1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет5/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Молекулярка
сұрактар тізімі, Жатырдан тыс жүктілік
Плазмалық жарғақша жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан тұрады.
Цитоплазма - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі.
Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды.
Хромосома - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.
4-сұрақ: Прокариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі.
Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады олар микрооргонизмдердің энергетикалық процестерінде қатысады. Мысалы көк – жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофил болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кей бір микрооргонизмдерде мембрана құрылымдары аэроботты тыныс алу процестеріне қатысады.
Прокариоттарға бактериялар мен көк жасыл балдырлар(цианобактериялар) жатады. Бактериялар микроскопиялық организмдер, яғни, біржасушалы. Көптеген бактериялар талшығымен қозғалады.
Прокариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы.

  • Көлемдері кіші (0,5-3мкн);

  • Жекелеген ядросы болмайды;

  • ДНҚ түріндегі генетикалық материал цитоплазмадан қабық арқылы шектелмеген. Гистон нәруызы болмайтын жалғыз сақиналы хромосомадан тұрады. ДНҚның кішігірім молекулалары плазмидалар, олар геномды хромосомалардан бөлек,дербес репликациялануға қабілетті.

  • Жасуша орталығы болмайды.

  • Мембрана жүйесі дамымаған;

  • Органоидтар болмайды, тек нәруыз синтезін жүргізетін рибосомалар болады(бір жасушаға 10000);

  • Гистон нәруызы болмайтын жалғыз сақиналы хромосомадан тұрады. ДНҚның кішігірім молекулалары плазмидалар, олар геномды хромосомалардан бөлек,дербес репликациялануға қабілетті.

  • Жасушаның бетінде қорғаныс қызметін атқаратын тығыз жасушалық қабырға орналасады. Ол арқылы су, орг заттардың молекулалары, тұздар өтетін каркас болып табылады. Тіректік каркасы гликопептид муреин.

Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер.
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды ХVII ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаған – Антони ван Левенгук байқаған.XIX ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әртүрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет