1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет6/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#34134
1   2   3   4   5   6   7   8

Ер есімі – ел есінде

Ұлы Отан соғысының ардагері,

Кеңестер Одағының Батыры, физика-

математика ғылымдарының кандидаты,

доцент Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы

1921 жылы 25 мамырда Павлодар

облысының Қачиры ауданының Сұлуағаш

ауылында дүниеге келген.

1935 жылы Байғоныс бастауыш мектебін бітіріп Октябрьтаң орталау мектебіне түседі. Зерек оқушы 1935-1936 оқу жылында 5-ші және 6-шы екі класты бір жылда бітіріп, Павлодар қаласындағы В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны 1940 жылы қызыл дипломмен бітіреді. 1940 жылдың 9 ақпанынан 14 қазан аралығында Павлодар қаласынан 7 шақырым жердегі Жаңа ауыл орталау мектебінде мұғалім болып, математика және физика пәндерінен сабақ береді. Сол мектептен Қызыл Армия қатарына кетеді.

1942 жылдың наурыз айына дейін 185-артиллерия полкында оқу батареясының курсанты болады. Емтиханды ойдағыдай тапсырған Құдайберген Мағзұмұлы кіші лейтенант атағын алып, майданға аттанады. Оның жауынгерлік жолы Сталинградты қорғаудан басталып, Берлиндегі Ұлы Жеңіспен аяқталады. 1942 жылдың желтоқсанында кіші лейтенант Құдайберген Сұрағанов Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр жараланады. Жаудың дәлдеп атқан минасы Құдайберген жүрегі тұсының 5-6 қабырғасын сындырып, мина жарықшақтары сол қолының бұлшық етіне, сол аяғының тізесінен жоғары, сол жақ кеудесіне де бытырай қадалады. Операция жасаушы хирургтің асқан білгірлігі мен шеберлігінің арқасында ғана тірі қалған. Ұлы Отан соғысының қанды майдандарында ата жаумен шайқаста ерлік пен отансүйгіштіктің өзіне тән үлгісін көрсеткен батыр ағамыз, бейбіт өмірде де ерлікке тән қызмет жасап, туған халқының жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге өз өмірінің жарты ғасырға жуығын арнапты. Ол Алматы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында 41 жыл студент-жастарға білім беріп, тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қаққызған.


Кейінгі ұрпаққа айтар ғибраты, берер тағылымы мол ардагер – ұстаз, белгілі ғалым-математик Құдайберген Сұрағанов 2008 жылы 18 ақпанда қайтыс болды.

10-САБАҚ

САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

26-жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқы. 2. Цифрмен келген сан есімдердің мағыналық түрін анықта. 3. Жұрнақ жалғану арқылы қандай сан есімнің мағыналық түрлері жасалады? 4.Өзіңнің жеті атаңды айтып бер.

Жүсіпбек атақты ақын, ірі ойшыл, шежіреші Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке (1858-1931) жақын, туыс адамдар. Өз айтуынша, 7 атадан қосыламыз депті, менің есебімше, одан да жақын.

Екеуі 1927-1929 жылдар арасында жиі-жиі хат жазысып тұрады екен. Жүкең Мәшһүрге «аға» деп қара сөзбен, Ал Мәшһүр Жүсіпбекке «бауырым» деп өлеңмен жазады.

Бір хатында: «Құрметті Мәшһүр аға! Сізге үлкен ұятты болдым. Не деп ғапу өтінем десем де, ол өтінішім түкке тұрмайды. Өйткені екі хатыңызға бірдей жауап қайыра алмағаным кешірілмейтін күнә болды. Ренжіген шығарсыз, тек қарғамасаңыз болды. Ұруға-ұрсуға мойнымды ұсынып отырмын. Екі жарым ай болды үйден шықпағанымыз. Не істедің десеңіз, бір роман жазып бітірдім. Үлкендігі өзіңіз көрген «Қартқожадан» екі есе. Бар ойым, ниетім, рухым сол романға кетіп қалып, жынды кісідей болып, досты, жолдасты, құрметті, қымбат ағаны ұмытып, уақытын бос өткізеді десеңіз, міне, былай: таңертең сағат 8-де тұрамын да, шай ішіп қызметке кетемін. Күніне 6 сағат бала оқытамын. Сағат 3-те үйге келемін, тамақ ішіп, содан кейін ұйықтаймын. Сағат 6-7-де оянып шай ішемін. Сөйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат 2-3-ке дейін отырып қаламын, әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым ай бойы көрген күнім осы. Әйтеуір, бұл күндерде романым бітті. Баспаға жібергелі отырмын. Басылып шықса көресіз».

Мәшһүр-Жүсіп інісіне хатты тек өлеңмен жазады екен. Хатында өзінің қартайғанда, тұрмыстан қажығанын көбірек айтып мұңын шағады.


Зейтін Ақышев жазушы, аудармашы

27-жаттығу. Төменде берілген сандарды сөзбен жазып, мағыналық түрлерін ажырат. Сол сандарды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

564-қатар; 82496; 12,25; 8/16; ХҮ ғасыр; №5 мектеп; 2012 жыл; 12-ге жуық

28-жаттығу. Құрамында сан есім кездесетін 5 мақал, 5 мәтел ойлап жаз. Өз ойыңнан жаңылтпаш құрастыр.

11-САБАҚ

САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

2

9-жаттығу

Ақын Мұқсихан Заитов 1928 жылы

25 маусымда (1976 жылы қайтыс болады) Май

ауданының Бестау ауылында туған.

Мұқсихан ескінің жұрнағындай, айтыс

дәстүрі қайта жаңарғанда, 1985 жылы домбырасын

қолына алып, облыстық ақындар сайысына белсене

араласты. Ақтоғайлық ақын Қимадиден

Нығмановпен айтысқа шығып, Алматыдағы

ақындар айтысына облыс атынан қатысқан.

Мұқсихан Заитов жыл дүлдүлі, халық ақыны Нұрлыбек Баймұратовты, Нұрғали Байқұрмановты, Нұрмұхамбет Самақаевты, Рақымхожа Зұбайргенді, Әждар Бакинді, Темірбек Бақинді тындап өсті. Әнге өлең жазған.

Өмір тауқыметін ерте көрген Мұқсихан еңбекке ерте араласты. Он бес жасында туған ауылында мұғалім болды. Бала оқытты, өзі де оқыды. Алматыдағы ҚазПИ-ді сырттай оқып бітірді. Қолына қаламды да ерте алды. Көркемөнерпаздар ұйымына қатысты. Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі атанды. Ақын егделенген шағында газетке келді, қазіргі «Сарыарқа самалының» меншікті тілшісі қызметін атқарып, Май, Ақсу аудандарында танымал болды.

1974 жылы Алматы баспаларының біріне «Аңсаған арман» дастанын басуға тапсырды. Өлеңдері туған жер, ана, бала тақырыбына арналған. Сын-сықақты да жазған. Жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтары да бар. Мұқсиханның біраз өлеңдері «Менің атым – Алма», «Шұғыла», «Жыр шашуы» жинақтарына енді.
Тапсырма: 1. Қысқарған сөз дегеніміз не? Мәтіннен мысал келтір. 2. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық сатылай кешенді талдау жаса. 3. Айтыс өнері жайында ой өрбіт.

30-жаттығу. Мәтінді оқы.

Естайдың әкесі Беркімбай екі аяғы жоқ мүгедек болған. Естайдың бақытына бір ағасы  күйлі болып, Естай жас басынан соның қолында болады. Басқа өнері болмаса да, ағасы Естайдың талабын кес-кестемей, оның ерте оянған сезімнің баюына қолынан келгенінше жәрдем береді.

Естайдың арғы аталарында айта қалғандай әнші-күйші, ақын болмағанмен, нағашы жағынан өнерден құр болмайды. Он бес жасқа келгенде Естай өз айналасында «әнші бала», кейін «әнші жігіт» атанады. Оның бағына ол кездегі  Павлодар уезінің жерінде әншілер көп болады. Тек ән емес, өткір сөз, улы қалжың, сықақпен аттары әйгілі болған өнер иесі адамдар көп болады. Әсіресе, ол өреде аты шулы Біржан сал, Ақан сері сияқты әншілерді білмейтін, әнді құрметтейтін кісі сирек кездеседі.

Жасы жиырмаға келмей жатып Естай әннің екі алабын да көреді. Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүреді. 1889 жылы сондай-ақ Ақан серіге шәкірт болады. 1893 жылы екеуінің де тікелей ән үйренеді. Бұл жағдай Естай үшін үлкен бақыт болады. Айтушылар Естай Ақанның «Нұрсиласын» халық арасында бірінші жаюшы болды дейді.

1946 жылы Естай қатты ауырады. Күннен күнге меңдеп, науқасының барысы қауіп туғызады. Сезімтал ақын, әнші күндерінің санаулы қалғанын біледі. Адамшылық, азаматтық қимылды өлеңнен, әннен бастаған, еңбекші халықтың қамын жеуде әнімен алдында тұрған қиыншылықтармен күрескен Естай, соңғы рет соңғы демін де, соңғы лебізін де поэзияға, музыкаға арнайды.

Бірнеше бүктелген, сарғайған қағазға жазған өлеңін, әндетіп айтуға дауысы болмай, жай тақпақтап оқып, отырғандардың біріне ұсынады да, көп ұзамай өзі айтқандай, «Қорланын», «Жай қоңырын», «Бір мысқалын», елін-жұртын артында қалдырып, есіл әнші, ақын, композитор, азамат – Естай көзін жұмады.

Естай «балам жоқ» дегенімен, мәдениеттің мұрагері, сансыз көп Естайдың балалары оның әнін жаттап айтып жүр. Естайдың атын халық ардақтап атауда, оның әндерін шырқауда.

 

Тапсырма: 1.Мәтіндегі сан есімдердің мағыналық түрін ажырат. 2. Ертеде өлшем бірліктерін қазақ халқы қалай анықтаған? 3. Ұрпақ сабақтастығы дегенді қалай түсінесің? (шағын шығарма жаз)
12-САБАҚ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тапсырма:


  1. Төменде берілген цифрмен келген сандарды сөзбен жазып, мағыналық түрлерін ажырат.

6; 5,12; 1956; 368914; 5/3; 29,05; 86549; 1000000; 1000525




  1. Кестені толтыр.

Зат есім

Ұқсастығы

Сын есім

...


...

...

3) 1.Төменде берілген өлеңді мәнерлеп оқып, не жайында екенін әңгімеле.



2. Есім сөздерге сатылай кешенді талдау жаса. 3. Тіл туралы өлең жаз.

Ана тілім ғажап деп айта аламын




          Ана тілім ғажап деп айта аламын,

Жәннаттай жан балқыта жай табарым.

Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім -

Келеді толас таппай қайталағым.

Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,

Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...

Қазағы қадырына жеткен сайын

Жайнайды,

Ертеңге де нұрын шашып.


(М.Әлімбаев)
13-САБАҚ

ЕСІМДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

31-жаттығу. Жоқтау қай кезде айтылады? Өлеңді оқып, кімге арналғанын айт.

Қадірлі қаламдас, марқұм

Қажымұрат Құсанұлы Смағұлдың қазасында айтылуға тиісті

Жоқтау
Қайталанбас тұлға едің, ұқсамайтын өзгеге,

Ермейтұғын біреу айтқан өсек-аяң, сөзге де.

Турашыл ең «бас кессе де, тіл кеспек жоқ» дейтұғын,

Ақындықпен түссең дағы алуан түрлі көзге де.


Сөз өнерін серік еттің тым жасыңнан, әріден,

Сол өнермен жақын болдың, үлкен-кіші – бәрімен.

Азаматтық келбетіңмен «Қажымұрат» атандың,

Әзіл-оспақ өлеңіңмен жарасып ең кәрімен.


Өткеніңде бұл жалғаннан біраз дел-сал күн кештім,

Еске алып әр ісіңді өз-өзіммен тілдестім.

Жарқын бейнең өшпес, сірә, ел жадында сақталар,

Еңбектерің жинақталып, кітап болып хатталар.


«Тәубе – дейік – бергеніңе» - ұрпақ қалды артыңда,

Жалғастырып өміріңді, ата дәстүр, салтын да.

Қияпатты болмысыңды немереңнен танысын,

Бірге өскен достарың мен «Қазақ» деген халқың да.


Е.Мундуинов
Тапсырма: 1.Мәтін құрамындағы есімдіктерге тұлғалық, құрамдық талдау жаса. 2.Жіктеу есімдіктерін септегенде қандай өзгешелік байқалады? 3.Қажымұрат ақынның бойынан қандай игі қасиеттерді көреміз?мінездеме бер. 4.19-жаттығудағы өлеңмен салыстыр.
32-жаттығу. 1.Мәтін не жайында жазылған? 2.Мәтінде есімдіктің қай түрі кездеседі? 3. Есімдіктерге жалғанған қосымшалардың түрлерін ажырат.

Жүсіпбектің «Қартқожасы» менің столымның кілттеулі тартпасында жатқанына алпыс жылдай болды. Ана бір кездерде өртеп те жібергем жоқ, көміп те тастамадым. Аса бір сенген адамым болмаса екінің біріне көрсете де бергем жоқ. Кім біледі, адамға адамның сенімі жоғалған, әркімнің соңында ГПУ-дің бір тыңшысы жүретін заман еді ғой ол. Жүкеңнің шығармаларын жасымда түгелге жуық оқығам. Ол кісі менің ойымнан еш уақытта шыққан емес. Неге екені белгісіз, «әйтеуір, бір тірілер» деген үміт үзілген де жоқ еді. Мүмкін, оған Жүкеңмен біздің туыстық жақындығымыз себеп болған шығар. Ерте заманда Баянауыл дуаны тоғыз болыс ел болған екен, соның бірі Қызылтау болысы, ал мен Далба болысынікімін. Біз онымен 6-7 атадан қосыламыз.



Зейтін Ақышев жазушы, аудармашы

33-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Өкпем жоқ
Ұмтылдым өріне өмірдің,

Өкінбес жандай көріндім.

Мен саған қанша дос болсам да,

Тағдырым, сен мені көп ұрдың.


Қалдым мен кей-кейде қапы тым,

Бәріне жетпеді уақытым.

Жетем деп келемін, білмеймін,

Жақын ба, алыс па бақытым.


Өтетін өткел көп - өткем жоқ,

Өтем деп үдеппін, өктем боп.

Жетермін, жетпеспін, талпынам,

Өмірім, өзіңе өкпем жоқ.



Қ.Нығманов
Тапсырма: 1. Автордың негізгі ойын анықта. 2. Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндір. 3. Мәтіннен есімдіктің мағыналық түріне талдау жаса. 4.Өкпе, наз, ренішті қай кезде адам басынан кешіреді?

34-жаттығу. Мәтінді дауыстап мәнеріне келтіріп оқы. Бір түбірден ғана тұратын есімдіктің қай түрі? Мәтіннен есімдіктің мағыналық түрлерін ажырат. Ақын төртеуін неге ерекше бөліп көрсетіп тұр?

Төртеу

Қазақтың қазыналы әдебиеті,

Қашаннан адал ең-ау ақ ниетті.

Тірілттің Мағжанды, Жүсіпбекті,

Тірілттің Шәкәрімді, Ахметті.
Оралды төртеуі де өз төріне,

Халықтың жан ашыры ертеңіне.

Жас қауым жан жаңбырын құйып жатыр,

Көктейді көкорайлар өртеңіне!


Қаһар жыл қансыратқан ілкі күнде

Араша бола алмаған кемтігімді

Кешірер рухтарың, алпауыттар,

Қашанда сендер тірі ел тіріді! -


Деп іштей сенетінбіз... сенетінбіз.

Бәріне сол сеніммен көнетінбіз.

Жарты ғасыр өтсе де төртеуіңді

Өлмес, өшпес өмірлі көретінбіз.


Сенім құдірет әулие болып шықты,

Шындықтан дүниеде жоқ қой мықты.

Жаһаннамның түбіне бұйырамын,

Кім қызғанса сендерден ұлылықты!

Д.Әбілев
14-САБАҚ

ЕСІМДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

35-жаттығу.

Мәшһүрдің Жүсіпбекке Аймауытовқа жазған хаты

«Шымкенттен почтаменен бір хат келді.


Саналы жан сағынбақ жер мен елді.
Жүсіптің көйлегінен иісін танып,
Сайрамақ көзі ашылып Жақып енді
Белгі алған шаршы топты озып аты.
Танымал болған жұртқа қиянаты.
Мәшһүрді өліп қалған бір тірілткен -
Шымкенттен Жүсіпбектің жазған хаты.
Аман бол! Аман болсаң, сен аман бол!
Сен аман жүрсең, маған дүние мол.
Жүсіпбек, Бектұр, Жанақ үшеуіңе
Тұрайын тілеулес боп көтеріп қол.
Алашқа аты шыққан Ақан сері
Жүйріктің көзге түскен о да бірі.
Илаһи жаңа талап жүйріктерді,
Ақанның қыла көрме Құлагері,
Бұралқы болмайтын мен еркек қой ма,
Бұл жалған айтшы маған айт пен той ма.
Неге ерте мезгілі жоқ қартайдың деп,
Әмінді көрген болсаң кінә қойма».

Бұл арада бірер жайға түсінік бере кету қажет. Мәшһүрдің хатында аталған Бектұр, Жанақ – Жүсіпбектің балалары. Олардың анасы кім, ол қайда! Әзірше белгісіз. Екі ұштылау бір дерекке қарағанда, Бектұр бір жылдарда Семейде халық соты болып қызмет істеген. Бектұр жайлы соңғы деректі журналист А.Тасымбеков жеткізді. Ол амалсыздан Викторға айналып кеткен, Жүсіпбектің ұлы әкесі ақталған соң, көп ұзамай Москва түбіндегі Коломна қаласында қайтыс болғанын айтты...

Жүсекең С. Сәдуақасовқа жазған хатында үш ағайынды едік дейді. Үлкені – Ахат, ортаншысы – өзі. Кіші інісін атамайды. Сол екі ұштылау дерек бойынша, кішісі – Жақыпбек. Көп жыл Қарағандыда тұрған, ұрпағы әлі сонда.

Мәшһүр хатындағы Әмін (Мұхамет Әмин) өзінің ортаншы баласы, оқыған, ақын адам болыпты. Жүсіпбекпен жасты, Керекудегі екі кластық училищеде онымен бірге оқыпты. Ташкенде интернат ашып, соған төңіректегі жетім балаларды жинап оқытып, тәрбиелеп жүргенде, өштескен біреулер пышақтап өлтіріп кеткен. Мәшһүрдің соған арнап, «Қан түсті алпыс үште аяғыма» деген үлкен толғауы бар...

Жүсіпбек 1930 жылы Москваға апарылып, Бутырка түрмесіне қамалған екен. Бұл түрме сонау XIX ғасырдағы Александровский централдан кейінгі «Барса келместің» нағыз өзі. Оған бір кірген адам жарық дүниеге қайта шығуы неғайбіл. Соны білетін қайран Жүкең он шақты шумақ толғау жазып қалдырыпты. Соның ішінде:

Шықпаса жаным денемнен,


Не салса тағдыр көрем мен,
Бір өзім үшін өлмеймін,
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар. Соған сенем мен.
Артымда қыруар елім бар.
Өлсе де денем, мен өлмен!.. -

деген жолдар бар. Бұған түсінік берудің қажеті болмас.



Зейтін Ақышев жазушы, аудармашы

Тапсырма: 1.Мәтіннен кірме сөздерді теріп жаз. 2.Есімдіктерді анықтап, мағыналық түріне талдау жаса. 3.Әскерге кеткен ағаңа немесе алыста жүрген туысқаныңа хат жаз. Жазған хатыңның құрамында есімдіктің барлық түрлері кездесетін болсын.



36-жаттығу. 1.Күрделі сөздің анықтамасын жаз. Мәтіннен мысал келтір. 2.Мәтінде есімдіктің қай түрі кездеседі? 3.Ақын ізімен өлең немесе өтірік өлең шығар. 4 . Ауыз бен асқазанның биологиялық қызметін біліп ал.

Ауыз бен асқазан

  • Неге керек бұл ауыз?

Деп асқазан күндейді.

  • Ауыз -

Нағыз

Жалмауыз,

Жеуден басқа білмейді.

Күнде осылай өкпелі,

Тигізіп тұр сөз ұшын.

Осы ауыздан өткеннің,

Бәрі сонда өзі үшін.

М.Жаманбалинов
15-САБАҚ

ӨЗДІК ЖҰМЫС

37-жаттығу. 1.Төменде берілген сөздер есімдіктің қай түріне жатады?

Әлдеқайда, күллі, ештеңе, сол, осы, маған, өзімен-өзі, бірнеше, ешқайда, барша, нешеу? мынау, кейбіреу

2. Жіктеу есімдігі қандай сөз табының орнына жүреді?

3. Есімдікті негізге ала отырып, ребус құрастыр немесе модульге түсір.

16-САБАҚ

ЕТІСТІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ

38-жаттығу





Ертіс

Бұрқамай ағу жоқ мұнда,

Биіктен төмен құлаған.

Көнбейді ол сенің ырқыңа,

Сонысы-ақ маған ұнаған.

Түнерген бұлтты бір тіліп

Найзағай көктен аққандай;

Зулайды Ертіс жұлқынып,

Батырлар жауға шапқандай.
Осы бір асу мінезі

Керек-ақ кейде маған да.

Айқасқа салсаң бір өзі

Жүлде алар еді ғаламда!

Д.Әбілев
Тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқы. 2. Дара, күрделі етістіктерді баған бойынша бөліп жаз. 3. Қазақстанның өзендері жайлы мағлұмат жинастыр.
39-жаттығу

Қорлығайын

«Жұма өтті, Маралдыда Қорлан қалды,

Жолықты қасіретке жазған жарлы.

Қабыштай төрт түлігім түгел болса,

Алар ем үсті-үстіне төлеп малды. -
Дегендей: - кетпе, қалқам, күдер үзіп,

Қолында Қорлан берген күміс жүзік.

Алыстап неге кетіп мен барамын,

Кетер ме махаббаттың қылын үзіп?» -


Деп Естай күңіреніп әнге басқан,

Арманды ар, ащы қайғы көп адасқан.

Қорланды бір көруге ынтығады,

Жадына қонбай қойды одан басқаң.


Қорлан мен Естай жайын шамалаған,

Боп шықты Қабыш мырза жаман адам.

Ақыры махаббатты қызғаныпты,

Дұрыс па құрбы көңілін қаралаған?


Ал Естай әсте мұндай ойда емес-ті,

Сондағы дүдамалын бүгін шешті.



  • Қорланнан саған Естай бұлт жуық,

О жағын ойға алма, - деп бір-ақ кесті.
Не өнер болғаныңмен байға кекті,

Ұрсысты, ерегесті, қайтып кетті,

«Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын»

Ауылына дейтін әнді айтып кепті.



Е.Беркімбаев
Тапсырма: 1.Мәтінді түсініп оқы. 2.Салт, сабақты етістіктерді ажырат. 3.-ды, -ді, -ты, -ті омоним қосымшаларының ерекшелігі неде? 4.Естай бабамыз неге өкінді? (ойтүйін жаз)
4

0-жаттығу


Қажымұқан көтерген тас

Павлодар облысы Баянауыл ауданы 

орталығындағы Қаныш Сәтбаев мұражайының

алдында салмағы бір тонна мөлшерінде таудың

сұрғылт тасы тұр. Бұл баянауылдықтар үшін

ерекше құрметке ие. Жұрт оны “Қажымұқан

тасы” деп атап, атақты балуанның Баян өңіріндегі

ескерткіші ретінде қадірлейді. Қажекең бұл тасты

досы Субек ұста Қуанышбайұлына сыйға тартқан.

Әсіресе, Қалмұқан ағаның ұсынысымен Субек

ұстаның ескі жұртында жатқан тасты 1991 жылдың күзінде жергілікті “Қазақ тілі” қоғамы әспеттеп ескерткішке айналдырады. Соңынан 2001 жылы көпшіліктің қалауы бойынша аудан орталығына жеткізілген. Енді, «Субек ұста кім?» – дегенге тоқталатын болсақ, Сүкең ауыл-аймағына танымал шебер, ұста болған адам. 1919 жылы Баянауылда Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен алғашқы мектептің үстел, орындық парталарын жасасқаны туралы Т.Оразовтың “Қаныштың жастық шағы” атты естелігінде баяндалыпты. Қажымұқанның Баян өңіріне бұл жолғы келуінің себебі, 1920 жылы 26 тамызда құрылған Қазақ Автономиялық Республикасының бір жылдық даталы мерекесіне орайластырылған үлкен тойдың өтуіне байланысты болса керек. Той өткізу комиссиясының төрағасы Қаныш Сәтбаевтың арнайы шақыруымен келген Қажекең Субек ұстаның үйіне түседі. Ұста ардақты балуанның күтімін асырып, ойын көрсеткенде қолданатын темір құралдарында дайындап отырған. Қажекең халық алдына шығып, кеудесіне көлденең салған тасты Субекке ұрғызып сындыртқан. Осы оқиғаны көзімен көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің “Қажымұқан” атты поэмасы 2002 жылы тұңғыш рет жас ғалым Ертай Жүсіповтің әзірлеуімен павлодарлық “Сарыарқа самалы” газетінде жарық көрген.

Балуанның өміріне тәнті болған Ақкелін, Далба елі екі үйір жылқы сыйға береді. Қажекең аттанарда Субек досына: “Олжамның жартысын ал, оны қаламасаң өнеріммен жинаған мына сөлкебайларымнан (медаль) таңдағаныңды берейін” – дейді. Бірақ, Субек ұста Қуанышбайұлы Субек ұстаның қалауы басқаша екен: “Қажеке мал соқса желдікі, айдаса жаудікі. Қазақтан сіздей ұл бұдан кейін туар, тумас. Анау таудан көтеріп бір үлкен тас әкеліп, осында орнатып кетіңіз, қайратыңыздың куәсі болсын, достығымыздың мұраты болсын” – дейді. Досының тілегін қабыл алған балуан есік алдындағы таудан осы тасты көтеріп әкеліп, үйінің іргесіне қойып беріпті. Субек ұстаның қызы, Республикаға еңбек сіңірген ұстаз, павлодарлық Бақыт апамыздың айтуынша, бұл үйде Қажымұқанның қолымен иген сом темір де сақталған. Бертінде анасы Айшадан «Музейге қоямыз» деп біреулер Алматыға алып кетіпті. Содан хабарсыз.



Б.Қайратұлы
Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, етістіктерге морфологиялық талдау жаса. Етістіктердің тіркесіп тұрған сөздердің қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы ділелде. «Сый» жайлы білетініңді жаз.
41-жаттығу. Кестені толтыр:

Тапсырма түрі

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Салт етістік

Сабақты етістік

Анықтамасы

...


...

...

...

Жасалу жолы


...

...

...

...

Мысалы

...


...

...

...

17-САБАҚ

ЕТІСТІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ

42-жаттығу. 1.Төмендегі нақыл сөздерді ұғып ал. 2. Синоним сөздерді теріп жаз. 3.Етістіктерге толық кешенді талдау жаса. 4.Өлеңмен келген нақыл сөзді қара сөзге ауыстыр.

Болмайды: түн – күндізсіз, күндіз – түнсіз,


«Ай кірсіз, - деген сөз бар – Құдай мінсіз!»
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң – бірі бар – артық – кемсіз!

***


Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы!
Қауіп-қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы!

***


Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр!
Бірін – торғай, біреуін бөдене ғып,
Өзімен-өзін жаулап алып жатыр.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

43-жаттығу. 1.Мәтінді түсініп оқы. 2. «Михаэлис» сөзіне фонетикалық талдау жаса. 3. Күрделі етістіктерді теріп жазып, негізгі және көмекші етістікті ажырат. 4. Қалмұқан Исабаевтың кім екенін толығырақ біліп ал.
Исабаев Қалмұқан – жазушы. 1979 жылы 22 шілдеде Германиядағы Габельбах қаласындағы Гете музейіне неміс ақынының адамзат пен табиғат тұтастығын көркем бейнелеген әлемге әйгілі «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің Абай аударған нұсқасы жазылған ескерткіш тақта орнатты. Бұл өлеңге қазақ ақыны шығарған кең тынысты, нәзік әуенді ән жазылған магнитофон таспасын, әннің нотасын сыйға тартты. 1980 ж. 13 маусымда Исабаев өзі салған Абайдың портретін және қақпағына орыс және неміс тілдерінде: «Гетенің Азиядағы тұңғыш аудармашысы, ақын және композитор «Түнгі көз- бе» өлеңіне арналған әуенін осындай ұлт аспабының сүйемелдеуімен шығарған» деген сөз жазылған домбыраны осы музейге табыс етті. Сондай-ақ Исабаев мерзімдік баспасөзде жоғарыдағы жолсапарлары туралы «Ильминауға тағы да жол түскенде», «Ұлылықпен жарасар тек ұлылық» және Абай мен Е.П.Михаэлистің шынайы достығы жайында «Михаэлис зиратының басында» атты мақалалар жазды.

44-жаттығу

С.Торайғыровтың шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907-1911) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.


Тапсырма: 1. Мәтіннен антонимдерді теріп жазып, етістіктерге морфологиялық талдау жаса. 2. Жағымсыз қылықтарды байқататын туынды сөздерді анықта. 3.С.Торайғыровтың қандай өлеңін жатқа білесің? 4.С.Торайғыровтың шығармашылығы бойынша реферат жаз.
45-жаттығу

1-тапсырма: Етіс дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

2-тапсырма: Есімше мен көсемшенің айырмашылығы неде?

3-тапсырма: - у жұрнағы арқылы жасалатын туынды сөздерді ойлап жаз.
18-САБАҚ

ЕТІСТІКТІҢ ЖҰРНАҚТАРЫН АЖЫРАТУ

46-жаттығу. «Етістік» тақырыбын басшылыққа ала отырып, ертегі құрастыр.

47-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, автордың бұл тақырыпта қалам тартуының мақсатын анықта. Үтірдің қойылу себебі неде?
Көңілім, неге жасисың

Көңілім, неге жасисың?


Миым, неге ашисың?
Ой түбіне жете алмай,
Жүректі тырнап қасисың.

Көзім, неге таласың?


Үмітсіз қарап барасың?
Түтінің жоқ, отың жоқ,
Тұншығып кеудем жанасың.

Иығым неге басыңқы?


Түсім неге қашыңқы?
Өзімнен-өзім салбырап,
Етек-жеңім шашыңқы.
Жау талаған ойыңды,
Көтермейсің бойыңды.
Тұрмыстың ұзын құрығы
Бұрды ма түсіп мойныңды.

Бейхабар жатыр ата-анам,


Көре алмай көзім қала ма?
Барғаның сәлем дегейсің,
Қаралы болған анама.

Он тоғызда жасыма,


Қасірет түсті басыма.
Көре алмай қалсаң арманда,
Уайымдап бізді жасыма.

С.Торайғыров

Тапсырма: 1. Ауыспалы мағыналы сөздерді анықта. 2. «Ма» тұлғасының мәтінде берілуі жайында нақты ереже бойынша дәлелдеп жаз. 3. Салт етістікті бір бөлек, сабақты етістікті бір бөлек жаз
48-жаттығу. Етістік тақырыбына негізделген тест тапсырмаларын құрастыр. Тест жауабы 5 жауаптан, 15 сұрақтан тұруы қажет.
19-САБАҚ

ЕТІСТІКТІҢ ЖҰРНАҚТАРЫН АЖЫРАТУ
49-жаттығу. 1.Өлеңнің мәнін түсін. 2. Етістіктердің жұрнақтарын ажырат. 3. Абайдың жүрекке байланысты шығарған өлеңдерімен салыстыр. Жүректің қызметін биологиялық тұрғыда қарастыр.

Жүрек

Туламашы, жүрегім,


Барасың тулап кіміңе?
Тар тағдырдың тасқыны
Су толтырған ініңе.

Дүниенің тұрмысынан өтіп жүрек,


Менен кетіп, азаптан құтыл жүрек.

С.Торайғыров

50-жаттығу

Нешелер көз жасы төгілді

Нешелер көз жасы төгілді,


Нешелер қабырғасы сөгілді.
Қанша аянбай талпынсаң да,
Ақырында, тағдырға тез шөгілді.

С.Торайғыров

Тапсырма: 1.Мәтін құрамындағы сөздерді сөз табына талда. 2. Етіс жұрнақтарын ажырат. 3. Имандылық жайлы өлең шығар.

51-жаттығу. Етістіктің жұрнақтарын модельге түсір. Етістіктің жұрнақтарын сан есімнің қосымшаларымен салыстыр.
20-САБАҚ

ЕТІСТІКТІҢ ЖҰРНАҚТАРЫН АЖЫРАТУ
52-жаттығу. Бірнеше мақал-мәтел жазып, құрамындағы етістіктерге морфологиялық талдау жаса.




Иса әнші Естайды Алматыға алғаш өзі апарған еді. Махпуза мен Ертіс жазушы Николай Ановпен бірге Иса ақын немере інісі Әбимен бірге



53-жаттығу

Арман биігі

Ертіс пен Өлеңтінің арасында,

Биікте – Жолболдының қаласында.

Ауылға атақта ақын Иса келіп,

Болды Естай желі сөздің таласында.
Сарқырап тау тасқыны бұлағындай,

Өнердің майталманы тұр ағындай.

Әсерлі жомарт сөзді Иса шырқап,

Естайға жолығыпты мұрадындай.


Сәлемін, амандығын өлеңменен,

Сыйлады бірін-бірі өренді ерен.

Сөздері бір-біріне қандай тәтті,

Сайысты кім бар ондай көрем деген.


Исаға Естай сыйлар жолын қиып,

Естайға Иса ағалап жатыр ұйып.

Асылдар таласпады даңқ, атаққа,

Заманы дәстүріне жатыр сыйып.

Естайға айтты Иса Алматыны,

Өнерпаз сонда екенін бар жақсыны.

Танысын республика дарыныңды,

Атану абзалдығын – ел ақыны.


Тоқтау жоқ мақсатқа осы жетіп алмай,

Сенеді самғарына шаршап-талмай.

Керекті парықтамай жүріп қапты,

Иса кеп ойға салды – жаққан шамдай.


Енді Естай үйде бұғып жата алмады,

Айтар сөз астанаға қатарлайды.

Қыран боп қалықтасаң шөже туып,

Еліңде неге атағың аталмайды?..



Қ.Нығманов
Тапсырма: 1.Мәтіннен синоним сөздерді теріп ал. 2.есімшелі сөздерді бір бөлек, көсемшелі сөздерді бір бөлек бөліп жаз.3. Теңеу дегеніміз не? 4. Арман, мақсат, үміт сөздерін негізге ала отырып, эссе жаз.




54-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Аманжол Шәмкенов (20.07.1927, Павлодар

облысы, Ертіс ауданы, Қазақстанның 10 жылдығы

атындағы ауылда) – ақын, драматург, аудар-

машы, ДЖ.Неру сыйлығының лауреаты. ҚазГУ-ды

бітірген (1950). 1950-54 жылдары «Әдебиет пен искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарады.

Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Студент сыры» 1951 жылы жарық көреді. «Жасыл жайлау» (1954), «Лирикалық өлеңдер» (1957), «Қасиетті топырақ» (1984), «Таңдамалы» (1987) т.б. кітаптары, «Толқын үстінде» (1963), «Шашақ» (1979) атты повестер мен әңгімелері, сондай-ақ, драматургия саласында «Бір махаббаттың сыры» (1960) т.б. пьесалар жинақтары шықты. «Өжет жан», «Шыңдағы гүл» сияқты жинақтары орыс тіліне аударылып басылды. А.Шәмкенов – көптеген ән мәтіндерінің авторы. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтов, Г.Гейне, С.Есениндердің шығармаларын қазақ тіліне аударған.


Тапсырма: Мәтін құрамындағы етістіктерге толық кешенді талдау жаса.
55-жаттығу. 1. Өлеңді түсініп оқы. 2. Мәтін құрамындағы етістіктердің жұрнақтарын ажырат. 3. Уәде дегенді қалай түсінесің? Уәдесінде тұру жақсы қасиет пе? Дәлелде
Өмірімнің уәдесі
Оллаһи! Ант етемін алла атымен,

Орыс тілін білемін һәм хатымен,

История, география пәнді білмей,

Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.

Келгенше осыларды отыз жасқа,

Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.

Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,

Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.

Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,

Келер жаз атақты алам деген «ақын».

Жүректің қазынасы тазартылса,

Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.

Тұрмыстың оғы шыбындай,

Тезінен туар көңілімде ай.

Бір мағнауи күш түртіп,

Баққа ұмтылып тұр маңдай.

Үміттің көзі жарқырап,

Бұлағы ағар сарқырап.


Бұл бәйгеде Махмұттың

Азбаны келер арқырап.



С.Торайғыров

21-САБАҚ

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМА

ІІІ деңгей



  1. Етістіктің тұлғалық және құрамдық түрлеріне тоқталып, мысал арқылы дәлелде.

  2. Салт-сабақты етістіктердің айырмашылығы неде?

  3. Қандай етіс жұрнақтары салт етістікке жалғанса, сабақты етістікке айналдырады.


ІІ деңгей

  1. «ма», «ме», «ба», «бе», «па», «пе» омоним тұлғаларының ерекшелігі?

  2. «Кел», «айт», «жаз», «оқы» сөздеріне етістіктің қосымшаларын жалғап, морфологиялық талдау жаса.


І деңгей

  1. «Жақсының қасиеті – жарастыру,

Жаманның қасиеті – таластыру» деген мақалды басшылыққа ала отырып, шағын ойтолғау жаз.
22-САБАҚ

ҮСТЕУ, ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

56-жаттығу. Кестені толтыр

Үстеудің мағыналық түрлері

Анықтамасы

Жасалу жолы


Мысалы

Қосымша

Мезгіл үстеуі













Мекен үстеуі













Сын-қимыл үстеуі













Мөлшер үстеуі













Күшейіткіш үстеуі













Мақсат үстеуі













Себеп-салдар үстеуі













57-жаттығу. 1.Мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жаз. 2. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырат. 3. «Әннің де естісі бар...» тақырыбына шағын мәтін жаз.

Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.

Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады.

Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен-сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты.

Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақысты асқақ әндері Қазақстан композиторларының көптеген шығармаларына арқау болған. Мұса атақты "Ақ сиса" әнін шығарған:

«Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себепті "Жаяу Мұса".

Жаныма батқандықтан ашынамын,

Мен неге жаяумын деп басыламын?

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,

Қылығын Мұстафаның паш қыламын!»
58-жаттығу. Көркем шығармадан үстеуі бар 10 сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.

23-САБАҚ

ҮСТЕУ, ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
59-жаттығу. 1.Мәтінді түсініп оқып, үстеудің мағыналық түрлеріне талдау жаса. 2.Күрделі сөздерді теріп жаз. 3.«Арқалы ақын» деп аталу себебін дәлелдеп жаз.

Арқалы ақын

1943 жыл. Пролетарь көшесіндегі жазушылар үйінің жалаң қабат жатаған үйіне барып, бір бос бөлмеде өлеңдерімді аударыстырып қарап отырғанымда үстінде етек-жеңі бүрмелі келте сары тоны бар, қырықтың қырқасына шығып қалған бір кісі кіріп келді. Газет-журналдардан бұрын суретін көріп жүргендіктен бе, мен Иса Байзақовты бірден тани кеттім. Сәлем беріп, өлеңдерімді портфеліме салғалы жиыстыра бастадым.

- Жоқ, жинамай қоя тұр шетінен бастап оқы! - деді. Көздерінен от төгілгендей. Менің қарсы алдымдағы орындыққа отырды. Қимылы шапшаң, оралымды. Мен өлеңдерімді оқи жөнелдім. Анда-санда Исаның жүзіне бір қарап қоямын. Шамасы ұнатып отырғандай. Бір мезгілде бөлменің есігі айқара ашылды. Үстінде сұр шинелі бар бір жігіт екпіндей кіріп келді.

- Мен өзіңізді, тұп-тура өзіңізді іздеп жүрмін. Аға лейтенант менің сәлемімді шала-пұла қабылдап, Исаға шалқая тік қарады.

- Тайыр, мынау бір ақын бала екен... Майданнан келіпті. Өлеңдерінде майданның оты, қорғасынның түтіні, дәрінің иісі бар ма деп қалдым. Өлеңдерін сен де тыңда. Әлде Қаскелең военкомы өлең тыңдамай ма? Тайыр үндеген жоқ. Өткір жанарымен Иса екеумізді түгел бір шолып өтіп, басын қисайта: - «Қане, оқы, өлеңді тыңдамақ түгіл, біз де жазамыз», - деді. Мен жалғастырып оқи бердім. Тыңдаушым енді екеу: Иса, Тайыр. Екі ақын екпініме екпін қосып, өлеңді еркін оқыдым. Іштей шамалауымша, дауысым барлық пәрменімен күңгірлеп шығатын сияқты. Кейбір өзі ұнатқан тұстарында, Тайыр: «нешеуалау екен» - деп тұрды.

С.Мәуленов
60-жаттығу. Төменде берілген сөздер үстеудің қай түріне жатады?

Әбден, тым бекерге, орасан, былтыр, қазір, әрең, ілгері, онша, анағұрлым, бүгін, емін-еркін, талай
61-жаттығу. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарға мысал келтір.

62-жаттығу. Төменде берілген үстеулердің мағыналық түрлерін ажыратып, бірнешеуіне сөйлем құра.
Екіталай, ендігәрі, ерсілі-қарсылы, ала-бөле, алагеуім, алмағайып, әртінде.

24-САБАҚ

ПЫСЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тапсырма: 1) Ойнайық та, ойлайық! «Жорға» ойынын ойнап көрейік. Бір-бірлеріңе етістік, үстеу тақырыптары бойынша сұрақ түрлерін дайындап, тез арада оған жауап беруге тырысыңдар. Ұпай санын қосып, жеңімпазды өздерің анықтаңдар.
2) Өлеңді оқып шық. Бұл туындының авторын тап. Автордың осы өлеңді шығарудағы мақсаты не деп ойлайсың? Сен үшін жеңіс не деп білесің?


Жеңе алам ба?




      Қарақан басымды емес,

Елімді ойлап,

Ерленіп егескенде кегім қайнап,

Дұшпанды жайпаушы едім оңды-солды,

Жолымда жатушы еді жауым жайрап...

Жолықты ажал мыстан сол алаңда,

Қапыда тағы түстім зобалаңға.

Бұл жолы өзім үшін жұлқысам-ау,



Тойтитып тойымсызды жеңе алам ба?!





3) Төменде берілген фотосуреттер бойынша сөз таптарының түрлерін пайдаланып, өзіңнің туған жерің туралы шыған шығарма жаз.

Павлодар қаласының түнгі көрінісі



25-САБАҚ

ЕЛІКТЕУ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ

63-жаттығу.

Түсінді ме екен?

Төменде орман сарғылт шаш,

Төскейде терең шатқал құз.

Жартастары жалаңаш,

Тау үстінде біз тұрмыз.
Жалынмен жарып көк бұлтты,

Жарқ етті жалқы найзағай.

Бұлқ етіп жерден шаң шықты,

Теңселіп кетті қарағай.


Алжыған бұлттың кәріне

Сылқ-сылқ күлдім баладай,

Бұл күлкімнің мәні не?

Түсінді ме екен қарағай?



Д.Әбілев
Тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқы. 2. Мәтіннен еліктеу сөзді ажырат. 3. Ақын ізімен өлең шығарып көр.
64-жаттығу. Төмендегі еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестіріп, сөйлем құра.

Бұрқ-сарқ ...

Сатыр-сұтыр ...

Қытыр-құтыр ...

Гүрс ...

Тарс ...

Күмп ...

65-жаттығу. Мына еліктеу сөздің қайсысы еліктеуіш, қайсысы бейнелеуіш екенін анықта.

Жарқ-жұрқ, елбең-елбең, жарқ-жұрқ, зу-зу, шатыр-шұтыр, су-су, ыс-ыс, бақ-бақ, күпм, шаңқ, гүр-гүр

66-жаттығу. Еліктеу сөз тақырыбына тест тапсырмаларын құрастыр.

26-27-САБАҚ

ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
67-жаттығу. Мәтіннен одағайды ажыратып, қай түріне жататынын дәлелде. Құсты қалай шақыруға болады? (Өзің құрастырып көр)
Төрт түлік малды шақыру

Пұшайт-пұшайт,

Төрт түлікте момыным,

Жылуы көп тонының,

Келе қойшы тезірек.
Шөре-шөре,

Тастан-тасқа секірген,

Көп жүгірген бетімен,

Тыным таппас шұнағым,

Келе қойшы, лағым,

Шөре-шөре!


Қырау-қырау,

Төрт түлікте сұлуым,

Желбіреген тұлымың,

Сылап-сыйпа тарайын,

Келе қойшы, құлыным,

Қырау-қырау!



Г.Адамбаева
68-жаттығу. Көркем шығармадан одағай сөздері бар сөйлемдерді көшіріп алып, талдау жаса.
69-жаттығу. Салыстыр

Шылау

Ұқсастығы

Одағай









70-жаттығу. Одағай сөздің қазақ тіл біліміндегі орны жайлы шығарма жаз.

71-жаттығу. «Болашақ мамандығым» атты тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырыңдар.

28-САБАҚ

ШЫЛАУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

72-жаттығу

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет