1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Қазіргі педагогикалық психологияның өзекті мәселелері



бет3/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
6. Қазіргі педагогикалық психологияның өзекті мәселелері
Лоқыту түрлерін белсендіру, педагогикалық еңбектестік, қарым-қатынас, білімді меңгеруді басқару, мақсат ретінде оқытылатын субъекті дамыту және т.б. Осы кезеңде педагогикалық психологияның өз дамуында компьютерлік техниканы пайдаланып жаңа сатыға көшуінің алғы шарттарының қалыптасуы адамзаттың XXI ғасырға – Адам ғасыры, гуманитарлық дәуір ғасырына көшудің глобалды проблемаларын шешумен астарласып жатыр. Бұл жаңа дәуірде жаңа ақпараттық технологияларды құрушы, оны еркін пайдаланатын адамның дамуы оған жаңа индустриялық, ақпараттық кеңістікте еркіндік береді. *** Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теоретикалық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы болып табылады. Оның өзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны талдау бізге оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.


7. А. Б. Орлов бойынша қазіргі білім берудің негізгі принциптері .
• Субординация принципі – балалық әлемі – бұл үлкендер әлемінің бір бөлшегі, оның дербес емес қосалқы, бүтінге сай келмейтін және оған бағынышты бөлігі.
• Тепе-теңдік принципі – балалық әлемі және ересектік әлемі - адам әлемінің мүлдем теңқұқылы бөлік-тері, олардың «абыройлығы» мен «жетіспеушіліктері» бір-бірін үйле-сімді толықтырып тұрады.
• Монологизм принципі – балалық әлемі- оқушылар мен тәрбиелену-шілер әлемі, үлкендер әлемі - мұғалімдер мен тәрбиешілер әлемі. Өзара әрекеттесу мазмұны тек бір бағытта ғана беріледі –үлкендерден – балаларға.
• Диалогизм принципі-балалық шақ әлемі сияқты, ересек әлем сияқты де өзіндік мазмұнға ие.... осы екі әлемнің өзара іс-қимылы диалогтық және тұтас "оқу-тәрбие процесі"ретінде құрылуы тиіс...
• Үстемдік жүргізу принципі – үлкендер әлемі үнемі өз заңдарын балаларға жүргізіп отырған, балалар әлемі үлкендер әлеміне қарағанда үнемі қорғанышсыз болған. Ол ешқашан және ешқандай түрде оған әсер етпеген.
• Бірлесіп өмір сүру принципі –балалық әлемі мен үлкендер әлемі екіжақты суверенитетті қолдап отырулары қажет: үлкендердің әрекеттеріне қандай қажеттіліктер түрткі болғанына қарамастан, балалар үлкендердің әрекеттерінен зардап шекпеулері тиіс.
• Бақылау принципі – оқыту мен тәрбие берудің қажетті элементі ретінде қарастырылатын үлкендер әлемін бақылау, бұл бақылау балалар әлемін үлкендер әлемімен күштеп ассимиляциялауды қамтамасыз етеді.
• Бостандық принципі – үлкендер әлемі балалық әлемін қадағалаудың барлық түрлерін жоюы тиіс (өмір және денсаулық сақтаудан басқа), балалық әлеміне өз жолын таңдауын ұсынады.
• Есею принципі – балалық әлемінің дамуы ылғи есею ретінде, яғни балалардың қозғалысы үлкендердің құрған жас ерекшелік «баспалдақ-тары» бойынша қарастырылған.
• Бірге даму принципі – балалар әлемінің дамуы - бұл процесс үлкен-дер әлемінің дамуымен қатар жүреді, адам дамуының мақсаты - ішкі және сыртқы «МЕНнің» үйлесімін табу.
• Инициация принципі – үлкендер әлемі мен балалар әлемінің ара-сындағы шекараның болуы және адамды бір әлемнен басқа әлемге ауыстыру.
• Бірлік принципі – балалық әлемі мен үлкендер әлемі екі шектелген әлемдерден тұрмайды (ауысу шекара-лары бар), олар адамдардың бірыңғай әлемін құрайды.
• Деформация принципі – балалық әлемі ылғи үлкендердің араласуымен бұзылады.
• Қабылдау принципі – адам басқа адамдармен қандай болса сондай болып қабылдануы тиіс, оның үлкен-дік және балалық бағалануларға, нормаларға қатысы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет