1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыбы. Кәсіпорынның негізгі капиталы



бет4/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, Жалбыз - емдік өсімдік, 1513435150, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
Тақырыбы. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Сағат саны - 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

  2. Өндірістік негізгі қорлардың жіктелуі

  3. Негізгі құралдардың тозуы, негізгі түрлері.

  4. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.

  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері.

  6. Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері.

  7. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары мен жолдары.

  8. Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері.

Дәріс тезисі
Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық потенциалының маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты амортизациялық аударым мөлшері аясында біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көп жылдық екпе ағаштары т.б.), машина мен құрал-жабдықтар, беріліс қондырғылары, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыс малы мен өнім беретін мал, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.
Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі капиталға жатпайды.
Кәсіпорында негізгі капиталдың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі капитал, тауарлық-материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Тозудың екі түрін ажыратады: физикалық және моральдық.
Амортизация – бұл негізгі құралдар құнының бөлігін шығарылатын өнім шығындарына қосу жолымен олардың тозуын ақшалай жабу.
Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралдық және ақшалай формаларда жүргізіледі.
Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі ресурстарды жаңарту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды қалыпты жағдайда ұстап тұру принципі жатыр.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану өнім өндірісінің ұлғаюын, жасалған өндірістік потенциал қайтарымының артуын, жабдықтар балансының жақсаруын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, өндіріс рентабельділігінің өсуін білдіреді.
Бекіту сұрақтары

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларына анықтама мен сипаттама беріңіздер.

  2. Кәсіпорынның негізгі қорлары қандай екі негізгі топқа бөлінеді?

  3. Негізгі қорлардың активті және пассивті бөліктеріне не жатады?

  4. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда негізгі қорларды пайдаланудың көрсеткіштері.

  5. Тозудың қандай түрлерін білесіз?

Әдебиет:

  1. ҚР Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (03.07.2019 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  2. 16 ХҚЕС «Негізгі құралдар»

  3. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019 Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.

  4. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет

  5. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018

  6. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет