1-тапсырма. Жүгіру техникасының негіздерін жазып көрсетіңіз



Дата04.01.2022
өлшемі350,05 Kb.
#109471
Байланысты:
Жеңіл атлетика-Манасова.М.М
Отбасы - бақыт мекені Тәрбие сағаты, Биология 9-СЫНЫП 2-тоқсан ӨЗІМНІҢ

Манасова Маржан Манасқызы

26.03.2021жыл



Жеңіл атлетика.Мәре сызығына барынша жылдамдықпен жүгіріп өту.

1-тапсырма. Жүгіру техникасының негіздерін жазып көрсетіңіз

Жүгіру техникасының негіздері.

Жеңіл атлетикалық жүгірудің түрлері бірнеше түрге бөлінеді:

  • қысқа қашықтыққа жүгіру;

  • орта және алыс қашықтыққа жүгіру;

  • өте ұзақ қашықтыққа;

  • марафон жүгіру;

  • эстафеталық жүгіру;

  • кедергілермен жүгіру;

  • бөгетпен жүгіру (стипл-чез).

Жеңіл атлетика – ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетика түрлерін адам пайда болғаннан бері бар деседе болады. Адам өмірі тез жүгіре білу, әр түрлі кедергіден секіре, дәл және тура лақтыра алу, дәл тигізе алуға байланысты болды. Репозиторий КарГУ 24 Ежелгі грек аңыздарына тоқталатын болсақ, бірінші сайысты Геракл Авигем патшаны жеңген кезде ұйымдастырды. Тәртіп бойынша, Геракл сөре басталатын жерді белгілеп, 600 қадам өлшеді, ол жер мәре деп аталды. Бұл қашықтық стадионның ұзындығы болды, стадиа деп аталды (192,27м). Ежелгі ең алғашқы олимпиадалық ойындар, әлі күнге дейін сақталған, сол заманғы жазбалар бойынша, біздің заманымызға дейінгі 776 жылдарға сай келеді. Басқа деректерге сүйенетін болсақ, Олимпиада ойындары біздің заманымызға дейінгі 1580 жылдары өткізілген. Осы мәлімет ең атақты атлет Поплиоса Асклепидесаның жазбаларында көрсетілген. Соңғы жүгіру сайысы бойынша екі стадиаға жүгіру ережеде болған, ал, біздің заманымызға дейінгі 720 жылдары алыс қашықтыққа жүгіру ережесі қосылған (24 стадиа -4614,5м). Эстафеталық жүгірісте ежелгі сайыстардың біріне жатады. Египеттіктер өздеріне қуғыншы болып қызмет атқаратын желаяқтарды жалдаған. Ал гректерде «лампадериомас» немесе отпен эстафеталық жүгіру әйгілі болған. Топ құрамында 40 қатысушы болған. Қазіргі заманғы жеңіл атлетиканың дамуы Жерорта теңізінен емес, Британ аралдарынан бастау алып отыр. ХІІ ғасырда Лондондықтардың жеңіл атлетикалық жарыс ұйымдастырғаны бар. Ондай жарыстар, әдетте, ипподромдарда немесе қалааралық үлкен жолдарда өткен. 1770 жылы сағаттық жүгірудің алғашқы нәтижесі белгілі болды - І7км 300м. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Англияда жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында жиі-жиі жарыс өткізіліп тұрды.

1.Маңызды бастау және аяқтарыңызды жолға қою маңызды, сондықтан қашықтыққа жүгіру кезінде аяқты орнату маңызды. Жерге алдымен аяқтың алдыңғы бөлігін қойыңыз, одан кейін сыртқа шығып, содан кейін бүкіл бетті айналдырыңыз. Бұл жақсы жүгіру жылдамдығын сақтай алу үшін маңызды.

2.Аяқталатын табан міндетті түрде тікелей болуы керек.

3.Денені тігінен ұстап тұруға тырысу керек, себебі алға қарай қисайған кезде аяқтардың тиімділігі төмендейді.

4.Басына назар аударыңыз, оны төмендетпеу керек. Ол сізді алдымен қарап, тікелей ұсталуы керек.

5.Еңбексiз жұмыс iстейтiн қолдарға назар аудару өте маңызды. Бұрыштың бұралу бұрышы үлкен болмауы керек. Қол артқы жағына қарай жылжығанда, тек локтен ғана емес, сонымен қатар қолдың сыртқы жағын да алып тастау керек. Қолыңыз алға қарай жылжып кеткенде, оны ішіндегі щетканы айналдыра отырып, дененің ортасына бағыттаңыз. Қолдардың жоғары болуы қадамдардың жиілігін арттыруға көмектеседі, бұл қозғалыс жылдамдығына тікелей байланысты.

2-тапсырма. Қысқа қашықтықтың түрлерін көрсетіңіз?

-60м;-100;-200;

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:

  • Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;

  • «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;

  • Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;

  • Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;

«Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір жарым табан санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итеілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады



«Дайындал» деген бұйрықта аяқтар жартылай жазылып, денені алға қарай ұсындырамыз.



«Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп, 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.



Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшфна қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.

«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет