1. Тыңдалым дағдысының мақсаты мен тапсырма түрлері


Айтылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі



бет3/11
Дата16.02.2022
өлшемі43,48 Kb.
#132065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-10
Мухамеджанов Дарижан МФ-21к(1), ктп садик
2.Айтылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі
Айтылым — адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік карым-катынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Айтылым, яғни, сөйлеу негізінен, бір адамға ғана тән болғанымен, тілдік катынаста екі жакты байланыстын болуын қажет етеді. Айтылым дағдысын қалыптастырудың басты мақсаты — сөзді дұрыс айта білудің заңдылыктарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші-ғалым Р.Сыздыкованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл үйренушіге де, окытушыға да пайдалы: «Тілдік нормалар: сөздік саласында /лексикасында/, грамматикасында, дыбыстық жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт.
Айтылым дағдысы бойынша:
*белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
*өз көзқарасын дәлелдеу;
*шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
*зерттеушілік (анализ, синтез);
*ақпаратты өңдеу дағдылары.
Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Пирамидалық талқылау» белсенді оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
«Жасырын сурет» белсенді оқытуы айтылым дағдысын қалыптастыруға әсер етеді. Топтардан бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. Топ мүшелеріне көрген суретін сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Көрген суретін топ жандандыруға тырысады. Суреттер тақырыпқа сай болуы керек. Оқушыда топ үшін жауапкершілік пайда болады және бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады.
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлесу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сынып оқушыларын түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйретеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші әдіс. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет