10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»



бет2/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#22689
1   2   3   4

10-сынып Мектеп құраушысы Химия


ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлумат беру

ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

 Сабақ құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, тірек кестесі,молекулалар модельдері, жауап парақтары. 



Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру

 II. «Ой шақыру» кезеңі: сұрақтар қою арқылы және тірек–сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру:



А. «Cен білесіңбе?»

оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, дұрыс жауап үшін матрицада 1 ұпай қосылады

1 нұсқа сұрақтары:

Заттар қандай бөлшектерден құралған?

Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай?

Химиялық элемент дегеніміз не?

Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

2 нұсқа сұрақтары:

Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер.

Индекс, коэффициент дегеніміз не?

Химиялық реакция дегеніміз не?

 Ә. «Химиялық диктант» тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар: магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт.

2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар: Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C

 Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген



1 нұсқа: Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S

2 нұсқа: марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек

         Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.



Ұғыну кезеңі

Валенттілік туралы түсінік

- Осы мезгілге дейін, біз оқулықта берілген заттардың дайын формулаларымен қолданып келдік. Химиялық формуланы қосылыстардың құрамына негізделе отырып құрастыруға болады. Негізінде, көп жағдайда, элементтер бір-бірімен қосылыс түзгенде арнайы заңдылықтарға бағынады.



Тапсырма: HCl , H2O, NH3, CH4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

1. Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар?

Оқушылардың жауаптары- Құрамында сутек атомдары бар.

2. Молекулалардың айырмашылығы неде?

Оқушылардың жауаптары:

- HCl – Бір хлор атомы мен бір сутек атомынан құралған

- H2O – Бір оттек атомы мен екі сутек атомынан құралған

- NH3 – Бір азот атомы мен үш сутек атомынан құралған

- CH4–Бір көміртек атомы мен төрт сутек атомынан құралған



Cабақты қорытындылау

1.Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу:



Біз сабақ барысында қандай мәселені шештік?

Қандай қорытындыға келдік?

Валенттілік ұғымына анықтама беріңдер.

Сутек атомының валенттілігі неге тең? Оттегінің валенттілігі?

2.Матрица және жауап парақтары бойынша оқушылардың білімін бағалау.

3. Үйге тапсырма:

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Күні    Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Зат массасының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып, қарапайым мысалдар арқылы ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар. Темір, күкірт, мыс ұнтақтары, спиртшам, сынауықтар, тұрғы, зертханалық таразы.

Тірек, білім мен біліктер: Құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңын дұрыс түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатымен оқушыларды жаңа ұғымды қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушыларға көп сұрақтар қойылады.

Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?

Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өзара пікір алысуына көмектесе отырып, жаңа материалды қабылдауға қажетті ұғымдарды естеріне түсіру.

а)  Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;

ә)  Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.

б) Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін. Сабақ мақсатымен таныстырамын.



1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?   

             Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық  қағидасына  сай  7  г  темір, 4  г  күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция  аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға  тең  болады. (КК)  Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.

   Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді.  Неге?

Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық  реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.



Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .

Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.

Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция  нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.

Үшіншіден, бұл  заң химиялық  реакция  теңдеуін  жазуға, сол  теңдеу  көмегімен  есептеу лер  жүргізуге  мүмкіндік  туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы  белгілі  болса  реакцияға  түскен  басқа  заттардың  не түзілген заттардың  массасын есептеп шығаруға болады.

Тексерілді:



Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



Каталог: uploads -> doc -> 12f4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f4 -> Сабақ (химия + Бейнелеу өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"
12f4 -> Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық»
12f4 -> Технологиялық карта Білім беру сапасы: Қатынас
12f4 -> Сабақтыңтақырыбы : Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Мақсаты : Оқушылардыңбілімінарттыраотырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет