1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет7/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#34134
1   2   3   4   5   6   7   8

Ақындық бақыты


Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.

М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ-олақ», «Шынықсаң – шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын-зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.



Тапсырма: 1. Бірінші сөйлемге фонетикалық талдау жасау. 2.Мәтінді түсініп оқып, шылаудың түрлеріне талдау жаса. 3.«Айгөлек» балалар журналына байланысты пікірталас ұйымдастыру.


Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов, Шарбану Байзақова (Иса ақынның жары)

73-жаттығу

Исаның Құдайберген ақынмен қақтығысы

Бұрынғы басылымдарда бұл шығарма айтыс деп берілген. Бірақ айтыстың таза белгілері көрінбейді. Бір реттен ғана жауаптасып ақындар сөзін доғарған. Сондықтан бұл сөз қағысу деп есептелуге тиіс. Жалпы, Исаның көп айтысқа қатысқаны белгілі. Алайда олардың мәтіндері не хатқа түспеген, не сақталмаған. Исаның айтысы деп жарияланып жүрген айтыс үлкен айтыстан гөрі жауаптасу, сөз қағысу ретінде ғана көрінеді. Сондықтан бұл бөлімді айтыс деп атағанымыз жоқ. Айтылмыш шығармаға келер болсақ, оның мәтінін С.Бегалин 1946 жылы Исаның өз аузынан жазып алған. Кейін бұл мәтін 1956 жылы «Құралай сұлу» жинағына, содан соң 1983 жылғы екі томдыққа енген.


Тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқып, шылау түріне талдау жасау. 2. Бұрынғы айтыскерлер мен қазіргі айтыскер ақындар жайлы шығарма жазу.

74-жаттығу. Төменде берілген жұмбақтың шешімін тауып, мәтіннен шылаудың түрін ажырат. Жұмбақтың шешіміне фонетикалық талдау жаса. Шылауды қатыстыра отырып, өзің де жұмбақ құрастырып көр.

Жұмбақ

  1. Жуынам деп жеазған-ай,

Күннен күнге азған-ай .

(сабын)


  1. Қалтаңда жатыр, тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар.

(тарақ)


29-САБАҚ

ШЫЛАУ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

75-жаттығу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Антоним сөздерді теріп жаз. 2. Мәтіннен шылау түрлерін ажырат. 3.«Балалық шақ» атты өлең немесе әңгіме жаз.


Балалық күн

Балалык, сенен артық күнім бар ма,


Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?
Балаға тең, көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей.
Жақын-алыс деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім не нәрсе үжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.
Қайғы, қызың не нәрсе, дәмін білмес,
Байлық бақыт дегенді көзіне ілмес.
Жақсы, жаман сөздерің парқын айырып,

Не десең де таңданып, құлақ түрмес.


Шіркін-ай, балалық күн, өтесің-ау,
Артыңа қайырылмай-ақ кетесің-ау.
Жігіттікті кәрілік қуып жетіп,
Ажал-дағы, кешікпей жетесің-ау.
Қызықты, тәтті өмір, бітесің-ау,
Алдынан ажал тосып, күтесің-ау:
Туғанда қызықтаған жаңа жанды,
Тумағандай бір күні етесің-ау.

С.Торайғыров
7

6-жаттығу.
Мәтінді түсініп, мазмұнын айт.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет