1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы


Алматы — ғылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы



бет4/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция
ЖОО --МӨЖ, 4-лекция, 13 билет ресурс кз, Кымбат Метеорология (каз), Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия, ландшафттану Байсеркеева Л
Алматығылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деген бейресми атауы да бар.
Аумақтық бірліктердің жергілікті мәселелерді шешуде өзіндік, яғни жергілікті басқару мүмкіндігі бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан 5 бөлікке - Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөледі.
Экономикалық-географиялық жағдайы
Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.
Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

  • әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);

  • көрші елдерге (көршілік жағдай);

  • халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

  • ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.
Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.
Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жоқ (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.
Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.
Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.
Әлемдік дамудың қазіргі бағыттары және олардың Қазақстандағы қоғам мен шаруашылықтың дамуына әсері. Нарықтық экономикалық қатынастарға өту және сонымен байланысты Қазақстан Республикасы шаруашылығындағы, әлеуметтік өміріндегі құрылымдық өзгерістер. Әлемдік нарықтық жүйелер орталықтары мен (қаржы, сауда және қызмет көрсету т.б.) қарым-қатынастарды дамыту.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
2 тақырып. Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары.
Жоспар
1 Қазақстанның табиғат жағдай
2 Табиғат ресурстарымен қамтылуы
Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет