«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет13/17
Дата12.10.2022
өлшемі58,01 Kb.
#152735
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
мәтіндер

Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың, ағаштардың,таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Алматы апорты.
Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді.Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Түнгі шайқас.
Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Еділбай қойы.
Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.Қойларының денесі кішкентай, жүні аз, еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды. Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет