1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі



Дата26.01.2022
өлшемі19,08 Kb.
#114914
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Маханбетова Ж
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)


7М01301- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға ұсынылған Маханбетова Жасма Шегебаевнаның «Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы» тақырыбындағы магистрлік диссертацияға

РЕЦЕНЗИЯ
1.Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және ҚР «Білім туралы» Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылым мен білім, тәрбие беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде.

Осы орайда еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ата – ана ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілікті күшейтуге тиіспіз» - деген болатын. Жаңа заманның озық ойлы, терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру психолог мамандарының басты міндеті.

Психология ғылымының кез – келген мәселесі ішкі жан дүниенің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасып отырады.

Осындай мәселенің байыбын барлап, оның себеп салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде тұлғаның темперамент типтерінің қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері де мүмкін. Мұндай жағдай қоғам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман тұлғаларында ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз темпераменттің туындауына кері әсер етуі мүмкін. Темперамент типтері адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізгі түрлері осының барлығы темперамент типтері арқылы дамып, жетіліп, жүзеге асады.

2. Магистрлік диссертацияның талаптарына сәйкес ғылыми нәтижелері.


  • Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық, эмпирикалық; әлеументтанулық; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделек, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, әдістері қолданылды.


3.Диссертацияда тұжырымдалған магистранттың әрбір ғылыми нәтижелерінің (ғылыми ережелерінің), қорытындыларының және түйіннің нақтылығы және негіздеу дәрежесі.

Диссертацияны талдау нәтижесінде жүргізілген зерттеу нәтижелері диссертантпен толық қаралған зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен ресми қорғауға шығарылатын негізгі ой желісі еш күмән келтірмейді.

Алынған нәтижелердің айқындылығы мен дәлелдігін растау үшін нақты материалдар түрінде көрініс табады. Жоғарыда аталған нәтижелердің сенімді және дәлелді ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Қорытынды, тұжырымдамалар мен тәжірибелік нұсқаулар диссертация мазмұнынан құралған.

4.Диссертацияда тұжырымдалған магистранттың әрбір ғылыми нәтижелерінің (ғылыми ережелерінің), қорытындыларының және түйіннің жаңашылдық дәрежесі.

Жалпы бастауыш білім беру жүйесіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне қойылатын Республикамыздың ресми құжаттарының талаптары мен жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі педагогикалық теориясымен тәжірибесіндегі деректерге сүйене отырып, зерттеуші тұрғысынан бұл мәселенің шешілуі жөніндегі ықпалдастырылып алынған – “қоршаған ортасына шапағаты мол, жан-жақ жетілген, дене мен эмоциялық тұрғыдан дамыған, адамгершілігі мол, жүйелі ойлай білетін тұлғаны қалыптастыру” ұстанымы, тұлғаның, ғылыми-білім жүйесін өрістетуде, қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орнының дәлелденуі зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығы болып табылады.


5.Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау.

Маханбетова Жасманың диссертациялық жұмысы зерттеу алдына қойылған мақсатқа, міндеттерге қол жеткізуден туындайтын ішкі өзара үйлесімділікпен сипатталады. Қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелер мен қорытындылар тәнік қолданылған әдістердің нәтижесі болып саналады. Алынған нәтижелер үйлесімді дәлелденген, алға қойылған міндеттерге сай келеді.

Қорғауға шығарылатын қорытындылар мен негізгі нәтижелер, тәжірибелік нұсқаулар заңды түрде жұмыстың мазмұнынан шығады.

6.Диссертациядағы негізгі еріжелердің қорытындылардың және түйіннің жеткілікті толық дәрежеде мақалаларда жариялануын растау.

Магистрлік диссертация материалдары бойынша 1 ғылыми мақала ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінде жарық көрді.



7. Диссертация мазмұны мен безендірілуі бойынша кемшіліктер.

Диссертациялық жұмыстың сапасының дәрежесі жеткілікті деңгейдегі орындалуымен қатар, мынадай кемшіліктерін көрсетуге болады:

- диссертациядағы мәліметтерді көрнекті түрде келтіру мақсатында диаграммалы және графикалық тәсілдердің мүмкіншіліктері толық пайдаланылмаған;

Дегенмен, жоғарыда белгіленген кемшіліктер ізденушінің зерттеуінің әдістемелік және қолданбалы тұрғыдан алғандағы жетістіктерін, олар жұмыстың мазмұны мен сапасын төмендетпейді.



8.Диссертацияға қойылатын талаптарға сәйкестілігі.

Маханбетова Жасманың магистрлік диссертациясы түсінікті ғылыми тілде жазылған, ғылыми-зерттеу нәтижесі шынайы, оң деп бағалануға лайықты, сонымен қатар ғылыми жіктелген жұмыс ретінде, зерттеуді өзі ойластырып жүргізгені айқындалады, 7М01301- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академилық дәрежесінеқойылатын барлық ғылыми критерилерге және талаптарға сай.



9. Қорытынды.

Магистрлік диссертация толық аяқталған ғылыми-зерттеу еңбек болып табылады, ал оның авторы Маханбетова Жасма 7М01301- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға лайықты.

Рецензент:

Шымкент университеті



________________п.ғ.к., аға оқытушы А.Т. Утебаева

«____ » __________202__ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет