1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет5/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#34134
1   2   3   4   5   6   7   8

Облыстың таңбасы


2011 жылдың 3 қазанының сессияда - облыстың

маслихат депутаттары облыстың тарихында бірінші

логотипты бекітті. Сол конкурс қорытындысында

аймақ мәдениетінің басқармасымен жарияланды.

Ең сәтті үлгімен комиссия Қасымхан Жапанованың

жұмысын мойындады.

Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал таңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес.
19-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп дауыстап оқы. Өлең кімге арналған?

Қабдыкәрімге

Пәк едің таң нұрынан жаралғандай,

Жан күйге сол сәуле боп таралғандай.

Жайсаң ең іш дүниең шексіз сұлу,

Ақ тоты нұрмен қанат таранғандай.


Толқындай көкірегіңде терең сырлар,

Жай басып жайлы ағынмен шырын жырлар,

Мөлдірлік меруерті боп қаламыңнан

Жан күйің тамшылаушы ед өмір құмар.


Туған ең заманыңның ырысында,

Жарқын ед мінезің де, тынысың да,

Сүйкімді бар адамға сымбат-сырың,

Қимас жан едің жердің қуысына.


Хош бол, хош! Аяулы інім, абзал ақын!

Кім білген екендігін ажал жақын?

Ылаж не, дер шағың ед Құлагердей

Алысқа жыр тәңір боп атылатын.

Д.Әбілев
Тапсырма: 1. Сын есімнен туындаған сөздерді теріп жаз. 2.Мәтіннен сын есімдерді тауып, тұлғалық, құрамдық талдау жаса. 3.Естірту, жоқтау мен қоштасулардың ара-жігін ажыратып, түсінік бер. Оқыған көркем шығармадан мысал келтір. 4. Қабдыкәрім мен Құлагерді салыстыр.
8-САБАҚ

СЫН ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

20-жаттығу. 1. Берілген пікірлерді оқып, өз сөзіңмен түсіндір. 2.Сын есімдерді анықтап, морфологиялық талдау жаса. 3. Қасыңдағы досыңның жазған шығармасына (өлеңіне, әңгімесіне, т.б.) пікір жаз.
«Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқақ шебер аудармашы және педагог-ағартушы».

Қ.Мұхамедханов
«Мен Жүсіпбек Аймауытовтай шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін»

Б.Майлин

21-жаттығу

М....ҒА

Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,


Толық шеке сыйпаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,
Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.

Кең біткен, жазық келген ақша маңдай,


Иілген қара сүрме қасы қандай!
Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,
Қараса жанар төгіп жаққан шамдай.

Ақша бет төмпесіндеу, алқызыл түс,


Меруерт көз шағылған тізулі тіс.
Ақ бұғағы аққудың жемсауындай.
Жаратқан жаратылыс тамаша іс.
Маңдайдан тіктеп түскен пісте мұрын,
Оймақтай қызыл сырлы жұқа ерін.
Ақ мамық, қызыл шие, қара нәркес —
Үш түрмен келтіріп түр беттің нұрын.

Жібектей майда қара шашы ұзын,


Түр мен сымбат еріткен жүрек сырын.
Оқу, білім, ақыл мен әсем тұлға
Бірдей келген көрдім мен қазақ қызын.

С.Торайғыров

Тапсырма: 1.Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажырат. 2.Портрет дегеніміз не? 3. Сыныптағы бір оқушыға мінезін аша отырып, портретін дер. 4. Көркем шығармадан портретті теріп жаз.

22-жаттығу. 1.Көркем шығармадан сын есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазып, тұлғалық талдау жаса. 2. Зат есім мен сын есімді салыстырып, венн диаграммасына түсір. 3. Құрамында сын есімдер болатындай қазіргі жыл мезгілін суреттеп жаз. Суреттеу дегенге анықтама бер..

9-САБАҚ

САН ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

23-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, Қ.Ыдырысов жайлы білетініңді әңгімеле.

Ыдырысов Қабдыкәрім
 


Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданында шаруа отбасында туған. Қ.Ыдырысов 1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Қазақ Абай атындағы мемлекеттік институтын бітірген. 1952-1957 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерішісі, 1957-1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, 1965-1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972-1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975-1978 жж. «Жалын» баспасының директоры қызметтерін атқарды.

Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген.

Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», «Үйелмелі-сүйелмелі», «Жасырынбақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Аршында балақай» поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналды. «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын жағалау» т.б. жыр кітаптары туған жерге деген пәк сезімді, совет адамдарының асыл мұратын толғаса, «Армысың, Арабстан» жинағы халықтар достығын жырлайды. «Ойлайық та ойлайық» пьесасы, «Ел жатса да, енекем жатпайды» әңгімелер жинақтары жарық көрді.

Чех жазушысы Ян Деданың «Май күндерінде» повесін, О.Гончардың «Қоңырау» романын, Гарсиа Лорканың «Қасіретті қайыңдар», И.Куприяновтың «Вьетнам жұлдызы» пьесаларын, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, К.Л.Хетагуров, Н.Хикмет, М.Луконин т.б. ақындардың көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударған.



Тапсырма: 1.Мәтіннен сан есімдерді тауып, құрамына қарай талдау жаса. 2.Буын мен тасымал жігі сәйкес келмейтін сөздерді теріп жаз. 3. Дефис қойылуға тиісті сөздерге не себепті дефис қойылмайтындығын дәлелде. Анықтамасын жаз. 4. Ассамблея жайлы шағын шығарма жаз.

24-жаттығу

Ақышев Зейтін (1911-1991)
Ақышев Зейтін 1911 жылы 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор болды. 1955-1960 жылдары республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965-1969 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970-1972 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.

1930 жылдың май айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың оқругтік «Колхоз» газетінде басылды.

Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды.

Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В.Панованың «Кружилиха» романын (1952), А.Куприннің «Жекпе-жек» повесін (1955), Я.Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды.


Тапсырма: 1. Туынды сөздерге морфологиялық талдау жаса. 2.Цифрмен келген сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай талда, қандай сұраққа жауап беретіндігін анықта. 3.Сан есімдерді қатыстырып, өзің білетін ақын-жазушылардың хронологиялық кестесін жаса.
25-жаттығу. 1.Төменде берілген мәтінді оқып шық. 2. «5-ші», «6-шы» сияқты сан есімдердің емлесін түсіндір. 3. Мәтіндегі сан есімдердің құрамдық түрлерін ажырат. 4. Бейбіт заманның батыры кім деп білесің? (эссе жазу)
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет