1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет114/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
Сыртқы саясат бұл  - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бүрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мүхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жэне АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асы­рылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты жэне болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі — көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Тәуелсізді алғалы Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40- тан астам дипломатиялық жэне консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жэне үлтаралық үйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын жэне ipi көрші мемлекеттер — солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық жэне өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27- сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан эрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мэңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу жэне Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан эрі жетілдіре түсуге жете мэн берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынса 2003 жыл — Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті.


Тэуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем­лекет — Қытай Халық Республикасымен тату көршілік жэне достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мүхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Ре­спубликасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жол­дарын ашудың сәті түсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан жэне Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мүнай қүбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жүмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды.
1998—1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қы тай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті.Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі ба­рысында 5 қүжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы "ҚазақстанРеспубликасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық жэне ынтымақтастық туралы шарт" болып та­былады.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мем­лекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мем­лекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Ко­рея сияқты жэне басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари­хи жэне мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы қүрылды. Оған Қазақстан , Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. 4- ші мемле­кет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары — Премьер-министрлер кеңесі жэне олардың түрақты органы—Атқару комитеті қүрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет