1. Тыңдалым дағдысының мақсаты мен тапсырма түрлері


Оқылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі



бет5/11
Дата16.02.2022
өлшемі43,48 Kb.
#132065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-10
Мухамеджанов Дарижан МФ-21к(1), ктп садик
4.Оқылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі
Оқылым дегеніміз – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасын, мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және оқудан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.
Оқылымның дағдысының мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдау және түсіне білу. Оқылым кезінде тіл үйренуші қажетті ақпаратпен танысып, оны өзінің тәжірбиесі негізінде түсінеді. Оқылым арқылы тіл үйренушінің танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамиды. Оқылым біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты. Екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқанда ғана оқылған материалдардан керек ақпараттар жинақталып алынып, тіл үйренушінің қажетіне жарайды. Оқылым арқылы тіл үйренушінің танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамиды. Оқылым механизмдерін пайдалана отырып, мәтіндегі өзіне қажетті ақпаратты алатын болады.
Тілді үйрету үдерісінде оқылымның бірнеше түрі анықталған. Ғалым Ф. Оразбаева еңбектерінде оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым сияқты түрлерін жіктеп көрсетеді. Мақсатына қарай оқылым көз жүгіртіп қарап шығу, танысып оқу деген экстенсивті түрлерімен қатар, интенсивті зерттей оқу, ізденіп оқу деген түрлері бар.

  • Интенсивті оқылым – белгілі мақсатта берілген тапсырманы орындау үшін арнайы оқу. Ол мәтіндегі сөйлемдердің қолданылуын, грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқылады. Мысалы, құжаттарды талдап түсіну.

  • Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) өз еркімен оқу.

  • Рефлектив оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқу.

  • Рецептивті оқу – пысықталған, өңделеген ақпаратты оқу, берілген дайын ақпаратты оқып түсіну.

  • Көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы мағынасын, идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

  • Ақпаратты табу үшін оқу – мәтін ішіндегі нақты ақпаратты іздеп оқу.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет