1-тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1 Тыңдалым мен айтылым


-мәтін. Наурыз - жыл басы



бет10/17
Дата21.09.2022
өлшемі83,41 Kb.
#150236
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
БЖБ 6-сынып барлыгы

2-мәтін. Наурыз - жыл басы
Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп.
«Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады. Жалпы «Самарқанның көк тасы еріген күн» қазақ даласы үшін құт-берекенің басы. Қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас-тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол – қамқорлықтың, мейірімнің айы болған Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойдыру еді.
Балл қою кестесі
Тыңдалым мен айтылым

Балл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет