1. Тыңдалым дағдысының мақсаты мен тапсырма түрлері


«Қазақ тілі» пәнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгеру талаптары



бет9/11
Дата16.02.2022
өлшемі43,48 Kb.
#132065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-10
Мухамеджанов Дарижан МФ-21к(1), ктп садик
7.«Қазақ тілі» пәнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгеру талаптары
Функционалдық сауаттылықты дамыту- заман талабы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012- жылғы 27- қаңтардағы “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды үкімет алдында нақты міндет етіп қойды. “Қазақстан- 2050″Стратегиясы: Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз. Бүгінгі таңда адамдардың қарапайым сауаттылығы жеткіліксіз екені айқын. Балалардың жалпы алғанда өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына көп көңіл бөлу қажет. Бұл балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуі үшін маңызды”,- деп атап өткен болатын. Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.
«Қазақ тілі» пәнінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, шығармашылық қабілеттері мен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетімен туралы білім алады. Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады. Ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалануға да үйретуіміз қажет.
Балаларды жай оқытып қана қоймай, тиянақты оқыту керек, оқырман болуға үйрету керек. Бала бойындағы сауатсыздық, жалқаулық, ұқыпсыздық, немқұрайлылық, сабаққа, айтылып жатқан сөзге зейін қоймау, берілген тапсырманың мәнісіне мән бермеу сияқты әрекеттердің олардың бойында мектепке келген күннен-ақ басталатынын ғалымдар анықтап отыр. Сондықтан бала мектеп табалдырығынан аттаған күннен бастап мұғалім олармен функционалдық сауаттылықты қолға алып, дамытуы керек.
8. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту методикасы –мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы. Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ,лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы.Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтқанда, фонетика , морфология,синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сөздің лексикалық,, грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді. Демек, лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді.Тура және ауыспалы мағналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сөздерді айыра білуге содықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А.Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.
1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгешеліктер, негізінен, мынадай бағытты көздеді: біріншіден, бағдарламаға "Лексика” бөлімі енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сөздікпен жұмыс істеу болмайтын, оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін. Тек мағыналық ұғымдар (сөз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондықтан бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді. Бұл материал тек "Сөз құрамы” деген атпен жол-жөнекей ғана өтілетін. Демек, оқушының тілін дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін жетілдіруде болсын сөз тудыру, оның жасалуы жөнінен мәлімет берудің қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сөз тудыру мәселесі лексика, грамматика, орфография тарауларын оқытуда негізгі мәселелердің бірі деп саналып, бағдарламаға "Сөздің жасалу жолы” тақырыбы қосылды.
Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу - ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу; -синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу; -синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу; - сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет