10- практикалық жұмыс Орындаған


Нитроқосылыстардың таутомериясы



бет6/7
Дата15.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#111912
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 ТАП Абдухамитова А
1 тест тап Әбдіхамит а, 10 ТАП Әбдіхамит А, 12345, karta-ocenki-OPR.docx, Zhubanysh, Биофиз жансүйер сроп10
Нитроқосылыстардың таутомериясы.


Нитроқосылыстар — молекуласындағы сутек атомы нитротопқа (-NО2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Нитроқосылыстарды азот қышқылындағы HО-NО2 гидроксил тобының орнын алкил немесе арил басқан қосылыстар деп қарастыруға да болады.





Нитротоптың санына байланысты нитроқосылыстар — мононитро-, динитро- және полинитроқосылыстар болып бөлінеді. Нитротоп байланысқан көміртек атомына байланысты нитроқосылыстар біріншілік (а), екіншілік (ә), үшіншілік (б) және ароматты (в) болып бөлінеді:






Нитроқосылыстарды тотықсыздандыру.

Ннтроқосылыстардың химиялық қасиеті, ондағы нитро топтағы бес валентті азоттың табиғи ерекшелігіне байланысты. Нитроқосылыстардың классикалық формуласы төмендегідей өрнектеледі:


Тотықсыздандырғыш ретінде Зинин- алғашқы кезде күкіртті сутекті алған. Қазір оны қолданбайды. Дегенмен, ароматты сақинада бірнеше нитро топ болып, олардың тек біреуін ғана аминге айналдыру керек болса, әлі де болса, сол күкіртті сутекті және оның тұздарын пайдаланады. Егер екі нитро тобы бар, мысалы, м-динитробензолға, біреуіне ғана жететіндей, яғни мөлшері есептеулі Н2 жіберсе, тек бір ғана амин топ пайда болады:




Күкіртті сутек артық болса, екінші нитро топ тотықсызданады.

Алифатты аминдерді де жоғарыда келтірілген әдіс арқылы синтездеуге болады. Бірақ оларды басқаша алу тиімдірек.

Нитробензолды бейтарап (нейтрал) ортада, айталық мырыш және хлорлы аммонийдің қатысуымен тотықсыздандырса, аминді қосылыс түзілмей, фенилгидроксиламин шығады:







Егер іштробеизолды сілтілік ортада тотықсыздандыра бастаса, ондайда пайда болған аралық бөлшектер еселену, яғни димерлену реакциясына түседі:


Егер аса жұмсақ тотықсыздандырғыш глюкозаны мырыштың есептеулі мөлшерімен ауыстырса, онда азобензол шығады:




Бұл реакциялардағы мырыш мөлшері артық болса, әуелі азобензол, сосын ол онан әрі сутектеніп, бояу синтезі үшін қажетті шикізат — гидроазобензол түзіледі:




Жоғарыда келтірілген реакциялардан басқа, нитроқосылыстар қатарында орынбасу реакциясы бар.




Алифатты нитроқосылыстарға күшті қышқыл әсер етсе, олар карбон қышқылдарына түрленеді:

Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстарға сұйытылған қышқылдармен қалыпты жағдайда әсер етсе, онда қайта топтаспайақ, оксоқосылыстар түзіледі:



Мұндайда біріншілік нитроқосылыс альдегид, ал екіншілік кетон түзеді. Бұл реакция нитроқосылыстарды бір-бірінен айыра білу үшін қажет.

Ал үшіншілік нитроқосылыстар, мысалы, 2-питро-2-метил пропанды алсақ, ол сілті мен қышқыл әсеріне төзімді, ешбір өзгеріссіз қалады:



Ароматты қатардағы нитроқосылыстар оларға нуклеофилді реагенттер әсер еткенде, орынбасу реакцияларына түседі. Бұған, әсіресе, бір-біріне арақатынасы орто-немесе, пара-жағдайдағы топтары бар қосылыстар бейімдеу. Мысалы, орто-динитробензол сілті ерітіндісімен қайнатылса, ол opтo-нитрофенолға айналады:







Ароматты аминдер де аммиактің туындылары деп қаралады. Амин тобы бензол сақинасында не бүйректегі тізбекте болады. Ароматты аминдер де біріншілік, екіншілік, үшіншілік болады. Аминдерде алифатты және ароматты радикалдар да болады. Біріншілік ароматты аминдердің жалпы формуласы АгNН2, мысалы, анилин (фениламин не бензенамин) С6Н5NН2, СН3С6Н4NН2 о- , м- , n- аминтолуолдар (толуенаминдер не толуидиндер).
Ароматты аминдер


1. Ароматты қатардың галогентуындыларынан және аммиактан алады:



І. Біріншілік ароматты аминдерді нитроқосылыстарды тотықсыздандырып алады (Зинин реакциясы)

(тотықсыздандырғыш (Н2) алу үшін темір мен тұз қышқылын не күкірт қышқылын; қалайы мен тұз қышқылын алады).


Алу әдістері


2. Гофман реакциясы арқылы қышқылдардың амидтері арқылы алады:
С6Н5 – СОNH2 + NаОВr — С6Н5 – NH2 + СО2 + NаВr





ІІ. Екіншілік аминдер, жалпы формуласы Аr2NН, ArNHR мысалы, дифениламин (С6Н5)2NH, метилфениламин (метиланилин) С6Н5NHСН3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет