1. Тыңдалым дағдысының мақсаты мен тапсырма түрлері


Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер-тәсілдер



бет8/11
Дата16.02.2022
өлшемі43,48 Kb.
#132065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-10
Мухамеджанов Дарижан МФ-21к(1), ктп садик
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер-тәсілдер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.
Әңгімелесу әдісі білімді жинақтауға оқушылардың теориялық білімдерін қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қойылады.
Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет