1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жылы 20 ақпан да өз жұмысын бастады



бет7/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жылы 20 ақпан да өз жұмысын бастады. Дума 103 күн жұмыс істеді. ІІ Мемлекеттік Думаға 14 депутат сайланса оның ішінде 6 уы қазақ халқының өкілдері болды.Олар Ақмола облысынан молда Шәймерден Қосшығұлов,Семейден би Темірғали Нұрекенов, Оралдан Бақытжан Қаратаев, Торғайдан Бірімжанов, Жетісудан инженер Тынышбаев, Сырдариядан Аллабергенов сайланды. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған аграрлық мәселе және қоныс аудару мәселесі болды. ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жылы 16 мамырдағы отырысында заңгер Бақытжан Қаратаев Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз,ауыртпалық болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Бірінші орыс революцияы қатаңдықпен басылып тасталғаннан кейін 1907 жылы 3 маусымда реакцияшыл сайлау заңы шықты.Ендігі жерде бұратана ұлттар соның ішінде қазақтар сайлау құқығынан айырылды. 1907-1917 жылдар аралығында өткен III-IV Мемлекеттік думаларға қазақ қоғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зияларының орыс парламентіне артқан үміттері ақталмады.Ұлт зиялылары Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатыса жүріп саяси тәжірибе жинады және көздеген мұратқа жету үшін ауыр ұзақ жолдан өту қажеттілігін түсінді.



  1. Қазақ баспасөзінің қалыптасуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы).

Ұлттық зиялы қауымның түрлі идеялық-саяси ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті болды.
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы – Мұхамеджан Сералин . Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл журналда Ж.Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және басқада қызметтестер болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық қатынастар, ағарту және білім беру, ақша-тауарлық қатынастарының даму мәселелері ашылып, патша үкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді. «Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе болды. «Айқап» беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың даму мәселелеріне, мал шаруашылығының қарқындылық мәселелеріне, қазақ шаруашылығының нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше орын бөлінген. 1913 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал - демократиялық бағыттағы идеяларды бейнеледі.Газет редакторы Ахмет Байтұрсынов болды. Бұл газетте Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов қызметтес болған. Басты аграрлық мәселені шешу, жерді қазақтар меншігіне беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. «Қазақ» газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының рөлі туралы, мал шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс туралы мақалалар жазылды. Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы көзқарастарының әр түрлімгіне қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет