«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет14/17
Дата12.10.2022
өлшемі58,01 Kb.
#152735
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
мәтіндер

Қарлығаш пен торғай
Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып қалды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды.Қарлығаштар түгел жиналды. Олар ұядан торғайларды қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды. (33 сөз)
Алғашқы күні
Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты.Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді.
Жаңбыр мен найзағай
Бұлт үстінде жаңбыр рақаттанып ұйықтап жатады. Найзағай жасырынып оған жақын келіп, қатты бақырып жібереді. Осы кезде шырт ұйқысынан оянған жаңбыр жылап қоя береді. Оның көз жас жерге құйылады.Ал адамдар мұны жаңбыр жауды деп ойлайды. Дала мен шабындық жуынып апады. Бидай мен шөптер де жуынады. Бұлт жылауын қойса, жаңбыр да тыйыла қалады. (55 сөз)
Алғыс
Биыл қар қалың түскен еді. Бірақ көктем шығысымен, күн тез жылынды, Қар еріп, сарқырап су аға бастады. Түс мезгілінде, сабақтан қайтқанда өткел іздеп, сай жағалап жүргеніміз.Балалар арнасы тарлау жерден кешіп өтті. Ең соңында кішкентай екі қыз тұрып қалды. Бойшаңдауы оп-оңай секіріп өтті де, қолын созды. Қыздар аман есен өтті. Балалар қуана-қуана үйлеріне жетті.
Менің лағым
Ол - ешкінің төлі. Мен лағыма «Қаңтаркөк» деп ат қойдым. Оған жапырақ, шөп беремін. Өзі сүйкімді, әрі жақсы. Қаңтаркөк деуімнің себебі, ол қаңтардың сегізі күні туды. Лағым өте нәзік болатын. Оған шөп берсем, тіземе мініп, кольмдағы шөпті жеп қояды. Мен оны өте жақсы көремін.
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі далада жортып келе жатып еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді. (65 сөз)
Мақта
Мақта жазда гүлдейді. Күзде мақтаның қауашақтары жарылады. Одан үлпілдеген ақ мақта көрінеді. Мақтаның ашылмаған қауашағын қоза дейді. Мақтадан көп нәрсе жасалады. Одан жіп иіріледі. Жіптен мата тоқылады. Мақтаның шитінен май шығады. Мақга өте бағалы болғандықтан, оны «ақ алтын» деп те атайды. (40 сөз)
Жиренше шешен
Баяғыда Жиренше деген танымал шешен болыпты. Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып, хан шақырып алады. Оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтырмапты. Елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрмапты.Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. (44 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет