1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыбы.Кәсіпорынның еңбек ресурстары



бет6/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, Жалбыз - емдік өсімдік, 1513435150, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
Тақырыбы.Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Сағат саны - 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы

  2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау

  3. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі есептеу әдістері

  4. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері

  5. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы

Дәріс тезисі
Кәсіпорынның «еңбек ресурстары» және «персонал» түсініктерін ажыратады. Еңбек ресурстары – бұл халық шаруашылығындағы жұмыстар үшін қажетті физикалық дамуды, білімді және тәжірибені иемденген, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың бөлігі.
Кәсіпорын персоналы (кадрлар, еңбек ұжымы) – бұл кәсіпорынның, фирманың, ұйымның білікті жұмыскерлерінің негізгі құрамы. «Кәсіпорын персоналы» категориясы кадрлық потенциалды, өндірістің еңбек және адам ресурстарын сипаттайды. Ол кәсіпорында жұмыс жасайтын және оның тізімдік құрамына енетін әрқилы кәсіби-біліктілік топтардағы жұмыскерлердің жиынтығын бейнелейді.
Кәсіпорынның еңбек потенциалын сипаттау үшін «персонал» категориясымен қатар «кадрлар», «жұмыс күші», «еңбек ресурстары» және «адам ресурстары» түсініктері қолданылады. Жұмыс күші дегеніміз материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін пайдаланылатын адамның физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның «еңбек ресурстары» түсінігі оның потенциалды жұмыс күшін сипаттайды, «персонал» - бұл жалданып жұмыс жасайтындардың барлық жеке құрамы. Кәсіпорын кадрлары дегеніміз кәсіпорын жұмыскерлерінің негізгі (штаттық, тұрақты) құрамы. Ал «Адам ресурстары» түсінігіне адамның экономикадағы белсенді ролін бейнелеу, жұмыскерлерді қалыптастыру, пайдалану және дамытуға күрделі қаржы салудың экономикалық тиімділігін мойындау есебінен неғұрлым кең және терең мағына қаланған.
Кәсіпорынның еңбек персоналын өндірістік персоналға және өндірістік емес бөлімшелерінде жұмыс жасайтын персонал деп бөледі.Өндірістік персонал – бұл өндірісте жұмыс жасайтын және оған қызмет көрсететін жұмыскерлер, олар кәсіпорынның еңбек ресурстарының негізін құрайды. Оған негізгі, көмекші, қосалқы және қызмет көрсетуші цехтардың; кәсіпорын балансындағы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық ұйымдар мен зертханалардың; заводты басқару бөлімдерінің барлық жұмыскерлері жатады.
Өндірістік персонал жұмыскерлері екі негізгі топқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер.
Кәсіпорын жұмысшылары – бұл материалдық құндылықтарды жасаумен немесе өндірістік қызмет көрсету және жүктердің орнын ауыстыру жөніндегі жұмыстармен тікелей айналысатын тұлғалар. Жұмысшылар негізгі және көмекші деп бөлінеді.
Қызметкерлер тобында басшылар,мамандар және қызметкерлер сияқты жұмыс жасайтындар категориясын бөледі.
Бекіту сұрақтары

  1. «Кадр», «персонал», «кәсіпорынның еңбек ресурстары», «кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналы», «менеджерлер» түсініктеріне сипаттама беріңіздер.

  2. Жұмыскерлердің қандай категориясы өнеркәсіптік-өндірістік персонал категориясына жатады?

  3. Жұмысшы кадрларға деген ағымдағы қажеттілік қалай жоспарланады?

  4. Кәсіп, мамандық және біліктілік деңгейі бойынша кәсіпорын персоналына сипаттама беріңіздер.

  5. Еңбек өнімділігінің өсу факторлары мен резервтеріне сипаттама беріңіздер.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Кодексі

  2. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019

  3. Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018

  4. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018

  5. Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.

  6. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет

  7. Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия. Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. – 212 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет