1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып



Дата08.02.2022
өлшемі24,72 Kb.
#119942
Байланысты:
БЖБ 6 сынып МАТЕМАТИКА
Мультимедиалық технологиялар әлемі, 7.2, 11 класс КСП 1четверть

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.
Оқу мақсаты 6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару
6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану.
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады
• Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады
• Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады
• Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады
Ойлау дағдыларыңың деңгейі
Қолдану Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут


Тапсырма 1. 3,6:8,1 = 8:18 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз. [2]
2. Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді? [3]

3. Арба дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14. [3]



4. Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз. [4]





Бағалау критерийі



Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады.

1

екі пропорция құрастырады

1

төрт пропорция құрастырады

1

Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады.

2

шамалардың тәуелділігін ажыратады

1

шарты бойынша пропорция құрады

1

шартқа сәйкес есептің жауабын табады

1

Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады.

3

шеңбер ұзындығының формуласын қолданады

1

дөңгелектің ұзындығын табады

1

арақашықты табады

1

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады.

4

пропорция құрады

1

басқа өлшем бірлігіне ауысады

1

арақашықтықты табады

1

масштабты табады

1

Жалпы балл:

12


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет