1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Проблемалық-белсенді оқыту теориясы



бет9/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
15.Проблемалық-белсенді оқыту теориясы.
Проблемалық оқыту технологиясы - оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялардың бірі. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология.
Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әр түрлілігін түсінуге болады. Бұл оқыту оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді.
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген.
16.Символдық-контексттік оқыту
Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А.А. Вербицкиймен жасалынады.
17. Бағдарламаланған оқытудың мәні. Бағдарламаланған және алгоритмдік оқыту
Мектеп информатикасында алгоритмдеуді оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
біріншісі –дамытушылық аспекті, оқушылардың алгоритмдік ойлауының дамуы;
екіншісі – бағдарламалық, кәсіби бағытталған аспекті. ЭЕМ үшін бағдарлама құру, алгоритм құрудан басталады: бағдармалаушының ең маңызды кәсіби сапасы – логикалық-алгоритмдік ойлаудың дамуы.
Алгоритмдеу мен бағдарламалауды оқытудағы негізгі мәселе – бағдаламалау тілін, алгоритмді жазу тілі мен ЭЕМ-нің түрін таңдауға байланысты. Ал, одан да аса маңызды мәселенің бір - алгоритмдеу проблемаларын шешуге пайдаланылатын әдісті таңдау.
Алгоритмдік тілді меңгеру IX сынып информатика курсының маңызды мәселелерінің бірі болады. Алгоритмдік тіл оқытуда екі негізгі міндет атқарады.
Біріншіден, оны қолдану курста қарастырылатын барлық алгоритмдерді стандарттауға, оларға ортақ форма беруге мүмкіндік жасайды, бұл жайт алгоритмдендірілген мәнін түсіну үшін алгоритмдердің қасиеттері туралы түсініктері қалыптастыру үшін маңызды. Екіншіден, алгоритмдік тілді оқу бағдарламалы тілін және оны пайдалану ережесінің құрылымдық қарапайымдығы бұл тілді бағдарламалау элементтеріне баулудың бастапқы кезеңінде ойдағыдай қолдануға мүмкіндік береді. Оның негізгі құрылымдарының ережелері көптеген бағдарламалау тілдерінің негізіне алынған. Сондықтан алгоритмдік тілді игеру келешекте бағдарламалау тілдерін пайдалануға көшкенде жеңілдік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет