімі
















Қауіптілік класы
















Бақылау сұрақтары:

  1. Қызанақ пен баялының саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады?

  2. Көкөніс дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын шектеуде ауыспалы дақыл, органикалық және минералды тыңайтқыштар қандай рөл атқарады ?

  3. Көкөніс және бақша дақылдарының тұқым арқылы таралатын вирус және бактериялы аурулардан айықтыру үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?

  4. Қызанақ ауруларына қарсы қолданылатын фунгицидтер және олардыңқолдану ерекшелігіне тоқтал.



Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  3. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  4. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  5. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т.Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 112 б.

  6. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  7. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  8. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

Защита садовых культур: Учебное пособие / Сост.: Л.Н. Соколова, О.В. Антюхова. – Тирасполь, 2020. – 136 с. obzorintegrirovannayazashchita.pdf
8 тақырып. Арамшөптердің жіктелуі. Гербицидтер. Күресу шаралары.
Сабақтың мақсаты: Арам шөптердің гербицидтердің жіктелуін талдау. Арамшөптермен күресу шараларының жүйесімен танысу. Пестицидтердің биологиялық және шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерін меңгеру.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, гербарийлер, тұқымдар коллекциясы. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: Арамшөптердің агробиологиялық топтары: тоғышар және жартылай тоғышар арамшөп түрлерінің өкілдерімен танысу. Гербицидтерге сипаттама жасау .
2- тапсырма: Формулаларды жазып алу, инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау
3- тапсырма: 1,2,3- кестелерді толтыру.
Жұмыстың барысы:
Биологиялық тиімділік зақымдалған өсімдік санын, өсімдік мүшелерінің зақымдалуын, зақымдалу дәрежесінің төмендеуін немесе зиянды ағзалардың өлуін пайызбен көрсетеді.
1 - тапсырма. Формулаларды жазып алу, инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру.
Өсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі.
Өсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі есептеу үшін көбінесе Аббот формуласы қолданылады:
Э=(А-В) 100/A
Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының төмендеуі пайызбен көрсетілген немесе өсімдіктің әр түрлі ағзалармен зақымдалуы бақылау арқылы есептелінген, (%);
А - бақылаудағы нақты есептеу мерзімінде зақымдалған өсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны, (дана);
В – тәжірибедегі нақты есептеу мерзіміндегі зақымдалған өсімдіктер немесе тірі қалған дарақтар саны, (дана).
Кейбір жағдайларда, әсіресе көбеюдің үлкен мүмкіншілігі бар түрлеріне Абботтың модификацияланған формуласы қолданылады:
Э=100х[1-(Та х Св / Тв х Са)]
Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының төмендеуі пайызбен көрсетілген немесе өсімдіктің әртүрлі ағзалармен зақымдалуы бақылау арқылы есептелінген, (%);
Тв – тәжірибедегі өңдеудің алдындағы зақымдалған өсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны;
Та – тәжірибедегі өңдеуден кейінгі зақымдалған өсімдіктер немесе тірі дарақтардың саны;
Св - бақылаудағы алдын ала есептеуде зақымдалған өсімдіктер немесе тірі дарақтар саны;
Са - бақылаудағы кейінгі есептеуде зақымдалған өсімдіктер немесе тірі дарақтар саны;
Есеп А). Жаздық жұмсақ бидайдың егістігін инсектицидпен өңдеуге дейін (масақтану фазасының аяғында) бидай трипсінің имаголарының саны қаққышпен 100 рет қаққанда №1 егістікте - 720 дарақ, №2 егістікте -680 дарақ, №3 егістікте - 760 дарақты құрады. №2-3 егістіктер фосфорорганикалық инсектицидтермен өңделді. №1 бақылау ретінде өңдеусіз қалды. Бүркігеннен бір тәуліктен кейін егістіктің нөмерлеріне сәйкес бидай трипс саны 670, 127, 155 құрады. Үшінші тәулікте сәйкесінше - 420, 110, 115. Инсектицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау керек.
1 кесте - Жұмсақ бидайдағы бидай трипсіне қарсы инсектицидтердің биологиялық тиімділігі

Егістіктер



Қаққышпен 100 рет қаққанда трипс саны

Биологиялық тиімділігі, %

өңдеуге дейін

есептеу күні

есептеу күндері

1

3

1

3

№2
















№3
















№ 1 - өңдеусіз










-

-

Есеп Б). №6 танапта жұмсақ бидай егістігі астық сұр көбелегінің жұлдызқұрттарына қарсы пиретроидтар тобының инсектицидтерімен, №7 егістігі фосфорорганикалық қосылыстар тобымен өңделген. Масақтарды кесіп, жұлдызқұрттарды өңдеу алдында санағанда 100 масақтан мынадай сандар анықталды: №6 танаптан - 15 жұлдызқұрт, №7 танаптан - 14 жұлдызқұрт. Бүркуден кейін 3 және 7 күндері есептеу кезінде №6 танапта сәйкесінше 3 және 5 жұлдызқұрт/100 масақта, №7 танапта сәйкесінше 1 және 3 жұлдызқұрт/100 масақта табылды. Сол уақытта өңделмеген танапта (№1) есепке алу мерзімінде сәйкесінше мынадай сандар болды: 14 -15 - 13 жұлдызқұрт/100 масақта. Қай топтағы инсектицидтердің биологиялық тиімділігі жоғары болып шықты?

  1. кесте - Егістікте бидай астық сұр көбелегі жұлдызқұрттарына қарсы
    препараттардың биологиялық тиімділігі

Егістіктер

100 масақта астық сұр көбелегінің жұлдызқұрттар саны

Биологиялық
тиімділік, %

өңдегенге дейін

есеп жүргізу күндері

есеп жүргізу күндері

3

7

3

7

№6
















№7
















өңдеусіз (№ 1)










-

-

Есеп В). Арпа егістігінде гессен, швед шыбындары және сабақ бүргелерімен өңделмеген бақылау нұсқасында сабақтардың зақымдалуы 11,2% құрады. Инсектицидтерді қолданған нұсқада есептеу жүргізген уақытта (бүркуден 2 жұма өткеннен кейін) 3,5% сабақ зақымданған болды.
Сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы инсектицидтермен бүркудің биологиялық тиімділігі қандай?

  1. кесте - Арпа егістігін сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы бүркудің биологиялық тиімділігі




Нұсқа

Зақымдалған өсімдіктер, %, дернәсілдер саны (өңдегеннен 14 күннен кейін)

Биологиялық тиімділігі, %

Инсектицидтермен өңделген







Бақылау (өңдеусіз)




-

2 - тапсырма: Формулаларды жазып алу, фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру.

Өсімдіктің ауруларынан қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі. Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау кезінде негізінен аурудың даму (зақымдалу дәрежесі) көрсеткіштерін, жекелеген жағдайларда өсімдіктің немесе бөлек мүшелерінің таралу (залалдану) көрсеткіштері қолданылады.


Аурудың таралуын мына формула арқылы анықтайды:
P = n x 100/N,
Р - аурудың таралуы, (%);
N - сынаудағы өсімдіктердің жалпы саны;
n – сынаудағы закымдалған өсімдіктердің саны, (дана).
Аурудың дамуын немесе залалдану дәрежесін мына формула бойынша есептейді:
R = (∑аb) x 100 / N x К,
R - аурудың дамуы, (%);
∑ab - (a) залалданған өсімдіктер көбейтінді санының қосындысы, (b) залалдану балы немесе оған сай келетін дәреже;
N -есептелетін өсімдіктер саны, жапырақтары, жемістері, тамыр жемістері;
К -залалдануын бағалау үшін қолданылатын балл шкаласы немесе зақымдалу дәрежесінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Аурулардан қорғау құралдарының биологиялық тиімділігін келесі формуламен есептейді:


Э = Пк-По/Пк х 100
Э - өсімдіктердің залалдану дәрежесінің төмендеуінің пайызбен көрсетілген биологиялық тиімділігі, %;
Пк - бақылаудағы өсімдіктердің залалдану дәрежесі немесе даму пайызы;
По - өңделген алаңдағы өсімдіктердің залалдану дәрежесі немесе даму пайызы.
Есеп А). Бидай өскінінде аурудың даму дәрежесі бойынша тұқым дәрілеуіштің биологиялық тиімділігін анықтау. Өңделмеген алқапта қаралған 100 өсімдіктердің залалданған дәрежесі 1 балл 25 өсімдік, 2 балл -7 өсімдік, 3 балл - 2 өсімдік болды. Өңделген алқапта 100 өсімдіктің 5 өсімдігінде зақымдалу дәрежесі 1 балды құрды, 1 өсімдікке - 2 балл.
Есеп В). Таралу көрсеткіштері бойынша қоңыр татына қарсы фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау. Өңделген алқапта бүркігеннен 3 жұмадан кейін қаралған 150 өсімдіктің 11 өсімдігінде күлдіреуіктер байқалады. Өңделмеген алқаптарда есептеу жүргізген уақытта барлық 167 өсімдікте күлдіреуіктер байқалады.
3-тапсырма. Пестицидтердің шаруашылық тиімділігін есептеу.
Өңделген алқапта өңделмегенге қатысты сақталған өнім мөлшері бойынша бағаланады және зиянды ағзалардан өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану нәтижесінде бірлік көлемде алынған өнімнің қосымша саны шаруашылық тиімділігін көрсетеді.
Мына формула бойынша анықталады:
Х.Э. = Уо-Ун / Уо х 100,
Х.Э. - шаруашылық тиімділігі, (%);
Уо - пестицидтермен өңделген алқаптағы негізгі өнімнің өнімділігі;
Ук - өңделмеген алқаптағы негізгі өнімнің өнімділігі.

3 - тапсырма: Формулаларды жазып алу керек және бидайды пестицидтермен өңдеудің шаруашылық тиімділігін анықтау керек.


5 кесте - Пестицидтердің шаруашылық тиімділігі

Нұсқа



Тұқым өнімі

ц/га



Ауытқуы, ±

ц/га

%

Бақылау (өңдеусіз)

11,0







Өскінді өңдеу

Инсектицидпен өңделген

12,2







Түтіктену фазасында егістікті өңдеу

Фунгицидтермен өңделген

13,8







Дәннің сүттене пісу фазасында егістікті өңдеу

Инсектицидтермен өңдеу

14,0











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет