1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Діни ахуалдың тұрақтылығы – еліміздегі ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлік пен татулықтың және бейбітшіліктің кепілі



бет105/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
Діни ахуалдың тұрақтылығы – еліміздегі ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлік пен татулықтың және бейбітшіліктің кепілі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы Жарлығына сәйкес ҚР Дін істері агенттігі (қазіргі Дін істері комитеті) құрылды. Агенттік азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау; елімізде азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтары және діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үрдістерді жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жалпы қорытынды және талдау жасау, сонымен қатар еліміздің діни ахуалын тұрақтандыру мақсатындағы қызметтері мен міндеттерін атқаруда.
Конфессия тұрғысынан алғанда Қазақстан басым халқы мұсылмандар тұратын ел.Біріккен ұлтар ұйымының деректері бойынша дүниежүзінде мұсылмандардың саны 1миллиард 757 миллионға жеткен.Планетадағы әрбір төртінші адам ислам дінін ұстанады.Қазақстанда 1990жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылды.Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел мұсылмандары үшін дәстүрлі діни сүннет құндылықтарын уағыздайды ал құқық мәселесінде ханафит мазхабын ұсынады.
Қазіргі таңда мемлекеттің діни ұйымдар мен қарым қатынастырын діндер және азаматтық қоғам істері реттейді.Діндер және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрліктің орталық атқарушы органы 2016жылы 13 қыркүйекте президент жарлығымен құрылды.
Ішкі тұрақтылығы бекем Қазақстан қазіргі әлемдік дамудың күрделі,қарама-қайшылыққа толы,іргелі мәселелерін шешудің аса маңызды әдісі ретінде өркениеттер үнқатысуын ұйымдастыру үшін үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізіп отыруды дәстүрге айналдырды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.
І Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімінде бекітілді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.
Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.
Екінші съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысты. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет